«Farab» кітапханасында «Кітап саяхаты-2023», «Шежірелі өлкеден – Рухани темірқазыққа» акциясы аясында кітап керуенімен Сарыағаш аудандық кітапханасы келді.
Шараға Түркістан қаласы әйелдер алқасының төрайымы, ҚР Мәдениет қайраткері Ұлжан Мұстафаева, «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова және Сарыағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Қалбибі Сейдірқызы қатысты.
Жиын барысында Сарыағаш ауданы «Farab» кітапханасының оқырманына арнайы жасақталған «Сарыағаш – алтын діңгек, берік босаға» тақырыбында көрме жасақтап, кітапхана қорына 1000 дана кітап және тактильді кітап сыйға тартты.
Сарыағаштың кітап керуені жас журналист, «Сәт» телеарнасының жүргізушісі Халима Тәжиеваның шығармашылық кездесу кешіне ұласты. Шара соңында облыстық «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова әріптестеріне алғысын білдірді.