ТҮРКІСТАН: БІРҚАТАР СПОРТ НЫСАНДАРЫ АШЫЛДЫ — Төрттаған
Вторник, 1 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Спорт

ТҮРКІСТАН: БІРҚАТАР СПОРТ НЫСАНДАРЫ АШЫЛДЫ

11.11.2023
Спорт
0
ТҮРКІСТАН: БІРҚАТАР СПОРТ НЫСАНДАРЫ АШЫЛДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА АУҚЫМДЫ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЗАМАНАУИ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Республика күні аясында Түркістан облысына бірқатар спорт нысандары ашылып, халық игілігіне пайдалануға берілді.
Отырар ауданына қарасты Қоғам ауылында заманауи күрес залы ашылып, ел игілігіне берілді. Аталған нысан спорт жанашыры, белгілі бапкер Оңалбек Әуелбеков пен ауыл азаматтарының қолдауының арқасында толық аяқталып, қоғамдық балуандарға есігін айқара ашып отыр.
Жаңа күрес залының ашылуына аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ержан Оралбай арнайы қатысып, жаңа нысанды тұрғызуға атсалысқан азаматтарға шынайы алғысын жеткізді.
Ол өз сөзінде: «Міне, біз бүгін балуандардың ұстаханасына айналған ауылда жаңа Күрес залының ашылуына куә болып отырмыз. Осы орайда бүгінгі ел азаматтарының өнегелі ісі кейінгі жастарға үлгі ете отырып, жастарды патриоттыққа, елге адал қызмет етуге тәрбиелеудің маңызы зор деп санаймын. Осы сәтті пайдалана отырып мемлекет саясатын іске асыруда өзінің азаматтық борышына адалдық танытып, туған елінің, туған жерінің дамуына атсалысып келе жатқан азаматтарға алғысымды айтамын», — спорттық нысан ауыл жастарының дені сау болып өсуіне, спортпен шұғылдануына, осы ауылдан талай чемпиондардың шығуына себепкер болатынына сенім білдірді.
Отырар ауданында қазақ күресінің қарыштап дамуына, осы ауданның балуандары облыстық деңгейдегі сайыстарда оза шабуына, республикалық турнирлерде жеңіс тұғырына көтерілуіне бірден-бір еңбек сіңірген бапкер – Оңалбек Әуелбеков. Білікті бапкер 1977 жылы Қоғам ауылында қазақ күресінің үйірмесін ашып, елдің намысы таразыға тартылған сайыстарда абыройды аласартпайтын балуандарды баулыды.
Шара барысында Ержан Асанұлы туған жердің, туған елдің спортын дамытуға атсалысқан ардагер бапкерге ризашылығын білдіріп, иығына зерлі шапан жапты.
Мұнан соң жаңа күрес залының лентасы қиылып, көпшілік заманауи спорттық нысанды аралап көрді.
Салтанатты шара одан әрі Қазақстанның халық ағарту ісінің озық қызметкері, Отырар ауданының құрметті азаматы, спорт ардагері Оңалбек Өтебайұлының жүлдесіне арналған Қазақ күресінен 2009-2010 жылдары туылған кіші жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирімен жалғасын тапты. Спорттық бәсекеге еліміздің Қызылорда облысы мен Шымкент қаласы және Түркістан облысының 11 ауданынан келген, жалпы саны 220 балуан қатысып бақтарын сынауда.
Ал, Сауран ауданында бүгін балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жиынға Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Сәдібаев, Түркістан облысы спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Мүслімова, қысқы спорт түрлерінен Түркістан спорт клубының директоры, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Данияр Исабаев, ҚР Бас Прокуратурасының департамент бастығы Асқар Сапарғалиев және ауыл тұрғындары қатысты.
— Бүгін қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Өйткені, ауылдық округте жаңа спорт кешені ашылды. Алдағы уақытта бұл спорт мектепте 240 бала жаттығатын болады. Кешеннің ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалануда және салауатты өмір салтын қалыптастыруда алар орны ерекше болмақ. Сондықтан осындай спорттық шараларға жастарды көптеп тартуда барынша жүйелі жұмыстар атқарып, жұмыстарды үйлестіруіміз қажет, — деді Серік Өмірханұлы.
Сонымен қатар, шара барысында аудан әкімінің орынбасары Серік Сәдібаев Түркістан облысында волейболдан жасөспірімдер арасындағы өткен жарыста жүлделі орыннан көрінген жаттықтырушыларды арнайы кубок пен мақтау қағаздарымен марапаттады.
Сонымен бірге, мереке ге орай Сарыағаш қаласында балалар ойын алаңшасы мен спорт алаңы ашылды.
Қала тұрғындарына үлкен қуаныш сыйлаған спорт алаңшасының ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, сарыағаштықтарды айтулы мерекемен құттықтады.
Алаңшада балаларға арналған түрлі әткеншектер бар. Түнгі уақытта да қызмет көрсету үшін толығымен жарықтандырылған.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

«Менің Қазақстаным» атты балалар кітапханалары арасында апталық өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА АУҚЫМДЫ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ
Спорт

ТҮРКІСТАНДА АУҚЫМДЫ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

26.06.2025
2
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЗАМАНАУИ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Спорт

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЗАМАНАУИ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

04.06.2025
4
Түркістанда алғаш рет  «Мұз шоуы» өтті
Спорт

Түркістанда алғаш рет «Мұз шоуы» өтті

05.05.2025
3
ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ГІР СПОРТЫНАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ
Жаңалықтар

ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ГІР СПОРТЫНАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

05.05.2025
4
«НАУРЫЗНАМА»: ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТІП ЖАТЫР
Спорт

«НАУРЫЗНАМА»: ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТІП ЖАТЫР

20.03.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢНАН АСТАМ МЕКТЕП ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢНАН АСТАМ МЕКТЕП ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

11.09.2024
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.