ТІГІНШІ- КРЕАТИВТІ МАМАНДЫҚ — Төрттаған
Пятница, 6 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ТІГІНШІ- КРЕАТИВТІ МАМАНДЫҚ

30.10.2023
Қоғам
0
ТІГІНШІ- КРЕАТИВТІ МАМАНДЫҚ

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

ҚР Президенті Жолдауында Кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдауға арналған тапсырма екі жылдан бері орындалмай жатқандықтан, бұл жұмыста бәрін басынан бастап реттеу керек екендігін басымдылық беріп айтты. Мемлекет басшысының бұл бастамасы біз сынды кәсіпкерлердің жұмысы одан әрі дамып, жандануына ықпал етеді деген ойдамын. Жүздеген, тіпті мыңдаған заңнамалық құжат пен нұсқаулықты қайта-қайта түзете бергеннен ештеңе шықпайтынын тілге тиек еткен Президент  оның орнына ықшам әрі түсінікті жаңа ережелерді бекіткен жөн санады. Мұндай тәсілді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап толық енгізілетін болды.

Осы орайда, Түркістан облысында тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту бағытында бірқатар жобалар қолға алынып, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп келеді. Жергілікті кәсіпкерлер де өз кәсібін дөңгелетіп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға атсалысуда.

Тігін өнеркәсібі- әлем экономикасының алдындағы үлесі мен салмағы жоғары кәсіп десек те болады. Осы саламен айналысу бүгінгі заманның ең табысты бизнесінің бірі. Жалпы елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға үлкен қолдау көрсетіліп келеді. Кәсіпкерлер осы қамқорлықтың арқасында үлкен табысқа жетуде. Аудан көлемінде ең үлкен сұранысқа ие екі шағын тігін шеберханалары бар. Оның бірі аудан орталығында орналасқан «Алтын-ай» тігін шеберханасы болса, екіншісі Шақпақ баба ауылында орналасқан «АсылНұрҒұлан» шеберханасы.
«Алтынай» тігін шеберханасы 2021 жылдың наурыз айында аудан орталығында шағын шеберхана болып ашылған. Сол жылы мемлекеттен қайтарымсыз 1,2 млн теңге қаржы алып, 2 тігін машинасын және оберлок құрылғысын сатып алған. Сол кезден бастап бұл шеберхана өз жұмысын жоғары деңгейде көрсетіп, өз тұтынушыларын қалыптастырған.
— Мен Алтынай Қайратқызы осы салаға бала күнімнен құмар болдым. Қызығушылығым да, ермегім де осы мата мен жіп, ине мен жылтыр тастар болатын. Мектепте өтетін түрлі байқауларда целлованнан, салфеткалардан көйлек тігіп, өзімнің шеберлігімді көрсете білетінмін. Әженің қызы болып, еңбекке өте жауапты болдым. Кесте тігу, құрақ құрау, жалпы, әдемі дүние шығару менің басты мақсатым болатын. 8 наурызда сол апама арнап әдемі кесте тігіп, сыйлағанмын. Сонда апамның қуанып,осы ептілігіңнен танба деп берген батасы әлі күнге дейін есімде. Мектепті аяқтап, «Сымбат» академиясына оқуға түсіп, модельер-конструктор мамандығын алып шықтым. Жалпылама тілмен, киімді модельдеп, кесу мамандығы. Содан арман қала Алматыға келіп, осы сала бойынша бірнеше жыл еңбек еттім. Түрлі тәжірибе жинап, көптеген сабақтар алдым. Қыз баласы жат жұрттық болғаннан кейін, тұрмыс құрып, осы Түлкібас ауданына келін болып келдім. Ақбиік ауылында да осы бағытта үйде бірнеше рет тапсырыс алып, апаларымды, сіңлілерімді қуантып жүрдім. Кейін жолдасым мен ата-енемнің қолдауымен аудан орталығынан өз цехымды аштым. Қазір, тапсырыс мен ойлағаннан да көп. Үлгере алмай қалатын кездеріміз де болады. Түрлі бағыттағы көйлектер, кешкі көйлектер, қалыңдық көйлектері, қазақша нақыштағы қыздар, ерлер киімдері, мектеп формалары сынды киімдерге тапсырыс аламыз. Сонымен қатар, көлікке қажетті жапқыштарға