ҚР Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында аудан әкімі Төлеген Телғараевтың төртінші тоқсандағы сегізінші кездесуі Аққұм ауылдық округінде өтті. Момынай жалпы орта мектебінің акт залында ұйымдастырылған басқосуда аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 8 айдағы көрсеткіші мен ІІІ тоқсанда өткен кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
Құрамында 3 елді мекені бар ауылдық округтің ішкі көшелерінің жарамдылығы 96,1 %. жетті. 2023 жылы Қапал батыр және Әлі ата көшесі ағымдағы жөндеуден өткізілді Аудандық маңызы бар КХТЛ-16 «Аққұм-Көксәйек» автомобиль жолын орта жөндеден өткізу үшін ведомствалық сараптамалық қорытындысы алынғанан кейін, 2024 жылы бюджеттік қаржыландыруға ұсынылады.
Округ аумағында табиғи газ мәселесі толық шешімін тапқан. Биылғы жылы Аққұм, Жаңаұйым, Момынай елді мекеніндегі 1968 жылы салынған құбырлар келешекте жаңартуды қажет ететін болғандықтан сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен жобалу іздестіру жұмыстары (ПИР) жасалады. 2024 жылы жобалау-сметалық құжатын (ЖСҚ) әзірленеді. Ақпан батыр көшесіне трансформатор мен электр желісінің құрылысы үшін жобалаушы «Санжар проект» ЖШС тарапынан ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. 2024 жылға қаржыландыруға ұсынылады. Ащы, Қырықбаев, Тастөбе көшелеріне демеуші «Шымгеопроект» ЖШС тарапынан ЖСҚ әзірленуде. Жыл соңына дейін сараптама қорытындысы алынып, 2024 жылға қаржыландыруға ұсынылатын болады.
Округ аумағының орталық көшелері түнгі жарықпен қамтылған. Жаңаұйым елді мекеніне Алатау Ленгір тас жолынан кіре беріс аркадан бастап түнгі жарық шамдары орнатылды. Сондай-ақ, Тастөбе көшесіне 0,810 шақырым аяқжол салу және суағар жасау үшін алдағы болатын бюджетті нақтылауда қайта қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылады.
Кездесу барысында округ тұрғындары тарапынан ауыз су, ағын су, жол жөндеу, түнгі жарық шамдарын орнату, жайылымдық жер секілді мәселелер төңірегінде сұрақтар қойылды. Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселеге жеке – жеке тоқталып, толыққанды жауап берді. Айтылған ұсыныстар бойынша мекеме және бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, кездесуде көтерілген сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында кезең-кезеңімен шешімін табатынын және әр сауал жеке бақылауында болатынын жеткізді.
Киелітас ауылдық округі, Достық елді мекенінде ұйымдастырылған басқосуда аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 8 айдағы көрсеткіші мен ІІІ тоқсанда өткен кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар барысын баяндады.
Төлеби ауданы мен Шымкент қаласының шекарасында орналасқан округтегі облыстық маңызы бар жолдардың жарамдылығы – 99,5 % құраса, елді мекеннің ішкі көшелерінің қанағаттанарлығы — 85,7% жетеді. Биылғы жылы «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қожамжар, Шойбек датқа көшелеріне бюджеттен қаржы қаралып, мердігер мекеме «Нұр сапа» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Наурызым, Сұлтан Бейбарыс, Тұмар, Жасдәурен көшелерінің жол жыбындысын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыланбұзған көшесінің 1,3 шақырымын асфальттау үшін сметалық құжаттама әзірленіп, мердігер мекемені анықталуда. Сұлтан Рабат елді мекеніндегі «Бадам» өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі үшін құны 11,2 млн.т сметасы әзірленген, алдағы болатын бюджетті нақтылауда қаржы қарауға ұсынылатын болады. Қарауылтөбе, Қорған көшесіндегі 63 үйге 5,6 шақырым газ құбыры тартылып, газды қосу бойынша техникалық шарт алынды. Құбырлар сығымдаудан өткізілуде. «ҚазТарансГазАймақ» АҚ атқарушы техникалық құжатына ИТД нөмірі алынып, биылғы жылы газ іске қосылады. «Ленгір құс» кооперативіне ауыз су құбырын жүргізу үшін ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы қаралып, «Ленгір су» МКК тарапынан құбыр тартылуда. Ағымдағы жылдың қараша айының аяғына дейін су құбыры жүргізіліп пайдалануға беріледі.
