ТҮРКІСТАН: ЖЕРАСТЫ МЕШІТТЕРІ ТУРИСТЕР ТАМАШАЛАЙТЫН ОРЫНҒА АЙНАЛУЫ КЕРЕК — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Руханият

ТҮРКІСТАН: ЖЕРАСТЫ МЕШІТТЕРІ ТУРИСТЕР ТАМАШАЛАЙТЫН ОРЫНҒА АЙНАЛУЫ КЕРЕК

09.11.2023
Руханият
0
ТҮРКІСТАН: ЖЕРАСТЫ МЕШІТТЕРІ ТУРИСТЕР ТАМАШАЛАЙТЫН ОРЫНҒА АЙНАЛУЫ КЕРЕК

Ұлы Жібек жолы бойындағы  ерекше маңызға ие қалалардың бірі – Түркістан. Шаһарда білім мен ғылым, мәдениет, дін қатар дамыды. ХІІ ғасырда Сыр бойында орналасқан қалаларда қылует жерасты мешіттері көптеп пайда болып, олар ХХ ғасырдың ортасына дейін үздіксіз қызмет атқарғандығы жайлы  мәліметтер ғылыми әдебиеттер мен жаһан жиһанкездерінің естеліктерінде жиі кездеседі.

«Қылует» сөзі араб тілінен аударғанда «Халуәтун» жалғыз, жеке өмір сүруге ұмтылу дегенді білдіреді. Ал, түркімен тілінде аударғанда «Қылует» – «құпия» деген мағынаны беретіндігін ғалым С.М.Давыдов өзінің «Суфизм в Туркмении» деген еңбегінде жазған. Қожа Ахмет Ясауи тариқатындағы қылует рәсімі жайлы ғалым Ф.Көпрүлү 1914 жылы жазған «Шура меджмуасы» атты мақаласында былай дейді:

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

«Қылует қалаған адам халықтың жаманшылығынан қорғану үшін емес, өз жаманшылығынан қорғану үшін бұл әрекетті таңдап алдым деп ойлауы керек. Өйткені, керісінше болған жағдайда өркөкіректік пен тәкаппарлыққа жол береді. Қылует қырық күнге созылатын, күні-түні ұйқы мен тамақтан шектеліп, тәкбір, истиғфар оқылып, Аллаға құлшылықпен өтетін ғибадат мерзімі ретінде сипатталады. Әзірет Сұлтан қабіріне сопылар, қажылар үнемі зиярат етсе де, жылда бір рет зұлхиджа айының алдында үлкен рәсімді түрде қылуетханаға кіреді».

Орыс ориенталисі В.А.Гордлевскийдің «Концепции истори Туркестанского святилища» деп аталатын еңбегінде Қожа Ахмет Ясауи алпыс үш жастан кейін өмір сүрген «Қылует» мешітінің қонақ үйлері мен жылқы байлайтын ат қоралары болғандығы жайлы мәлімет келтірілген. Сонымен қатар, В.А.Гордлевский 1929 жылы Түркістанда болған сапарында тұрғылықты халықтан естіген дерегіне сүйене отырып, жыл сайын қысқы шілде (25 желтоқсан – 5 ақпан аралығы) кезінде Түркістанға Орта Азия мен Кавказдан жиырма бес мыңдай адам келіп, қылуетке түсетінін айтқан.  Қылуетте қырық күн болып, зікір салып құлшылық амалдарын өткізген. Жергілікті халықтың сопыларға ас-су тасығандығын да жазып қалдырған.

Қожа Ахмет Ясауи өмір сүрген ХІІ ғасыр тұсында сопылық ілімді қарапайым халық қана емес, ірі дін өкілдері мен билеуші топ өкілдері де мойындады. Ол ислам дінінің түркі халықтары арасында таралуы мен орнығуына үлкен әсер етті. Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті әрі туысы Мәулана Сафи ад-дин Орын Қойлақының «Насабнама» қолжазбасында Ахмет Ясауидің әкесі Ибраһим шайықтың отызға жуық «Қылует» мешіттерінде балаларды оқытқаны баяндалады. Ал, Қожа Ахмет Ясауидің өзі елуден аса «Қылует» жұмысына басшылық жасап, шәкірттерін шартарапқа діни білім беру үшін жіберіп отырған екен.

