ЭКОЛОГИЯ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ — Төрттаған
Четверг, 19 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЭКОЛОГИЯ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

30.10.2023
Жаңалықтар
0
ЭКОЛОГИЯ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, министрліктің қызметі саласындағы жергілікті тұрғындарды толғандыратын көптеген сұрақтарға жауап берді.
Іс-шараға облыс, аудандар әкімдігінің өкілдері, министрліктің аумақтық бөлімшелері, облыс әкімдігі басқармалары мен үкіметтік емес ұйым басшылары қатысты. Кездесу әкімдік пен министрліктің ресми интернет-ресурстарында тікелей көрсетілді. Сонымен бірге «ZOOM», Facebook әлеуметтік желісінде тікелей көрсетілімі ұйымдастырылды.
Түркістан облысындағы экологиялық жағдай салыстырмалы түрде қолайлы болып саналады. Облыс бойынша зиянды заттар шығарындыларының нақты көлемі биылғы 9 айда 14,3 мың тоннаны құрады. Табиғатты қорғау іс-шаралары арқылы бақылауда ұсталды.
Экологиялық проблемаларды шешу бойынша Жол картасына енген 21 іс-шараның ішінде 9 іс-шара орындалды, атап айтқанда, қалалық қазандықты газға ауыстырумен жаңғырту, Түркістан қаласы мен облыс аудандарының жеке секторын газдандыру жүргізілді. Жасыл желектерді түгендеу және тағы басқа жұмыстар жүзеге асырылды.
Ордабасы ауданындағы кірпіш зауыттарының қызметін тексеру туралы жергілікті тұрғындардың көптеген шағымдары бойынша 14 тексеру жүргізілді, 18 экологиялық бұзушылық анықталды, ұйғарымдар берілді, 3,4 млн. теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұлдар салынды. Кірпіш зауыттарын қатты отыннан табиғи газға ауыстыру мәселесін қарастыру ұсынылды.
Рұқсат етілмеген полигондардың өсуі, ҚТҚ полигондарының нормаларға сәйкес келмеуі де өзекті болып қала береді. Космомониторинг аясында биыл өңірде 414 полигон анықталды, оның 87% (364 полигон) жойылды.
Орман шаруашылығы саласында Президенттің 2 млрд. ағаш отырғызу бастамасы аясында биыл облыста жыл басынан бері 20,3 мың гектар алқапқа 4,3 млн. дана ағаш отырғызылды.
Түркістан облысында балық саласын дамытудың айтарлықтай әлеуеті бар. Мәселен, биыл өңір бойынша 6,6 тонна тауарлық балық өсіру жоспарланған, жыл басынан бері 3,7 мың тонна балық өсірілді, тұқы мен форель өсіру бойынша 3 торлы және 16 тоған балық өсіру шаруашылығы құрылды.
Кездесу аяқталғаннан кейін министр баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, азаматтарды жеке қабылдады.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ ТҮРКІСТАНДЫ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРМЕ — БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14.06.2025
5
ТҮРКІСТАН:  ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

14.06.2025
6
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

14.06.2025
6
Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары
Жаңалықтар

Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары

14.06.2025
4
ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

14.06.2025
6
МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13.06.2025
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
158

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.