Түркістан қаласындағы мәдени-тарихи нысандар — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Руханият

Түркістан қаласындағы мәдени-тарихи нысандар

09.11.2023
Руханият
0
Түркістан қаласындағы мәдени-тарихи нысандар

Түркістан қаласындағы мәдени-тарихи нысандарды дамыту бағытында салынған «Түркістан тарихи-этнографиялық орталығындағы» тарихи-мәдени жәдігерлердің орны бөлекше. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ашылған бұл орталықтың туристерге берер тәлімдік-танымдық маңызы зор. Бүгінде бұл орталық ғимараты қала әкімдігіне ауысып, жаңадан «Ұлы Дала Елі» атты бүкіл тарихынан жанды сыр шертетін кешенді құрылыс ғимараты осыдан екі жыл бұрын пайдалануға берілген. Бүгінде кез келген турист, не қонақты апарып көрсететін арнайы тарихи орынға айналған. Ғасырлардан-ғасырларға жалғасып келе жатқан қазақ тарихының қырлары мен сырлары осы ғимаратқа кірген туристердің танымын арттырып, баурап алары анық. Осы тарихи жәлігерлердің өзі-ақ қаншама ғасыр өтсе де,  киелі қалаға туристерді қабылдауда маңыздылығын жоймай, кейінгі ұрпақтың көзіне сүртіп көрсетер құндылығы болуда.

Өткен жылы Түркістанға 1300-ден астам туристер келген. Облыстық кәсіпкерлік индустриялық-инновациялық даму дәне туризм басқармасының мәліметінше, сол туристердің басым көпшілігі Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, АҚШ, ҚХР, Германия, Италия елдерінен келген. Шетелдіктерден бөлек, Қазақстанның барлық аймағынан шипажайларға, тарихи орындарға келушілер баршылық. Демек, туризм Түркістан үшін таптырмас табыс көзі болғалы тұр.  Облыс орталығы Түркістан қаласының өзі  түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде талай туристі қонақжайлылықпен қарсы алатыны анық. Соған сай, көрсетілетін қызметтердің де сапасын жоғары талапқа сай етуді, қаланың туристік әлеуетін арттыру бойынша нақты қадамдық іс-шаралар жоспарын бекіту тиісті мекемелерге тапсырылған. Облыс орталығы атанған уақыттан бері бұл жұмыстардың ауқымы барынша ұлғая түскен.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Ежелден рухани астана болып саналған Түркістан қаласы туризм кластері бойынша дамып, жылына миллиондаған туристерді қабылдайтын күнге де жетті. Ұлы Жібек жолының  дарқан даласына айналған өлкеде ертеден қалалар пайда болды, мәдени ошақтар салынды. Соңғы үш жылда Түркістан облыс орталығы болып, адам танымастай өзгерді. Жаңа құрылыс нысандары ерекше үлгіде бой көтерді. Бұл қаланың өсіп-өркендеуімен қатар, туризмнің қарқынды дамуына серпінді әсер етері сөзсіз. Негізгі қаржыға  тартылған инвестиция 291433,6 млн теңгені құрап, 2020 жылдың  тиісті мерзімімен салыстырғанда 76,4 пайызды құраған. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 46355,7 млн теңге, жергілікті бюджет есебінен 94199,3 млн теңге, 128657,2 млн теңгесі ұйымдардың өз қаржысы есебінен, банк  несиелері есебінен   3425,2 млн теңге, басқа да қарыз қаражаты есебінен 3425,2 млн теңге. Бұл көрсеткіш бойынша, облыстың инвестиция көлемінің 44,1 пайызын құрап, аудан мен қалалар бойынша 14-орында тұр.

Өнеркәсіп саласында 2021 жылдың қорытындысы бойынша  20045,3 млн. теңгенiң өнімі өндіріліп, 2020 жылдың тиісті мерзімімен  салыстырғанда өсім 5,2 % құраса, өнеркәсіптің басым саласы – өңдеу өнеркәсібінде 12498,3 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 98,5 %-ды құрап орындалмады (Жоспар- 105,0 %). Электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемi 6501,0 млн.теңгенi құрап, 165,6 пайызға артты. Өнеркәсіп өнімдері бойынша қаланың облыс көлеміндегі үлесі 2,8 пайызды құрап,  қала, аудандар бойынша 6-орында. Үдемелi индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына» құны  24 млрд теңгені құрайтын 17 жоба енгiзiлген. Осы кәсіпорындарда 1088 жұмыс орнын ашу көзделген. Жалпы бағдарлама бойынша 2021 жылы өндiрiлген өнiмнің көлемi 4470,8 млн. теңге, жалпы өңдеу өнеркәсiбінің өнiмi көлемiндегi үлесi 35,8  пайызды құрады. Ағымдағы жылы индустрияландыру картасына жоба құны 2 млрд. теңгені құрайтын 2 жоба қосылды. Оларда 166 жұмыс орнын ашу көзделуде. 

Өнеркәсіп көлемін арттыру мақсатында қолданыстағы 40 га жер телімі қосымша 310 гектарға ұлғайтылып, тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуде. 2015-2020 жылдар аралығында жобаның құны 6,9 млрд. теңгені құрайтын 18 кәсіпорын мемлекеттік қабылдаудан өтіп, іске қосылған. Олардан 1210 жұмыс орны ашылды. 2021 жылы өнеркәсіп саласында жобасының құны 2754,0 млн. теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылып, 310 жұмыс орны ашылған.                                    

