Кентау қаласында республика күніне орай, ҚР-ның спорт саласына еңбегі сіңген ардагері Е.Тоқтасынұлының құрметіне арналған республикалық турнир ұйымдастырылды. Аталған жарыс қалалық Б.Саттарханов атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өтті.
Сайысқа қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова қатысып, балуандарға сәттілік тіледі. Боз кілемде Шымкент қаласы, Түркістан облысы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарынан жалпы 15 команда құрамында 300 балуан бақ сынады.
Сайыс нәтижесіне сәйкес, жеңімпаз атанған жас балуандарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы диплом, медальдармен қатар бағалы сыйлықтар табысталды.