ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ ТҮРКІСТАНДЫ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ — Төрттаған
Пятница, 9 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ ТҮРКІСТАНДЫ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

30.10.2023
Жаңалықтар
0
ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ ТҮРКІСТАНДЫ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы Қожа Ахмет Ясауи университетіне қарасты ботаникалық баққа барды. Университет ректоры Жанар Темірбекова ботаникалық бақтың тыныс-тіршілігімен және атқаралып жатқан жұмыстарымен таныстырды.
Министр жауапты мамандарға ботаникалық баққа ерекше көңіл бөліп, өсімдіктерге айрықша күтім жасау қажеттігін айтты. Себебі, ең алдымен көшеттерді қатал континенталды климатқа бейімдеу маңызды екенін жеткізді.
Осыдан 29 жыл бұрын Ахмет Ясауи университетінде көлемі 88 гектар «Ботаникалық бақ» құрылды. Ботаникалық баққа елімізден және жақын шет елден 59 туыс, 28 тұқымдас, 127 түрге жататын декоративті, жеміс-жидек, ағаш бұталы және гүлді өсімдіктер интродукцияланып, өңірдің қатал климаттық жағдайына бейімделген коллекциясы құрылған. Ботаникалық бақта құнды гендік қорды сақтау және көбейту үшін материалдық-техникалық база құрылған. Мұнда ағаш және бұта өсімдіктерін өсірудің заманауи технологияларын меңгерген мамандар жұмыс істейді.
Ерлан Нысанбаев қала аумағындағы «Жасыл белдеу» жұмысын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Министр «Жасыл белдеуге» қуаңшылық жағдайына бейімделген жергілікті ағаштарды егу қажеттігін тілге тиек етті.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Түркістанда 2019-2022 жылдары қала айналасынан 7700 га жерге «Жасыл белдеу» құру жоспарланып, бүгінгі таңда бұл жұмыстар 15 мың гектарға орындалды. Оның ішінде 8 мың га жерге жапырақты ағаш, 7 мың га сексеуіл егілген. Алдағы уақытта саялы саябаққа айналдыру үшін әлі де жұмыстар жалғасады. «Жасыл белдеу» аумағын 30 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында республика аумағында экологиялық жағдайды жақсарту үшін 2 млрд. түрлі ағаш көшетін отырғызу белгіленген. Осыған сәйкес, облыс әкімдігі Қазақстан Республикасының Экология министрлігімен бірлесіп, кешенді жоспар қабылдады. Онда 5 жыл ішінде 110 210 га аумақты көгалдандыруға 170 млн көшет отырғызу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТУДЕ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЭКОЛОГИЯ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
424

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
349
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
195
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
154
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
148

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.