Біз өзіміздің экономикалық мәдениетімізді көтеруіміз керек — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Біз өзіміздің экономикалық мәдениетімізді көтеруіміз керек

21.10.2023
Қоғам
0
Біз өзіміздің экономикалық мәдениетімізді көтеруіміз керек

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Президент 1 қыркүйекте жариялаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» деп аталатын биылғы Жолдауында «Әділдік, инклюзивтік және үнемшілдік жаңа экономикалық бағдарымыздың өзегіне айналады» деп атап көрсетті.
Мемлекет басшысы осынау маңызды құжатта Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасын ұсынып, оның еліміздің бәсекелестік артықшылықтарын тиімді пайдалануға және өндіріс саласындағы еңбек, капитал, ресурстар, технология сияқты негізгі факторлардың әлеуетін барынша ашуға негізделетінін ерекше атап көрсетті.
Әділетті Қазақстанның жаңа экономикалық бағдары халықтың экономикалық  мәдениетін, әрбір азаматтың экономикалық ойлауын, білімін дамытуды көздейді. Егер басшы лауазымдағы тұлғалар, мамандар, бизнес өкілдері үшін бұл кәсіби тұрғыдағы экономикалық ойлау болатын болса, ал, басқа саладағылар, жұмысшылар, тіпті жұмыссыз жүрген адамдар үшін де бойында экономикалық сауаттылық, экономикалық білім мен дағдылардың болуы аса маңызды. Себебі, біздің көптеген экономикалық проблемаларымыздың себебін іздесеңіз, ол адамдардың қаржылық сауаттылығы деген мәселеге келіп тіреледі. Нарықтық заманда экономикалық қатынастарға қатысы жоқ адам болмайды. Бірақ, әлі де отбасыдағы тұрмыстық-экономикалық мәселелерді шешуде мемлекеттен көмек күтіп отырамыз, яғни кеңестік өмірден қалған масылдық психологиядан арыла алмай келеміз. Мемлекет халықтың өмір сапасы төмен топтарына әлеуметтік көмек беру ауқымын көбейтуде. Бірақ, жеке тұлғаның, отбасының материалдық-экономикалық мәселелерін шешуде мемлекеттен жәрдем күту  психологиясы өскелең ұрпаққа эстафета ретінде берілмеуі тиіс. Демек, біз өз экономикалық мәдениетімізді көтеруіміз керек.
Иә, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың, жұмыссыз адамдардың қиын материалдық хал-күйге түскендігін, бұл олардың психологиясына, ойлауына, өмірлік құндылық бағдарларына әсер еткенін байқау қиын емес. Адам бұл жағдайларда көптеген сұрақтарға жауап таба алмайды. «Қалай өмір сүрсем екен?», «Бала-шағаны қалай өсірсем екен?», «Неге басқалар секілді табысты емеспін?» деген сұрақтар оны еріксіз мазалайды.
Қоғамдағы әділдік жақсы қаржы табатын іскер адамдардың әлеуметтік жағдайы төмен бөліктеріне өз байлығын бөлісуімен бағаланады десек,  ол соншалықты әділдік бола қоймас. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар да білімдерін жетілдіріп, қоғам алдындағы жауапкершіліктерін сезініп, өз әлеуметтік жағдайын жақсарту, келе-келе мемлекет экономикасын көтеру бағытында қадамдар жасауы қажет деп ойлаймыз. Бұл үшін бұқараның қаржылық сауаттылығын көтеруге ерекше назар аудару керек. Біріншіден, балабақшадан бастап барлық білім беру ұйымдарында қаржылық сауаттылықты қарапайым түрде оқытуды қолға алу керек. Ересектер үшін қосымша, қажет болса қолжетімді немесе ақылы курстар ұйымдастыру керек.
Бұқараның қаржылық сауаттылығын көтеру үшін мектеп бағдарламаларын тағы да күрделілендіріп, балалардың басын ауырту қажет емес деп ойлаймын. Бұған еріктілерді тарту жақсы нәтиже береді. Мәселен, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Экономика және менеджмент» жоғары мектебінің 1-курс студенттері  2022-2023 оқу жылында «Қаржы» білім беру бағдарламасы негізінде «Қоғамға қызмет ету» курсын меңгеру  аясында  бірнеше әлеуметтік жобалар әзірлеп, мектеп оқушылары мен студенттерге  ерікті түрде қаржылық сауаттылық бойынша сабақтар, тренингтер жүргізді.
Қорыта келгенде, Мемлекет басшысының Жолдауында алға қойылған Қазақстанның жаңа экономикалық бағдарын жүзеге асыру үшін  бұқараның экономикалық білімін, мәдениетін, мамандардың экономикалық құзыреттіліктерін арттыруға ерекше мән беруіміз керек. Бұл, өз кезегінде, балабақшада, мектепте, колледждерде оқушылардың экономикалық тәрбиесін тиімді ұйымдастыру, ата-аналардың қаржылық сауаттылығын дамыту, ал, жоғары оқу орындарында  даярлық бағытынан тыс білім алушылардың кәсіби экономикалық құзыреттіліктерін қалыптастыруды көздейді. Экономикалық мәдениетімізді дамыту жаңа экономикалық бағдарымыздың күн тәртібіндегі аса өзекті мәселе, оны жылдам және  табысты шешуге әрекеттену керек.
 
Н.АЛМЕТОВ,
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Заманауи педагогика және психология» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ШАРДАРАДА АУЫЛДАРҒА ГАЗ БЕРІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Адалдық – құтты қоғамның темірқазығы

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА  «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30.06.2025
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

28.06.2025
2
САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
3
ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
2
КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қоғам

КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.06.2025
2
БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
Қоғам

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

27.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.