Тарихшы, ғалым М.Тұяқбаев «Түркістан сырлары» кітабында «Қылует» мешіттерінің міндетін атқарған мешіттерді атап өткен. Олардың арасында «Кіші Қылует», «Құмшық ата», «Шілдехана», «Шәмет Ишан» мешіті мен «Имам Марғузи» мешітінің құрылыс қалдығы осы күнге дейін сақталған. Соңғы жылдары «Құмшық ата», «Шілдехана», «Шәмет Ишан» мешіті, «Имам Марғузи» мешіттері қайта қалпына келтірілген. Ал, «Кіші Қылует» «Үлкен Қылует» сияқты тарихи орындар 1942 жылы бұзылып, олардың кірпіштері май зауытын (антибиотик зауыты) салуға жұмсалған екен. Ортағасырларға тиесілі болған бұл рухани кешендердің тәрбиелік мәні зор. Онда күн кешуге және құлшылық-ғибадатын атқаруға барлық жағдай жасалған. Қылуетте Қожа Ахмет Ясауи салдырған бір адамдық «Ғар» бөлмесіне қатар «Мешіт», «Жамағатхана», «Шаруашылық», «Құжыра», «Тахаратхана» бөлмелері болған.

ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін қылует жерасты мешітіне бірнеше рет археологиялық зерттеу жүргізілді. 1972-1973 жылдары Археология институты мен Қазақ КСР Мәдениет және спорт министрлігі бірлесе  отырып, белгілі археолог Т.Н.Сениговаға қазба жұмысын тапсырады. Т.Н.Сенигова 1942 жылы бұзылып алынған қабырғалардың ізін табу мақсатында археологиялық барлауды траншеялық әдіспен жүргізеді. Қазба нәтижесінде табылған керамикалық және стратиграфиялық материалдарға сүйене отырып, археолог құрылыстың салыну мерзімін ХV-ХVІ ғасырлар деп көрсетеді. Алайда, Т.Н.Сенигова «Қылует» мешітінің ең көне бөлігі болып табылатын жер астындағы «Ғар» бөлмесінің іші-сыртына стратиграфиялық зерттеу жүргізбегендіктен алып кешеннің датасын анықтауда қателік жібереді. Оны кейінгі зерттеуші археологтар (Е.Смағұлов, Қ.Итенов, М.Тұяқбаев) анықтады.

Қожа Ахмет Ясауи өмір сүрген «Ғар» бөлмесінің ерекшелігі – «балх» әдісімен қаланған. Төрт қырлы күмбезбен жабылған. Ол жер бетінен 4-4,5 метр тереңдікте салынған ылғалды бөлме. Қабырғаның екі шетінде май шам қоятын орын да қарастырылған.

«Ғар» сияқты жеке адамның өмір сүруіне арналған бөлмелер Түркістандағы Қарнақ елді мекенінде, Сайрам мешіт құрылысында, Маңғыстау өңіріндегі Шопан ата, Бекет ата, Шақпақ ата, Сұлтан Үпі мешіттерінде, Бұхарадағы Бахауитдин құрылыс кешенінде, Піскент ауданындағы «Янтақ» селосында, Самарқандағы Шахи Зинда құрылысында, Ташкенттегі Зайнутдин баба кесенесінде және Құсам ибн Аббас кесенесінде кездеседі. Мәулана Сафи ад-дин Орын Қойлақының «Насабнама» еңбегінде мұндай мешіттердің Отырар мен Сырдың батыс бетіндегі Зернұқ (Уәсидыс) қаласында да болғандығы айтылады.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің мешіт бөлмесінен 50-60 метрдей жерде кіші қылует жер асты мешітінің орны сақталған. Оны 1960 жылы археолог Е.И.Пацевич бірінші болып зерттеді. Құрылыс төртбұрышты кірпішпен қаланып, жартылай жер астында орналасқан. Кішкене күмбезді, жамағатхана, тахаратхана бөлмелерімен қоса «Ғар» бөлмесі бар.

1972 жылы кіші қылуетті археолог Т.Н.Сенигова тұрғылықты халықтың айтуынша және Е.И.Пацевичтің жазған есебі негізінде зерттеп, 1976-1977 жылдары ғылыми мақала жариялады. 1997-2001 жылдары археолог-ғалым М.Тұяқбаев бастаған Түркістан археологиялық экспедициясы «Кіші қылуетті» қайтадан қазып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде «Кіші қылуеттің» 1942 жылы бұзылып, кірпіштері май зауытын (антибиотик зауыты) салуға жұмсалғандығы расталды. Түркістан өңіріндегі «Құмшық ата» мешіті, «Шілдехана» мешіті және Қарнақтағы «Шәмет ишан» мешіті, Шобанақ елді мекенінде орналасқан «Имам Марғозы» мешіттерінде де осы жағдай орын алғанын атап өткен жөн.

