ORDABASY: РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ, МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ — Төрттаған
Вторник, 1 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ORDABASY: РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ, МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

04.11.2023
Қоғам
0
ORDABASY: РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ, МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Республика күніне орай Ордабасы ауданындағы тарихи орын — Қарауыл төбеде мемлекеттік рәмізіміз — көк Ту көтеріліп, әнұран орындалды.
Салтанатты шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, мәслихат депутаттары, әскери қызметшілер мен әкімдіктегі дербес бөлім басшылары және аудан тұрғындары қатысты.
Мерейлі мерекеге орай аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы жиналған қауымды Республика күнімен құттықтап, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті өскелең ұрпақ санасына ұялатудағы аға буынның еңбегіне ризашылығын жеткізді.
Ел тарихында тәуелсіз мемлекет болып қалудың тағдыршешті сәті ретінде осыдан 33 жыл бұрын 25 қазан күні “Егемендік туралы” декларация қабылданғанын еске алған ауданымыздың зиялы қауым өкілдері ұлт үшін ұлық мерекенің мән-маңызына тоқталып өтті.
Темірланда тәуелсіз еліміз үшін айтулы мереке – Республика күні тойланды.
Ордабасы аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылған салтанатты шарада аудан әкімі Азат Оралбаев тұрғындарды Республика күні мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
«Өздеріңізге белгілі, халқымыз үшін мәні ерекше мейрам биыл екінші жыл тойланып отыр. Тәуелсіздік жылдары еліміз экономикалық тұрғыда дамып, халқымыздың әл-ауқаты артты. Бұл ретте ауданымызда да өсім-көрсеткіш жақсы. Күні кеше осы айтулы мерекеге орай бірқатар ауылда әлеуметтік нысандар, инженерлік-инфрақұрылым құрылыс нысандары ашылып, ел игілігіне берілді. Мұның барлығы Республикамыздағы тұрақтылық пен қарқынды дамудың жемісі деуге толық негіз бар. Біз аудан тұрғындарымен береке-бірлікте алда талай ауқымды істерді, жасампаз жобаларды атқаратын боламыз», деді аудан әкімі мерекелік құттықтауында.
Салтанатты шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысқаны үшін бірқатар азаматтар министрлік Грамотасы, аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Мерекелік жиын концертке ұласып, аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары көрермендерге атаулы күнге арналған қойылымдар ұсынды.
Естеріңізге салар болсақ, осыдан 33 жыл бұрын 25 қазан күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен мемлекеттің егемендігі туралы декларация қабылданған болатын. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде танылып, егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, рәміздері бекітілді.
Республика күнін мемлекеттік мерекелер қатарына қосуды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың I отырысында мәлімдеген болатын.
Сонымен бірге, Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев аудан тұрғындарына мерекеге орай құттықтауын жолдады.
«Құрметті жерлестер! Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен еліміздің ұлттық мерекесі қатарына қайта қосылды. Көпшілік білетіндей, 1990 жылғы 25 қазанда «Егемендік туралы» декларация қабылданды, еліміз тәуелсіздікке бет бұрды, азат болудың алғышарты жасалды. Сондықтан біз үшін бұл күннің орны ерекше.
Тәуелсіздік тарихына үңілер болсақ, осы жылдар аралығында экономикамыз нығайып, халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсара түсті. Еліміздің тұрақты дамуына жерлестеріміздің де үлесі зор.
Ауданымызда ауыл шаруашылығы саласы дамып, өндіріске, оның ішінде шағын және орта бизнес қарқынды дамды.
Күні кеше, осы айтулы мерекеге орай ауыл, елді мекендерде жаңа әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді.
Ауданымызды табиғи газбен қамту, білім беру, медицциналық мекемелер құрылысын жүргізуде де ауыз толтырып айтатын жаңалығымыз көп.
Міне, осы еңбектің барлығында еңбекқор, бірлігі мен тірлігі жарасқан аудан тұрғындарының үлесі зор.
Қазіргі шақта Жаңа, Әділетті Қазақстанды құрудың маңызды қадамдары жасалуда. Еліміздің құрылымдық жүйесінде, саяси-экономикалық бағытында жаңғыртулар қолға алынды. Халық жаңа қоғам қалыптастыруға деген бастамаларға қолдау білдірді. Демократиялық үрдістерді орнықтыруға, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бұл өзгерістердің жетісулықтар үшін де маңызы зор болмақ.
Мемлекет басшысының «Біз үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Осы тұрақсыз, құбылмалы әлемде Қазақстанымыз бізден басқа ешкімге керек емес. Сондықтан, маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ», — деген сөзі әрқайсымыздың жадымызда жатталып тұр.
Құрметті қауым! Республика күні мерекесі құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ дарып, ырыс ұяласын! Елімізге тыныштық, халқымызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс, игілікті ғұмыр тілеймін», делінген құттықтауда.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

РЕСПУБЛИКАМ — МАҚТАНЫШЫМ МЕНІҢ!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ТҮРКІСТАН ӨҢІРІН КӘСІПКЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛДЫРУҒА МҮМКІНДІК МОЛ»

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА  «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30.06.2025
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

28.06.2025
2
САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
3
ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
2
КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қоғам

КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.06.2025
2
БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
Қоғам

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

27.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.