Ауыл шаруашылығы саласында 9503,2 млн. теңгенiң өнiмi өндiрiлiп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 90,2 пайызды құрады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы жалпы өнімі 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айында 6,4 млрд. теңгені құраса, мал шаруашылығы бойынша жалпы өнім көлемі 2,8 млрд. Теңгеге жеткен. 2021 жылдың қорытындысымен  шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 12402 адам тiркелiп, оның iшiнде жұмыс iстеп тұрған белсендiлерiнiң саны 12022 болған. Жұмыспен қамтылған адамдар саны 27134 және өнiм көлемi (жұмыс, қызмет) 233,8 млрд теңге, бюджетке төленген салық көлемі 8064,4 млн. тенгені құрады. Белсенді ШОБ жандардың толық статистикалық есеп тапсыруын қамтамасыз ету, олармен төленетін міндетті төлемдердің өтелуін қадағалау бойынша статистика басқармасымен бірлесіп жұмыстар  жүргізілуде.

Түркістанда «Бизнестің жол картасы 2020» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша 2021 жылы 23 жобаға қолдау көрсетіліп, 185 жұмыс орнымен қамтамасыз етілген. 2022 жылға жоспар – 2000  жаңа жұмыс орнымен қамту көзделмек.

Түркістан халқына және киелі қаланы арнайы көруге келген, саяхаттаушы туристерге барлық жағдайды жасау мақсатында, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі қолға алынып, шаралар  жүргізілуде. Түркістан қаласы аумағында супермаркеттермен қоса, жалпы саны 12 әлеуметтік дүкен орналасқан. Алдағы уақытта қосымша 10 әлеуметтік дүкен ашу жоспарлануда. Түркістан қаласы аумағында орналасқан 3 ірі супермаркетте әлеуметтік бұрыш ашылған. Қазіргі уақытта қосымша 30 әлеуметтік бұрыш ашылуда. 4 түрлі тауар түрлері 30 әлеуметтік дүкенге жеткізілуде. Алдағы 2 апта көлемінде толықтай жұмыс жасайтын болады. Қала аумағында 55 тұрақты емес сауда орындарын ашуға, 165 жаңа жұмыс орындарымен қамту қарастырылған.

2021 жылы 40 мың шаршы метр сауда алаңы бар, сәулетті «Керуен-сарай» кешені іске қосылды. «Керуен-сарай» шығыстық жаңа үлгіде салынған. Келген қонақ, туристерге барлық жағдайы қарастырылған. 40 мың шаршы метрге созылған аумақты жағалай, айналдыра салынған толық қолайлы қонақ үйлер, дәмханалар, ойын-сауық орындары, түрлі аттракциондар, т.б ерекше көз тартады. Зәулім сарай 510 орындық «Облыстық Драма театрының» сұлулығы көз тартады. Бүгінде театр ұжымы өз жұмысын бастап, алғашқы қойылымдарымен көрермендерін қуантуда. Қала ортасынан бой көтерген ерекше сәнді «Амфитеатрдың» өзі неге тұрады. Бейне бір ашық, жан-жағынан еркін кіретін дала театры ма дерсің! Сонымен қатар, Түркістанда «Хазірет Сұлтан» Халықаралық әуежайы пайдалануға берілді. Түркістаннан ұшаққа міне алады, Түркістанда ұшақтан түсе алатын жағдай түркістандықтардың өмірбойғы қолжетпес арманы еді. Бұл арманға да Алла жеткізді! Осындай қажетті нысандар қала туризмін дамытуға елеулі серпін берді.

Осы жұмыстар, жалпы туризмді дамыту бойынша мәдени-рухани орталықтың жұмысының қарқынды дамуына әсер етуде. Нәтижесінде 2021 жылы қаңтар-желтоқсан айларында Түркістан қаласына  келуші зияратшылар мен туристердің саны 1 506 080 құраса, 2022 жылдың 3 айлық көрсеткіш бойынша 121490-ге жетіп отырғанын байқадық.

 

Б. Оспанова,  ф.ғ.к., доцент, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

соңы.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Өңірдегі туризмнің дамуы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ЖЕРАСТЫ МЕШІТТЕРІ ТУРИСТЕР ТАМАШАЛАЙТЫН ОРЫНҒА АЙНАЛУЫ КЕРЕК

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Руханият

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

13.09.2024
13
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Руханият

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07.12.2023
98
САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Руханият

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07.12.2023
31
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ
Руханият

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ТҮРКІСТАН: «ЖАҚСЫ ДӘСТҮР УАҚЫТТЫ ЖАТСЫНБАЙДЫ»
Руханият

ТҮРКІСТАН: «ЖАҚСЫ ДӘСТҮР УАҚЫТТЫ ЖАТСЫНБАЙДЫ»

07.12.2023
31
«ТҮРКІСТАН ТАЛАНТТАРЫ» ЖОБАСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
Руханият

«ТҮРКІСТАН ТАЛАНТТАРЫ» ЖОБАСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

06.12.2023
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.