АҚЫНДАР МЕКТЕПКЕ БАРДЫ — Төрттаған
Понедельник, 30 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

АҚЫНДАР МЕКТЕПКЕ БАРДЫ

12.11.2023
Қоғам
0
АҚЫНДАР МЕКТЕПКЕ БАРДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

Ақын – елдің ардағы. Осынау сөзді біраздан бері естімедік деп жүргенде әдемі бір іс-шараның куәсі болдық. Ұлттық мереке – Республика күніне орай Сайрам ауданы, Сұраншы батыр атындағы N97 жалпы орта мектепте қазақ тілі пәні әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Топырақ жыр—торқа жыр» атты оқушылардың жергілікті ақындармен кездесу кеші өтті. Поэзиялық жүздесуге аға буын өкілі, ақын, Сайрам ауданының Құрметті азаматы Әлібек Байназар, орта буыннан «Мәртөбе» газетінің редакторы, ақын, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одақтарының мүшесі Нұрғиса Төремұратов, жас буыннан «ELNUR TV» телеарнасының тілшісі,ақын Амалхан Төлебек арнайы шақырылды. Әдемі ұйымдастырылған кездесуде осы мектептің оқушылары ақындардың өлеңдерін жатқа оқып, ән мен биден шашу шашты. Бастысы, оларды отансүйгіштік ,туған жер, адамгершілік тақырыбындағы өлеңдер тебірентті. Әрине, кездесу кеші ақындарға сұрақ қойып, одан тұшымды жауап алумен де әрленді. Әр баланың білгісі келетіні көп. Олар ақындардан «кімді кумир тұтасыз, кезінде кімге еліктеп өлең жаздыңыз, жылдың қай мезгілі ұнайды?» деген сияқты сұрақтарын қойды. «Сайрам ауданында ақын көп емес, олардың жырын жатқа оқу өскелең ұрпақтың міндеттерінің біріне айналса, жақсы болар еді» деген Әлібек Байназар ақсақалдың пікірі көпшілікті біраз ойға жетеледі. Қазақтың қара өлеңі жаңғырған кеште мектеп директоры Айымторы Жүсеева осынау кештің тәрбиелік мәні мен жерлес ақындардың беделін тереңдете айтты. Ал директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Бақыт Сазабай мен Азизбек Қайназаров іс-шараның көркін жылы лебіздерімен қыздырды. Ұлттық ұстаным, өлең құдыреті жайлы айтылған кездесу еркін форматта жүрді. Жалпы, поэзияның адамзатты рухани тәрбиелеуде орны ерекше. Өлең мен өнер сүйген жаннан жамандық шықпайды. Қазіргі қоғамда жас ұрпақ технологиямен бірге ізгілік иірімдерін де ұғына түсуі керек. Дидарласу барысында оқушылармен қоса мұғалімдердің де өлең-жырға сусындап қалғаны олардың қол шапалақтап, демеу беріп отырғандарынан сезілді. Сондай-ақ, бұл мектептен байқағанымыздай апталық барысында әлем таныған Әуезовке арнайы бұрыш ұйымдастырып, эстетикалық һәм жазушылық өнерді барынша насихаттапты. Рас, смартфонды көп ұстайтын оқушыға бір сәт кітап парақтап, іздегенін әдебиеттен тапса, одан артық білім мен тәрбие табылар ма екен?! Қорыта айтқанда Сұраншы батыр атындағы N97 жалпы орта мектеп ұжымы бұл кешке тыңғылықты дайындалғаны байқалды. Ал ұялыңқырап, балалық көрсеткен жеткіншектер әлі-ақ талай топта, талай басқосуларда жарқырайтынына сенеміз.
Н.Тұрдымұратов.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

АРДАГЕР ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА МАМАНДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТТАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ

10.03.2026
5
Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Жаңалықтар

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

10.03.2026
5
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ШАРАЛАР ҰЙЫМАСТЫРЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ШАРАЛАР ҰЙЫМАСТЫРЫЛДЫ

10.03.2026
5
ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОНДА ФУТБОЛДАН ТАРТЫСТЫ МАТЧ ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОНДА ФУТБОЛДАН ТАРТЫСТЫ МАТЧ ӨТТІ

08.03.2026
4
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»
Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

10.09.2025
4
ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

10.09.2025
11

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
455

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
391
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
329
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
280
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
212

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.