Бүгін, Төлеби ауданының әкімі Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев ҚР Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында, бекітілген кестеге сай Зертас ауылдық округінде халықпен кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан басшысы Төлеби ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023 жылдағы 9 айдағы көрсеткіші мен ІІІ тоқсандағы кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша баяндады.
Жаңакүш және Зертас елді мекендерінде автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 35,15 шақырымды құраса, елді мекендердің ішкі көшелерінің жарамдылығы — 92 % жеткен. 2023 жылы облыстық маңызы бар «КХ-82 «Шымкент-Зертас-Көксәйек-Тасарық-Қасқасу» автомобиль жолы орта жөндеуден өткізіліп, аяқ жол салынды. Ендігі кезекте жол кедергілері мен жол белгілерін қою жұмыстары жүргізіледі. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 5,0 шақырым болатын Жарасов, Қ.Мамытов көшелерінің құрылыс жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді.
Округ аумағында табиғи газ мәселесі толық шешімін тапқан. Ал, ауыз суға қатысты Зертас елді мекеніне 64,0 шақырым су құбыры тартылып, 2 дана (1200м3/куб) резеруар құйылып, 531 – дана су құдық орнатылды. Жалпы құрылыс жұмыстары толық аяқталып, елді мекенге су берілген. Қазіргі таңда пайдалануға құжаттары дайындалып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Бұған қоса, биылғы жылы Жаңакүш елді мекеніне ауыз су құбырын жүргізу үшін бюджеттен арнайы қаржы бөлініп, мердігер «Real Invest Stroy» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары басталды. Нысан құрылысы 2024 жылға өтпелі. Елді мекендерді электр жарығымен қамту бағытында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС өз меншігіндегі тозығы жеткен Жамбыл көшесіндегі апатты жағдайдағы электр жүйелері мен 4 бағананы ағымдағы жөндеу арқылы ауыстырды. Жаңакүш елді мекенінде апатты жағдайдағы бағаналар қараша айында ағымдағы жөндеу жұмыстарымен ауыстырылатын болады. Жалпы, Зертас ауылдық округі бойынша жалпы 7,52 шақырым түнгі жарық орнатылған. Орталық жолдардағы түнгі жарық мәселесі шешілген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде жүзеге асқан кездесу барысында округ халқы өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан тұщымды жауап алды. Президенттің қоғам мен биліктің өзара ықпалдасқан іс-қимылының маңызды екеніне екпін беріп, азаматтарды ашық диалогқа шақыруға алған басқосу барысында аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы көтерілген мәселелердің орындалу барысы мен шешу жолдарын түсіндірді.
Иә, билік бұқараға барынша жақын болуы керек. Бұл бағытта аудан әкімі ауданның 55 елді мекенін аралап, халықтың ұсыныс-пікірін тыңдап, олардың талап-өтініштеріне құлақ асып, өз құзыреті шегінде шешу жолдарын қарастыруда.
Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың жыл басынан бергі елу бірінші кездесуі Бейнеткеш елді мекеніндегі ауылдық клуб ғимаратында ұйымдастырылды. Кездесу талапқа сай, аудан әкімінің ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының 9 айдағы көрсеткіші мен шілде айында осы округ аумағында өткен кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылыған жұмыстарды таныстыруымен басталды. Екі сағатқа жуық созылған басқосудың алғашқы он бес минут уақыты ауданда, округте жүзеге асқан жобаларды баяндауға арналды. Кездесудің қалған бөлігі сұрақ – жауап форматында өтіп, аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы округ халқын толғандырған сұрақтарды талқылап, проблемалалық мәселелердің шешу жолдарын мен орындалу мерзімін түсіндірді.
Халқы санынан аудан орталығынан кейінгі екінші орында тұрған Бірінші Мамыр ауылдық округінде инженерлік – коммуникация жүйелерін жетілдіру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Биылғы жылы облыстық маңызы бар 8,6 шақырымды құрайтын КХ-29 «Шарапхана-Жаңабазар -1Мамыр» автомобиль жолы орта жөндеуден өткізіліп, жарықтандыру бағаналары орнатылды.. «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында 338,1 млн теңгеге Зағамбар елді мекенінде жалпы 14,7 шақырым болатын 18 көше жөндеуден өтті. Социал көшесіндегі 14 үйге 3,05 шақырым табиғи газ құбыры тартылып, тиісті құжаттары реттеліп, пайдалануға берілді.
