ТҮРКИЯ ЕЛІНДЕ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ ТУРИЗМІ НАСИХАТТАЛЫП ЖАТЫР — Төрттаған
Воскресенье, 26 октября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ТҮРКИЯ ЕЛІНДЕ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ ТУРИЗМІ НАСИХАТТАЛЫП ЖАТЫР

08.11.2023
Қоғам
0
ТҮРКИЯ ЕЛІНДЕ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ ТУРИЗМІ НАСИХАТТАЛЫП ЖАТЫР

READ ALSO

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

Түркістан облысының делегациясы туризм саласы бойынша жетекші елдердің бірі Түркияда өңірдің туристік әлеуетін таныстырып, тәжірибе алмасуда. Road show форматындағы кездесулерді Ыстамбұл, Кайсері және Конья қалаларында ұйымдастыру жоспарланған.
Туристерді тарту мақсатында өтіп жатқан ақпараттық турда Түркістан өлкесінің тарихи-мәдени орындары, көрікті жерлері мен табиғаты жарнамаланды. Баршаға белгілі, Түркістан халықаралық әуежайынан Ыстамбұл бағытына тұрақты рейстер қатынайды. Сондықтан қос ел арасындағы іскерлік және достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту қажет.
Түркістандық делегация құрамында облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Әділ Қонысбеков, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС-нің бас директоры Серік Сандыбаев, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Әлеуметтік даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-ректоры Жақсылық Акимов, «Керуен сарай» мен «Top Tobe Grand Hall» кешендері, «Rixos Turkistan» және «Hampton By Hilton Turkistan» қонақ үйі мен туристік агенттік өкілдері бар.
Сапар ең әуелі Кайсері қаласының туристік бизнес және туристік агенттіктердің өкілдерімен кездесуден басталды. Кездесу барысында Түркістан облысымен бірлесе отырып туристік маршруттар әзірлеу жайы талқыланды. Атап айтқанда, «Ashab Turizm», «Küçük Turizmci», «Seruven», «Nero», «TatilciX», «Gezersoy», «Wyndham Grand Kayseri», «Germeya Travel», «Novotel», «Kayseri Erciyes», «Jolly» туристік агенттік жетекшілеріне жан-жақты мәлімет ұсынылды. Арнайы бейнероликтер көрсетіліп, үнпарақтар таратылды. «ERCIYES UNIVERSITY» университетінің басшылығы мен Түркістан қаласында орналасқан Халықаралық туризм және меймандостық университетінің өкілі өзара пікір алмасты. Екі тарап туризм саласында білім беру бағыты бойынша бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.
Осы мақсаттағы іссапар Кония қаласының «Necmettin Erbakan» туризм бағытындағы университетінде жалғасты. Екі жоғары оқу орны арасында байланыс орнату, тәжірибе бөлісу, білікті мамандарды дайындау тұрғысынан келіссөздер жасалды. Аталған универсиеттің проректоры, профессор Әли Қаһраман бауырлас елдердің білім-ғылым алмасу бастамасын қуана қабылдады.
Түркияның туризм саласы дамыған негізгі нүктелері, яғни танымал қалаларында Road show ақпараттарды қажетті аудиторияларға жеткізуге басымдық берілуде. Түркістандық топ музейлерді де аралап, ерекшеліктерімен таныс болуда. Делегация бүгін ақпараттық турды Ыстамбұлда жалғастырады. Айта кетейік, іссапарды өткізуге Қазақстанның Түркия Республикасындағы Елшілігі ықпал етіп отыр.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ТЫҢ СЕРПІН БЕРЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК СЕМИНАР ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ГАЗ ТАРАТУ СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, 50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»
Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

10.09.2025
4
ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

10.09.2025
10
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ»
Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ»

10.09.2025
3
ПРЕЗИДЕНТ АЙМАҚТАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ ИНДЕКСІН ЕНГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ АЙМАҚТАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ ИНДЕКСІН ЕНГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ

10.09.2025
2
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БОЛУҒА ТИІС»
Қоғам

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БОЛУҒА ТИІС»

10.09.2025
2
Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар
Қоғам

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар

21.08.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
436

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
364
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
223
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
176
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
167

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.