да тапсырыс аламыз. Маталарды Шымкент қаласынан алдырамын. Біздің жұмыс әр клиентпен жеке жұмыс жасауды, клиенттің дене бітіміне назар аударуды, түр әлпетіне қарай түс таңдауды қажет етеді. Сол үшін жауапкершілігі басым. Өзім әр клиентпен жеке жұмыс жасаймын. Үлгіні бірге құрамыз. Өзімнің ұсынысымды айтып, ол кісінің пікірін алып, 7 рет өлшеп, бір рет кесіп, әдемі дүние шығарамыз. Тігін кәсібінен бөлек мен көйлектерді жалға беру кәсібімен де айналысамын. Өзім тіккен әдемі сәнді көйлектерді ұсынамын. Бізден той көйлектерін, түрлі сауық кештерге арналған көйлектерді, ұлттық нақыштағы ерлер әйелдер және балаларға арналған костюмдерді таба аласыздар. Алдағы уақытта «Aida Kaumenova» сынды нарықта өз орнын қалыптастырған бренд сән үйі боламыз деген арманым бар. Біздің цехта 3 тігінші жұмыс жасайды. Еңбекақылар төленеді. Сонымен қатар, Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінен және Шымкент қаласындағы жеке оқу орындарынан студенттер іс-тәжірибеден өтуге келеді. Осы сәтті пайдалана отырып бізге жұмысқа өз ісіне берілген, үлкен жауапкершілікпен қарай алатын, қабілетті, іскер тігінші мамандар қажет екенін айтқым келеді. Екінші кәсіп ретінде қоса алып жүрген жалға берілетін көйлектерге де сондай пысық қыздарды жұмысқа аламын. Өйткені, өзім тапсырыс көп болғандықтан бұл дүниелерге қарайтын уақыт таппай қалып жатамын. Тек қана киім саласы емес перденің түр түріне де тапсырыс аламыз. Тұтынушылар көп, сұраныс та едәуір. Тек тапсырыспен ғана емес, өнімдерімізді нарыққа сатылымға шығарсақ деген ойымыз да бар. Өйткені, жақында этно корсеттер тігіп, Түркістан қаласындағы жәрмеңкеге бардық. Сонда ол жақтағы дүкен иелері мен тұрғындар біздің тіккен этно корсеттеріміздің біреуін қалдырмай сатып алды. Сол кезден бастап менде осындай ой пайда болды. Неге нарыққа шығармасқа деген. Шеберханам кәсіби мамандарға толығып жатса, атқарылатын жұмыстар да, жоспарлар да жетерлік,- дейді «Алтын-ай» тігін шеберханасының басшысы Алтынай Қайратқызы.
«Алтын-ай» тігін шеберханасын аудан бойынша білікті әрі кәсіби мамандар шоғырланған шеберхана деп айтуға толық негіз бар. Өйткені, жұмыстарының сапалылығын көзбен көріп, тұтынушыларынан ризашылық есітіп қайттық. Мектеп мұғалімдері де, мектеп түлектері де, той-қуаныш иелері де, арнайы байқауға қатысушылар да, би үйірмелері де қажетті көйлектерін қалаға сабылмай осы шеберханаға сеніп тапсыратындарын айтып мәз. Оның өзі шағын шеберханадағы қыздардың үлкен жетістігі деп білеміз. Тек қана киім тігумен емес перде жабдықтарын да, көліктің чехолдарын да тігумен айналысып жүрген Алтынай ханым бастаған ұжымға тек табыс тілейміз. Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз үстемдеп, арман-жоспарларыңызға жете беріңіздер дейміз.
Үлкен шыдамдылықты, қиял жүйріктігін, сабырлылықты қажет ететін тігін саласының кезекті түрі- қыз жасауын жабдықтау. Дәл осы сала бойынша өзінің жолын даралап алған «АсылНұрҒұлан» тігін шеберханасы Шақпақ ауылында орналасқан. Негізін қалаушы Саракүл Тюлепбергенова апайымыз. Күні бүгінге дейін ауылдық мәдениет үйінің бір бөлмесін әкімдіктің қолдауымен алып, сол жерде кәсібін бастаған болатын. Құрақ көрпелер, махаббат көрпелері, матрастар, бесік жабдықтары сынды көздің жауын алатын қазақы нақыштағы ұлттық жабдықтарды тігетін бұл шеберхананың еңбегі еленуге лайық-ақ. Шеберханадағы тігіншілер үшін шағын бөлмеде үлкен көрпе мен көрпешелерді тігу мен қабу сынды жұмыстарды емін еркін жасау қиындыққа соққан. Содан Сара апайымыз үй алдындағы шағын жеріне арнайы ғимарат салдырыпты. Екі бөлмеден тұратын цехта 5 маман жұмыс жасайды. Өзінің келіні Ақбота Сақтағанова да осы саланың білікті маманы. Апасының кәсібін өз деңгейінде дөңгелетіп жүрген Ақбота бұл саланы әрмен қарай дамыту үшін мемлекеттік бағдарламаларға қатысады. 