Бейнеткеш елді мекенінде 24,4 шақырым ауыз су құбырлары жаңартылып, ішкі құбырларға су берілді. Мердігер мекеме қажетті құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтағаннан кейін, мемлекет меншігіне қабылданады. Жаңажол елді мекенінде республикалық бюджет 37,7 шақырым ауыз су құбырлары жаңарту жұмыстары басталған. Алайда ол аумақта ауылды қамтамасыз ету бұлақ көздері болмағандықтан тиісті мекемелермен анықтау жүргізіп, бүгінге суды ашық су көзінен тазалау қондырғылары арқылы тұтыну бойынша түзету (корректировка) жұмыстары жүргізу үшін қажетті құжаттар тізімі жинақталып, облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасына хат жолданды. Аталған басқарма тарапынан ҚР Қаржы министрлігі «Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне» құжаттар жолданып, қорытындысы күтілуде. Нысан құрылысы 2024 жылға өтпелі болады. Сондай-ақ, Социал көшесінің ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеуден өткізуге қаржы қаралып, «Ленгір су» тарапынан бүгінгі таңда ауылдың ішіне диаметрі 75 мм құбыр тартылып, абоненттерге диаметрі 20 мм құбырмен жалғанып берілді. Бұлақтың басы каптаждалып аяқталды. Елді мекенге су беру жұмыстары жүргізілуде.
Алғабас е/м ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеуден өткізуге «Ленгір су» тарапынан бүгінгі таңда барлық құбырлар мен қажетті материалдар алынып, құбыр алмастыру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес қараша айында аяқталатын болады.
Тағайна елді мекеніндегі 11 көшеге (Айбын, Байлық, Береке, Бәйтерек, Бірлік, Ақжол, Ақпейіл, Аққайнар, Сазды және №1,2,3) және Жаңа жол елді мекеніндегі жаңа массивке мердігер «Шаңырақ ХХІ» ЖШС тарапынан жалпы 36,1 шақырым электр жүйесі тартылып, 510 бағана, 6 трансформатор орнатылды. Қазан айының соңына дейін электр желісіне қосылып, пайдалануға берілетін болады. М. Әуезов көшесіне 151 бағана орнатылып, 3,7 шақырым электр желісі тартылды. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып пайдалануға берілетін болады. Комплекс көшесінің 0,950 шақырымының электр жүйесін жаңарту үшін демеуші «Шымгеопроект» ЖШС тарапынан ЖСҚ әзірленуде. Сараптама қорытындысы алынып, 2024 жылдың қаржыландыруға ұсынылады.
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС –нің инвест бағдарламасына сәйкес, Сүгір көшесінде орналасқан трансформатор жаңартылып, кВ 250 трансформатор орнатылды. Бірінші Мамыр елді мекенінде №744 КТП дан тарайтын Д. Әшірбай, Үшетай көшесінің электр бағаналары мен желісі ауыстырылды. Алғабас елді мекенінде №719 трансформатордан тарайтын 2,7 шқ электр желісін жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылы — «Жарық жол» МКК тарапынан Ынтымақ елді мекеніндегі орталық көшеге, Абырай, Бірлік көшелеріне түнгі жарық шамдары қойылды. Сондай-ақ, Д. Әшірбай көшесіне аяқ жол салу үшін сметалық құжаты әзірленіп, қажетті қаржыны бөлу жөнінде бюджеттік комиссияға ұсынылды.
Жиында тұрғындар тарапынан көтерілген проблемалық мәселелердің пулы жасалып, халықтың сұраулары мен ұсыныстары ескеріле отырып, шешу жолдары қарастырылады. Кездесу қорытындысы негізінде хаттама түзіліп, халық көтерген мәселелерді шешу жолдары мен олардың орындалу барысы, жауапты орындаушыларды көрсете отырып, оларды шешу жөніндегі іс-қимыл жоспары аудан әкімінің ресми сайтына жарияланады.