Отбасы — елдің тірегі — Төрттаған
Суббота, 14 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Отбасы — елдің тірегі

21.11.2023
Қоғам
0
ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚТЫҢ БІРЛІГІН БЕЙНЕЛЕЙТІН КИІЗ ҮЙ ТІГІЛДІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 11 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНА ОРАЙ «ҮЗДІК МЕХАНИЗАТОР – 2025» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Отан отбасынан басталады. Отанның негізі мен тірегі, қайнар көзі отбасы екендігі барлығымызға айдан анық. Отбасы – шыр етіп дүниеге келген сәттен бастау алатын тәлім-тәрбие мектебі. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз.
Мынау алмағайып заманда кейбір азаматтарымыз отбасының маңызы мен мәнін жоғалтып алғандай. Отбасы тірі ағза деп алсақ адасқанымыз емес. Қай уақыт және кеңістік болмасын тірі организм жетіліп, жанданып отыру қажет. Сол бір тірі ағзаның жанын алып, үмітін өшіріп жатқан азаматтар қаншама. Отбасы құндылықтарын өмірінің маңызды бөлшегіне емес, қалыпты жағдайға айырбастағандар да жоқ емес. Отбасы институты әрқашан жетілуді және дамуды қажет етеді. Даму тоқтаған кезде кері кететіндігін аңғаруымыз қажет.
Отбасы – тек қана бір ғана адамға артылған жүк емес. Отбасының әрбір мүшесі, отбасын дамытуға, көркейтуге қосар үлестері ерекше. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын өмірлік баспалдақ.
2013 жылы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіп, қыркүйектің екінші жексенбісін Отбасы күні деп белгілеген болатын. Арада он жыл өтсе де, бұл мереке маңызын жоғалтқан жоқ. Керісінше күннен-күнге маңызы мен мағынасы кеңейіп, артып келеді.
Қазақ қоғамында отбасы түсінігі рухани және мәдени, сәлт-дәстүрлердің сақтаушысы, буындар арасын жалғастырушы, адамгершілік пен мейірімділік ордасы екендігі анық. Отбасының маңызы турасында қазақ даналығында қалған хикметтер өте көп.
Қай уақытта болсын отбасының адамзат ұрпағына ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. «Отбасының өнегесі – Отан өнегесі» деп білетін ұлтымыз отбасының тыныштығы мен құндылықтарын бірінші орынға қойған. Бала тәрбиесіне жіті мән берген. Қазақ танымындағы әке-шеше, аға-ініге, туған-туысқа қатысты мақал-мәтел мен аңыз-әпсананың бәрі де шаңыраққа ұялаған шаттықты сақтауға үндейді. «Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» деп халқымыз қашан да отбасындағы әр адамның мәртебесін бекітіп, бекемдеп отырған.
Қазіргі таңда отбасы құндылықтарын, шаңырақ шаттығын өздерінің жеке бастарынан жоғары қоя алмайтын отбасылар аз емес. Отбасылық өмірдің қызығы мен қатар кей кездері түсініспеушілік жәйттері кездесері анық. Осынау бір сын сағатында сезімге ерік беріп, маңызы мен мәніне үңілмей, екі жаққа кетіп жатқан жастарымыз да аз емес. Статистикалық мәліметтерге үңілсек, көңіл қуантпайтындығы тағы бар. Салыстырмалы түрде алдыңғы жылдарға қарағанда статистикалық мәліметтер азайғанымен, бүл үрдіс қазақ қоғамына жат құбылыс екендігін жадымыздан шығармауымыз тиіс. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 128,5 мың жұп шаңырақ көтерсе, 17,7 мың отбасы ажырасқан. Бұл әрине ресми мәлімет. Арнайы АХАТ органдарына тіркелмей, отау тіккен талай отбасылардың шаңырағы шайқалып жатқандығын есімізден шығармауымыз тиіс. Осындай деректермен іргелі елдің, іргесін бұзып алмайық.
Отбасындағы ең өзекті мәселенің бірі – тәрбие. Тәрбиені тал бесіктен ала алмай, алдағанның арбауына жүріп, шақырғанның өтірігіне еріп жүргендер қаншама. Отбасы ошақ қасында балаларымызға дұрыс тәрбие бере алмасақ, еліміздің ертеңі бұлыңғыр. Отбасы ісіне, тәрбиесіне көңілді бөлуіміз қажет.
Жаһандану дәуірінде, өзгенің жүйесіне жұтылмайтындай ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Ұлттық отбасы концепциясын шегендеп, ұлтымыздың ертеңі үшін қамдануымыз қажет.
Отбасының аман-саулығы – әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Отбасы – елдің тірегі, тәуелсіздіктің діңгегі. Қазақ даласының ұлт болып ұйысуында отбасылық инститиуттың маңызы орасан зор. Ата-бабамыз «Отан – қуат, отбасы – шуақ» деп бекер айтпаса керек. Отанымыздың қуаты, отбасымыздың қызықты шуағы таусылмасын.
А.Тағай,
Түркістан облысы дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ
бөлім басшысы міндетін уақытша
атқарушы.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Туризм табыс әкелуі керек

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«ІІІ ЫБЫРАЙ ЖАЗУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 11 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 11 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛДЫ

09.06.2025
3
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНА ОРАЙ «ҮЗДІК МЕХАНИЗАТОР – 2025» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

05.06.2025
3
Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
12
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.