2023 жылдың шілде айында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша құжат тапсырып, жақында ғана 2млн 700 мың теңге алады. Ол қаржыға 8 тігін машинасын, 1 оберлок, 3 үтік алған. Сөйтіп, апасы мен жанындағы тігінші апайларын үй алдындағы цехқа көшіріп әкелген Ақбота келініне енесі де, ауылдастары да шынайы алғысын білдірді.
— Мен бастаған бұл кәсіпті әрмен қарай дамытатын да, өрлететін де осы келінім. Үй шаруаларынан бөлек, тігін саласына да көмектесіп, қолғабыс жасап жүрген Ақботаға өзім ризамын. Немерелерім де құрақтың қиындыларын қиюға, кестелеуге, моншақтауға жарап қалған. Жанұялық кәсіп десем де болады. Құрақ құрап, көрпе қабу оңай дүние емес. Маталарды таңдап, түстерін үйлестіру де бір үлкен шаруа. Осының бәрін ептеп, тұтынушының көңілінен шығатын, көзге оттай басылатын әдемі дүниелерді шығаруда талмай еңбек етіп келеміз. Бүгінге дейін ауылдық мәдениет үйінің бір бөлмесінде ешқандай ақы төлемей жұмыс жүргізіп келдік. Жағдайымызды түсінген ауыл әкімдігіне, мәдениет үйінің қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін. Енді өзіңіз көріп отырған осы үй алдынан ғимарат соғып, арнайы цех жасадық. Мемлекеттік жоба аясында ақша алып, тынысымызды кеңейтіп отырған жайымыз бар. Осы бөлме де бізге тарлық етеді. Өйткені, көрпелерді тігу мен қабу, мақтасын салу кең жерді талап етеді. Сұраныс артып, біз ойлағандай табыс болып жатса, үлкен цех салу үшін жер телімі қажет. Мемлекет тарапынан арнайы жер телімі қарастырылса, ол да біз үшін көмек болар еді. Күні бүгінге дейін біздің өнімдер Алматы, Астана, Атырау, Шымкент, Тараз, Бурный қалаларына, сонымен қатар Қырғызстан, Бішкек, Өзбекстан елдеріне жіберілді. Алдағы уақытта тек қыз жасауын емес балалар киімдерін де тігіп шығарсақ деген ойымыз бар. Біздің өнімдер нарыққа сай бағамен ұсынылады. Махаббат көрпелері 25 мыңнан, жамылға көрпелер 8 мыңнан, матрастар көлеміне қарай 7,5-8 мыңнан, құрақ көрпелер 18-22 мыңнан сатылымға шығады. Жабдықтар күңгірт велюр, сатин, королевский велюр сынды материалдардан тігіледі. Осындай жұмысымыздың ілгерілеуіне, орнымыздың кеңеюіне өзіндік көмек қолдарын созған «Атамекен» кәсіпкерлік палатасындағы Қайрат, Әзімхан сынды азаматтарға алғысымды айтқым келеді,- деп сөзін қорытындылады кәсіпкер Саракүл Тюлепбергенова.
Аядай ғана ауданның атын шығарып, шебер қолдарымен көптің көңілінен шығатын дүниелерді тігіп жүрген өнерлі апайларымызға шынайы алғысымызды айтамыз. Кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Назар да, бар мақсат та осы салада болып отыр. Сондықтан, мемлекет көрсетіп келе жатқан қолдауларды, түрлі бағдарламалардың тиімділігін тиісінше пайдаланып, кәсіп ашып, өз өмірлеріңізді жарқын етуге мүмкіндік бол. Тек әрекет ету керек. Әрекетке берекет.
А.МӘМЕТ
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА «АҚ КӨГЕРШІН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨГЕРШІНДЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ауыл аш қалдырмайды

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
12
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
354
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.