«Арқау етсем жырыма өмір сырын» атты кездесу кеші өтті — Төрттаған
Среда, 18 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Әдебиет

«Арқау етсем жырыма өмір сырын» атты кездесу кеші өтті

11.11.2023
Әдебиет
0
«Арқау етсем жырыма өмір сырын» атты кездесу кеші өтті

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТАУ БАУРАЙЫНДА ПОЭЗИЯЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

«Пайым патшалығы» оқырманға жол тартты

Ақындық өнер — сөз өнерінің аса қастерлі саласы, ақын бойындағы шығармашылық қуат пен шынайы таланттың биік өлшемі. Жан шуағыңды ашатын, бар құштарлығыңды басатын әдебиет деген әдемі бір әлем бар. Әдебиет бұл — ізгілік бастауы ғана емес, текті тәрбиенің түп тамыры.
Облыстық мәдениет және туризм басқармасының бастамасымен өтіп жатқан «Туған жерім — алтын бесігім» атты мәдени күндерге орай шағалалы Шардара елінде Ұлылар елі атанған Отырар ауданының мәдени күні өткізілді. Мәдени шара аясында «Отырар» кітапханасы шардаралық оқырмандар мен қонақтарға «Көне де жаңа Отырар — қазақ тарихының алтын тұмары» атты кең көлемдегі кітап көрмесін таныстырып, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, бірнеше облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы, отырарлық жас ақын Нұрғали Сердалиевпен «Арқау етсем жырыма өмір сырын» атты кездесу кешін ұйымдастырды.
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің ыстық ықыласына ие болған жас ақын кеш барысында жалпы ақындық өнер туралы сөз қозғап, өзін жетелеген ұстаздары туралы әңгіме өрбітті.
Сонымен қатар, өзінің қаламынан туған жырларын оқып, «Түнгі өлең» атты жыр жинағына шолу жасады. Кеш соңында кейіпкеріміз көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, «Мойылкөз» әнімен кеш шымылдығын жапты.
«Ауылына қарап, азаматын таны» дегендей, бүгінде алдыңғы буын ағалардың ізін басып, «ауылдың азаматы» деуге болатындай жастар өсіп келеді. Міне, солардың бірі — Нұрғали Сердалиевке «өлең өлкесіндегі шабытың шарықтай берсін!» деп ізгі тілегімізді білдіреміз!
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ORDABASY: ТЕМІРЛАНДА АҚЫЛ-ОЙ БӘСЕКЕСІ – ШАХМАТ БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА XXV «ҚАЗАҚ РОМАНСИАДАСЫ» РОМАНС ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ БАЙҚАУЫ ӨТІП ЖАТЫР

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТАУ БАУРАЙЫНДА ПОЭЗИЯЛЫҚ КЕШ ӨТТІ
Әдебиет

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТАУ БАУРАЙЫНДА ПОЭЗИЯЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

03.06.2025
3
«Пайым патшалығы» оқырманға жол тартты
Әдебиет

«Пайым патшалығы» оқырманға жол тартты

04.12.2023
8
ТҮРКІСТАН: ЖАЗУШЫ МАРХАБАТ БАЙҒҰТТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ
Әдебиет

ТҮРКІСТАН: ЖАЗУШЫ МАРХАБАТ БАЙҒҰТТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

27.11.2023
25
«КІТАП САЯХАТЫ — 2023» СОЗАҚ АУДАНЫ ТҮРКІСТАНДА
Әдебиет

«КІТАП САЯХАТЫ — 2023» СОЗАҚ АУДАНЫ ТҮРКІСТАНДА

25.11.2023
23
ӘЛЕМДІ КІТАП АРҚЫЛЫ ТАНИМЫН
Әдебиет

ӘЛЕМДІ КІТАП АРҚЫЛЫ ТАНИМЫН

25.11.2023
13
ТҮРКІСТАНДА БАЯН БЕКЕТОВАНЫҢ «АҚ ПЕРІШТЕ ӘЛЕМІМ!» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Әдебиет

ТҮРКІСТАНДА БАЯН БЕКЕТОВАНЫҢ «АҚ ПЕРІШТЕ ӘЛЕМІМ!» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

24.11.2023
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
158

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.