ОТЫРАР АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ — Төрттаған
Среда, 18 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Спорт

ОТЫРАР АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

10.11.2023
Спорт
0
ОТЫРАР АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЗАМАНАУИ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістанда алғаш рет «Мұз шоуы» өтті

Отырар ауданында Қазақстанның халық ағарту ісінің озық қызметкері, Отырар ауданының құрметті азаматы, спорт ардагері Оңалбек Өтебайұлының жүлдесіне арналған Қазақ күресінен 2009-2010 жылдары туылған кіші жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов арнайы қатысып, білекті де жүректі балуандарға сәттілік тіледі.
Ол өз сөзінде: «Ауданымызда бұқаралық спортты дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы спорттық шаралар назардан тыс қалған емес. Бүгінде аудан көлемінде спорттық сауықтыру кешендерінен бөлек аудан азаматтарының қолдауымен көптеген спорттық нысандар ашылып, жастардың дене шынықтырумен айналысып, спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасалуда. Бүгін біз спорт ардагері Оңалбек Өтебайұлының бастамасымен Қоғам ауылындағы күрес залының ашылуына куә болдық. Енді міне аталған шара соңы республикалық турнирге ұласып отыр. Ендеше бүгінгі жарысқа қатысушы балуандарға сәттілік тілеймін!» — деді.
Оңалбек Әуелбеков — Отырар ауданында қазақ күресінің дамуына сүбелі үлес қосқан білікті бапкер. Оның спортқа баулыған шәкірттері ауданның ішкі чемпионатында 18 рет командалық есепте жеңіске жеткен. Сондай-ақ, облыстық турнирге Отырар ауданының балуандарын баптап қосқанда 16 жыл қатарынан олардың алдын ешкім орай алған жоқ. Тіпті республикалық деңгейдегі турнирлерде 4 мәрте жеңіске жетіп, қазақ күресі, самбо, дзюдо сынды спорт түрлерінен 15-ке жуық спорт шеберін шығарды. Азияның чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері де осы Оңалбек Өтебайұлы бапкерлік еткен күрес залынан қанаттанып шыққан. Бүгінгі республикалық турнирдің жоғары деңгейде өтуі осы жеңісті күндердің жемісі десек қателеспеген болар едік.
Айта кету керек спорттық бәсекеге еліміздің Қызылорда облысы мен Шымкент қаласы және Түркістан облысының 11 ауданынан келген, жалпы саны 220 балуан қатысып, бақтарын сынауда.
Боз кілемде кіл мықтының арасынан өздерінің мықты екендерін дәлелдеуге асыққан балуандар жарыс жеңімпазы болуға барын салып жатты. Турнир соңында жеңімпаздар анықталып, жүлдегерлер арнайы медальдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

КЕЛЕСТЕ ӨНЕР ЖҰЛДЫЗДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЗАМАНАУИ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Спорт

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЗАМАНАУИ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

04.06.2025
4
Түркістанда алғаш рет  «Мұз шоуы» өтті
Спорт

Түркістанда алғаш рет «Мұз шоуы» өтті

05.05.2025
3
ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ГІР СПОРТЫНАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ
Жаңалықтар

ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ГІР СПОРТЫНАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

05.05.2025
4
«НАУРЫЗНАМА»: ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТІП ЖАТЫР
Спорт

«НАУРЫЗНАМА»: ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТІП ЖАТЫР

20.03.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢНАН АСТАМ МЕКТЕП ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢНАН АСТАМ МЕКТЕП ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

11.09.2024
5
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАР АРАСЫНДА СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ
Спорт

ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАР АРАСЫНДА СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

31.08.2024
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
158

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.