2023 жылы Қарауылтөбе, Ескіқорған, Жалын көшелеріне жоба бойынша 4 трансформатор, 12,2 шақырым электр желісі тартылып, 155 абоннент сапалы электр қуатымен қамту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, Мерей, Береке көшелеріндегі электр жүйелері жаңартылуда. «Шымкентцемент» АҚ демеушілігі есебінен Алимкулов, Бірлік көшелеріне түнгі жарық шамдары орнатылды. 2023 жылы Сұлтан Рабат елді мекеніне балалар ойын алаңшаларын орнату және қоршау жұмыстары жүргізілуде.
Халыққа билікке деген сенімін нығайту бағытындағы кездесуде аудан басшысы тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, айтылған мәселелердің алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді. Кездесуде айтылған ұсыныстар мен өтініш-тілектер ескеріле отырып, іс-шаралар жоспары әзірленіп, бұл бағытта жұмыстар жүргізіледі. Округ халқы тарапынан туындаған сауалдарға аудан әкімі тиісінше жауап беріп, тұрғындар тілегі басты назарда екендігін атап өтті.
Келесі есепті кездесу Кемеқалған ауылдық округі Қарақия елді мекенінде өтті. Қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру бағытындағы басқосуда аудан әкімі Төлеген Телғараев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 8 айлық қорытындысын баяндады. Сонымен қатар, ІІІ тоқсанда өткен кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар барысын баяндады. Аудан басшысы халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, аудан аумағында жүзеге асып жатқан жобалар мен шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарларламаларды әңгімеледі.
Округ аумағындағы облыстық маңызы бар жолдардың жарамдылығы — 100 % болса, елді мекеннің ішкі көшелерінің қанағаттанарлығы 89,6 пайызға жеткен. 2023 жылы Ақбосаға, Ақбура, Ынталы көшелерінде құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында бюджеттен арнайы қаржы қаралып, мердігер мекеме анықталды. Жөндеу жұмыстары жуық арада басталады, нысан құрылысы 2024 жылға өтпелі. Аудандық бюджет есебінен Шоқалақ көшесін жөндеуге қаржы қаралып, қазіргі кезде мердігер мекеме анықталуда. Төртшал, Қазығұрт көшелері, Абай-Ұйымшыл елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 3,1 шақырымды құрайтын КХТЛ-12 жолын жөндеуге қазіргі талапқа сәйкес «Ұлтық сапа орталығының» қорытындысы алынып, 2024 жылға қаржыландыруға ұсынылатын болады.
Биылғы жылы Қарақия көшесіндегі 14 үйге, 3,5 шақырым табиғи газ құбыры тартылып, көгілдір отынға қосылуда. Ұйымшыл елді мекеніндегі ауыз су құбырын ағымдағы жөндеуден өткізуге аудан бюджетінен 30,1 млн теңге бөлініп, «Ленгір су» мекемесі тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қараша айында толық аяқталатын болады. Қаратөбе елді мекені, Қазығұрт, Қаратөбе, Ынталы көшелеріне трансформаторлық станциядан электр желілерін салу құрылысына 2022 жылға 10,0 млн тг қаралып, құрылыс жұмыстары басталып, қалған 64 190,0 мың теңге 2023 жылға өтпелі. Алайда, 2023 жылғы бюджеттік бағдарламаға сәйкес қаржы қаралмаған. Бұл бойынша салалық басқармаға 3 рет хат жолданып, бюджеттік өтінім жолданған. Ал, Ақбастау елді мекені Төртшал, Талдыбастау (Үңгіртас) көшелерінің электр желілерін жаңарту үшін демеушілер есебінен ЖСҚ әзірленіп, салалық басқармаға 2024 жылы қаржыландыру жоспарына енгізілді. Ұйымшыл елді мекенінің Шоқалақ көшесін абаттандыру ісі толығымен аяқталды.
Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы кездесу барысында округ халқын толғандырған сұрақтарға жауап беріп, проблемалық мәселелердің шешу жолдары мен орындалу уақытын түсіндірді. Кездесуде округ тұрғындары электр жүйелерінің алаңдатарлық жағдайы, дәрігерлік амбулаторияда маманның жетіспейтінін, құрылыс және жөндеу жұмыстарының жайы сияқты басқа да әлеуметтік-экономикалық проблемалардан бастап долана ағашының заңсыз қырқылғанына дейінгі мәселелерді ашып айтты. Тұрғындарды мұқият тыңдаған аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы бірқатар мәселелерді сол жерде бірден шешіп, ал қордаланып қалған және зерттеуді қажет ететін күрделі проблемалардың кезеңімен мерзіміне орай, шешімін табатынын айтты.