КЕНТАУДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ — Төрттаған
Понедельник, 16 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

КЕНТАУДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

04.11.2023
Қоғам
0
КЕНТАУДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

АРЫС: «ВОКЗАЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 

«25 қазан Республика күні» мемлекеттік мерекесі қарсаңында Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында «Егемендік — Ел еңсесі» атты салтанатты шара өтті. Мерекелік кеште ең алдымен «Мұражай» қойылымы көрсетіліп, «Қаратау тәжі» ұлт аспаптар оркестірінің өнерімен бастау алды.

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов көпшілікті мерекемен құттықтап, қаланың дамуына еңбегі сіңген бірқатар азамттарды марапттады.
«Бүгінгі таңда бұл күн мемлекеттік деңгейде атап өтіліп, мереке ретінде тойлануда. Осыған орай, Кентау қаласы әкімдігі тарапынан ауқымды шаралар ұйымдастырылып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлауда. Сондай-ақ, бұл күн еңбек майталмандары марапат алып, құрмет-қошеметке бөленетін кез. Мәртебемізді асқақтатып, ұлттығымыз-ды ұлықтайтын айтулы мереке еліміздің әрбір шаңырағына шаттығын ала келсін» деді қала әкімі.
Іс-шара барысында қала басшысы ең алдымен ұрпақ тәрбиесінде еселі еңбектері зор алтын құрсақты аналарға құрмет көрсетті. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлерін төсбелгілермен марапаттады.
Білім қызметкерлері салалық кәсіподағының ұсынысымен алғаш рет Кентау қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің “Еңбек ардагері” медалімен және Алғыс хатымен ардагер ұстаздар марапатталды. Атап айтқанда:
Таукеева Манат Пазилбековна — Кентау қаласы, Ә.Бокейханов атындағы №23 жалпы білім беретін мектебінің директоры қызметін атқарған
Ханова Фанзиля Зуфаровна — Кентау қаласы, Ю.А.Гагарина атындағы №16 мектеп лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 45 жылда астам қызметін атқарған
Шинтемиров Сейфульмалик Абдукадирович — Кентау қаласы, мамандырылған Дарын мектеп интернатының дене тәрбиесі пәні мұғалімі қызметін атқарған
Бобровская Галина Федоровна — Кентау қаласы, Ә.Бокейханов атындағы №23 жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тажидинов Суннатулла Хаширматович — Кентау қаласы «Шаш-төбе» жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Аманов Яркин Абдурахманович — «Қарнақ» жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі
Хайдарова Азада Рахматуллаевна — М. Қашғари атындағы жаратылыстану бағытындағы мектеп-лицейінің тарих пән мұғалімі
Сонымен қатар, қалада түрлі салаларда жетістікке жеткен, еңбек сіңірген азаматтарға «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі мен қала әкімінің «Алғыс хаты» табысталды.
Одан бөлек, қалалық маслихат төрағасы Қабылан Елеусізовте қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, облыстық және қалалық маслихат төрағасының алғыс хаттарымен марапаттады.
Салтанатты іс-шарада қаланың өнерпаздары мен қалалық мәдениет сарайының қызметкерлері өнер көрсетіп, мерекенің сәнін кіргізді.
Кентау қаласындағы Көктөбеде көк Туымыз желбіреп, қала тұрғындарымен бірге әнұранымыз орындалды.
Игі шараға Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қатысып, айтулы мерекемен құттықтады.
«Мәртебемізді асқақтатып, ұлттығымыз-ды ұлықтайтын айтулы мереке еліміздің әрбір шаңырағына шаттығын ала келсін» деген қала басшысы, жастарға мерекенің маңыздылығы жайында атап өтті.
Ұлттық рухымызды көтеретін, Тәуелсіздігімізді айшықтайтын мерекеде қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Төнтеков пен қалалық Әжелер алқасының төрайымы Р.Жұмабаева елдің амандығы мен халықтың бейбіт заманда өмір кешуін тілеп, өскелең ұрпаққа ақ баталарын берді.
Сонымен бірге, кентау қаласының әкімі Ж.Тасов тұрғындардды мерекелерімен құттықтады.
«Қадірлі жерлестер! Баршаңызды бүгінгі еліміз үшін маңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бабалардан мұра боп қалған байтақ даламыз үшін аса маңызды шешім – Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы қабылданғаны белгілі. Бұл ел Тәуелсіздігі жолындағы теңдессіз құндылық еді.
Сол декларация Қазақстанның болашақ Тәуелсіздігінің іргетасы болды. Еліміздің егемендігін паш ететін бұл құжат жеке территориясы мен азаматтық қоғамы, мемлекеттік бюджеті мен халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бар екендігін айшықтады.
Осылайша, Қазақстанның егемендігі мен территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде:
«Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, жыл сайынғы қазанның 25-ін Егемендік күні – еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек», – деді.
Бүгінгі таңда бұл күн мемлекеттік деңгейде атап өтіліп, мереке ретінде тойлануда.
Осыған орай, Кентау қаласы әкімдігі тарапынан ауқымды шаралар ұйымдастырылып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлауда.Сондай-ақ, бұл күн еңбек майталмандары марапат алып, құрмет-қошеметке бөленетін кез.
Мәртебемізді асқақтатып, ұлттығымыз-ды ұлықтайтын айтулы мереке еліміздің әрбір шаңырағына шаттығын ала келсін», делінген құттықтауда.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ОҚУ ОРДАСЫНДА АКАДЕМИК СЕРІК ПІРӘЛИЕВТІҢ ЕҢБЕГІН ЕСКЕ АЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ-2023» МАРАФОН-БӘЙГЕСІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

13.06.2025
3
АРЫС: «ВОКЗАЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 
Қоғам

АРЫС: «ВОКЗАЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 

12.06.2025
3
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА — ҚОЛАЙЛЫ МҮМКІНДІК
Қоғам

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА — ҚОЛАЙЛЫ МҮМКІНДІК

11.06.2025
3
Сарыағаш: «Отбасы- қоғамның іргетасы» атты семинар-тренинг өтті
Қоғам

Сарыағаш: «Отбасы- қоғамның іргетасы» атты семинар-тренинг өтті

11.06.2025
3
Түркістан облысында есірткіге қарсы бағытталған кең ауқымды ақпараттық акция өтті
Қоғам

Түркістан облысында есірткіге қарсы бағытталған кең ауқымды ақпараттық акция өтті

11.06.2025
2
“Жастарға арналған қолжетімді баспана” тақырыбында ақпараттық кездесу өтті
Қоғам

“Жастарға арналған қолжетімді баспана” тақырыбында ақпараттық кездесу өтті

11.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.