Мәулана Сафи ад-дин Орын Қойлақының «Насабнама» еңбегінде қылуетке адамдар жазғы шілде және қысқы шілдеде түсіп, онда қырық күн діни білімін жетілдіріп, қырық бірінші күні шығатындығын жазып қалдырған. Осындай діни үрдіс өткізетін жер асты мешіттерінің бірі – Күлтөбе қалашығының маңында орналасқан «Құмшық ата» мешіті. Бұл жер асты мешіті Х-ХІІ ғасырларға жататын археологиялық ескерткіш болып табылады. Ол Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай бір шақырым жерде ашық далада орналасқан. Сопылардың діни рәсімдер өткізуіне арналған. Мешіт екі бөлмелі болған. Жер асты мешіті Х-ХІІ ғасырларда өмір сүрген әулие Құмшық ата атымен байланысты айтылады. Зерттеулер мешітті ХІІ ғасырдан бастап халық жиналып, діни уағыздар, рәсімдер өтетін орын болғандығын растайды. Сонымен қатар, ел аузындағы аңызға сүйенсек – Қожа Ахмет Ясауи өзі де жер асты жолы арқылы «Әулие Құмшық ата» мешітіне барып мінәжат етіп отырған. Олай болса Х-ХІ ғасырларда Құмшық ата да «Ғарда» өмір сүріп, шәкірттері «Шілдехана» бөлмесінде зікір салып, сопылық әдет-ғұрыптар жүргізген деуге толық негіз бар.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен солтүстік-батысқа қарай 12 метр жерде орналасқан жер асты нысандарының бірі – «Шілдехана» мешіті. Ол сопылар қырық күн шілдеде діни әдет-ғұрыптар өткізетін орын болған. Шілдехана құрылысы ХІV-ХV ғасырларда салынған деп болжанады. Уақыт өте келе қирап көміліп қалған ескерткішті 1958 жылы археолог ғалым Н.Б.Немцева, 1972-1973 жылдары Т.Н.Сенигова аршып зерттеді.

Түркістан қаласынан қырық шақырым жерде орналасқан, ХІХ ғасырда бой көтерген «Шәмет ишан» мешітінде үлкен құлшылық, кіші құлшылық бөлмелері, қылует, ғар бөлмесі, шаруашылық бөлмесі қарастырылған. Мешіт күйдірілген кірпіштен салынған. Ол Түркістан аумағында орналасқан қылует мешіттердің соңғы үлгілерінің бірі болып табылады. Мешітте сопылардың қырық күн шілдеде діни әдет-ғұрыптар өткізуіне барлық жағдай жасалған. Мешіт екі күмбезбен көмкерілген. Ондағы ағаш бағаналар тіреуіш қызметтерін атқарған. Бұл мешітке қосымша айван бөлмесі болған.  Мешіттің жанынан медресе бой көтеріп, онда көптеген мүридтер білім алған. Олардың арасында Шортанбай Қанайұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Балмағамбет Балқыбайұлы, Молда Мұса Байзақұлы секілді қазақ зиялылары білім алған деген деректер бар.

Қорыта айтқанда, еліміздегі жер асты мешіттерінің арнайы тізбегі мен картасы жасалып, оларды туристік бағытқа енгізу кезек күттірмейтін жұмыстар деп есептейміз.

Б.БАЙБОЛОВ,

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығы ғылыми зерттеу бөлімінің басшысы.

Түркістан қаласы.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Түркістан қаласындағы мәдени-тарихи нысандар

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР – ҰЛТТЫҚ ТАРИХЫМЫЗДЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Руханият

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

13.09.2024
13
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Руханият

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07.12.2023
98
САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Руханият

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07.12.2023
31
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ
Руханият

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ТҮРКІСТАН: «ЖАҚСЫ ДӘСТҮР УАҚЫТТЫ ЖАТСЫНБАЙДЫ»
Руханият

ТҮРКІСТАН: «ЖАҚСЫ ДӘСТҮР УАҚЫТТЫ ЖАТСЫНБАЙДЫ»

07.12.2023
31
«ТҮРКІСТАН ТАЛАНТТАРЫ» ЖОБАСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
Руханият

«ТҮРКІСТАН ТАЛАНТТАРЫ» ЖОБАСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

06.12.2023
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.