Кентау қаласы Қарнақ ауылындағы орталық алаңға қазақ тарихындағы соңғы хан Кенесары Қасымұлының ескерткіш тақтайшасы қойылды.
Тағлымға толы жиынға қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев, қалалық мәслихаттың төрағасы Қабылан Елеусізов қатысып, игі шараның маңыздылығы жайында атап өтті.
Тарихқа сүйенсек, Қарнақ қалашығындағы медресседе Қызылжар, Қарағанды, Атбасар қалаларынан екі жүзге жуық қазақ балалары келіп білім алған деседі. Одан бөлек, Мұса Байзақұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы сынды қазақ халқының зиялылары өз заманында тәлім алған. Солардың бірі де бірегейі Кенесары Қасымұлы.
Көкшетау қаласында «Хан ордасы Кенесары ұлттық қаһарман» атты республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференциясы өткен болатын. Нәтижесінде 16 шешім қабылданып, соның бірі Кенесары Қасымұлы оқыған Қарнақ қалашығындағы медресеге ескерткіш тақта орнату туралы сөз болған.
Салтанатты шараға Кенесары Қасымұлының ұрпақтары Барзу Кенесары, Болат Смалпов келіп, игі шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.