ТӨЛЕБИ: АҚСУ ОКРУГІ АУМАҒЫНДАҒЫ 10 КӨШЕ ОРТА ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ — Төрттаған
Четверг, 19 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТӨЛЕБИ: АҚСУ ОКРУГІ АУМАҒЫНДАҒЫ 10 КӨШЕ ОРТА ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

16.10.2023
Жаңалықтар
0
ТӨЛЕБИ: АҚСУ ОКРУГІ АУМАҒЫНДАҒЫ 10 КӨШЕ ОРТА ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ҚР Президенті Жарлығына сәйкес, Төлеби ауданы әкімінің төртінші тоқсандағы тұрғындармен төртінші кездесуі Көксәйек ауылдық округінде өтті. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Көксәйек ауылдық округіндегі облыстық маңызы бар жолдардың жарамдылығы — 95,0 болса, елді мекеннің ішкі көшелерінің қанағаттанарлығы – 94,0% жеткен. Биылғы жылы округ аумағындағы 10 көше орта жөндеуден өтуде. Баба ата , Жолан, Төлеби өткелі, Досалы би, Әділбеков, Д.Қонаев, Әл-Фараби көшелерінде жөндеу жұмыстаря аяқталса, Алтынбастау, Бәйгел ата көшелеріндегі жөндеу жұмыстары 2024 жылға өтпелі. Бұл жөнінде аудан әкімі Төлеген Телғараев кездесу барысында халыққа баяндады.
Округте табиғи газ мәселесі толығымен шешімін тапқан. Көксәйек елді мекеніндегі ауыз су дебитін көбейту мақсатында Төңкеріс елді мекенінен келетін топтастырылған ауыз су аққысынан қосымша Жолан көшесіне құбыр тартуға 14,1 млн теңге қаржыға сметалық құжаттама әзірленіп, алдағы болатын бюджеттік комиссияның қарауына ұсынылады. Ш.Қалдаяқов, Амангелді, Әйтеке би, Қазыбекби, Қожамсүгіров, Абдрасилов, Медетбек көшесінде және Жіңішке елді мекені, Тұрсынбай көшелеріне 17,9 шқ кабельдің (СИП) 9,4 шқ тартылып, 601 бағана, 2 трансформатор орнатылды. Мердігер мекеме тарапынан жіберілген олқылықтарға байланысты, түзілген келісім-шартты бұзу жұмыстары жасалуда. Одан кейін жобаны қайта өңдеуден өткізіп (корректировка), құрылысын қайта қаржыландыруға жұмыстар жасалатын болады. Апатты жағдайдағы тозығы жеткен бағаналар «ОЖТ» ЖШС тарапынан қазірше апаты жағдайдағы бағаналар ағымдағы жөндеуден өткізіледі.
Облыстық маңызы бар (КХ-82 «Шымкент-Қасқасу-Көксәйек-Шымкент»-36,0 шқ) жолын мердігер «АлемТрансЖол» ЖШС орта жөндеуден өткізуде. Бүгінге 0,663 шқ аяқжол салынып, түнгі жарық бағаналары орнатылуда. Асфальт салуға дайындық жұмыстары жасалуда. Жоба аясында асфальт салынып біткеннен кейін жол белгілері орнатылатын болады. Нысан 2024 жылға өтпелі. «Жарық жол» мекемесі тарапынан Жіңішке елді мекенінің 3,1 шақырымды құрайтын орталық көшесіне түнгі жарық шамдары орнатылды. Қазіргі кезде техникалық шарттар алынып, түнгі жарық іске қосылды. Төлеби көшесін абаттандыруға (түнгі жарық, аяқжол салу) мердігер «Қайнар Транс Ойл» ЖШС тарапынан жұмыстар жасалды. Жіңішке елді мекені, Тұрсынбай және көшесіне суағар (латок) орнатылды.
Төлеби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен конкурста «Үлгілі көше» номинициясының жеңімпазы атанған Төлеби көшесінің бойына 12,8 млн теңгеге балалар ойын алаңшасы орнатылды. «Жарықжол» МКК тарапынан Бостан көшесінің түнгі жарық орнатылып, іске қосу үшін құжаттар рәсімделуде.
Кездесу барысында ауылдық округ тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ауыз су, түнгі жарыққа қатысты ұсыныстарын айтты. Көтерілген мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды.
Ақсу өзенінің жағалауынан орын тепкен құрамында екі елді мекені бар Жоғарғы Ақсу ауылдық округінде инженерлік-коммуникация жүйелері толығымен шешімін тапқан. Мәдени және Сарқырама елді мекендеріндегі ішкі көшелерінің жарамдылығы –100 %, яғни барлық жолдар жөндеуден өткен. Округ халқы табиғи газбен толық қамтылған, ауыз су мәселесі де жоқ. Электр жүйелері де жаңартылған. «Жарық жол» МКК тарапынан С.Тлеуов, С.Бастықов және Ақсу Жаға, Жанбосынов көшесіне 2,88 шқ түнгі жарық орнатылды. Қазіргі кезде іске қосу үшін құжаттар рәсімделіп, 2,50 шақырым суағар (лоток) орнатылуда. Мәдени елді мекеніне кіре беріс көпірді күрделі жөндеуден өткізу үшін Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы жобалау-сметалық құжаты (ПСД) әзірленген. Басқарма тарапынан құрылысына 2024 жылы қаржыландыру жоспарына бюджеттік өтінім берілгенін хабарлауда.
Ауылдық округ тұрғындарымен кездесу барысында 4 мәселе көтерілсе, бүгінгі күні барлығының да шешімі табылған. Мәдени ауылындағы 50 орындық «Балбөбек» балабақшасын бала саны артуына байланысты 100 орындықты етіп кеңейтуге байланысты кәсіпкерлермен келіс-сөз жүргізілді.
Кездесу барысында аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы ауыл азаматтары тарапынан қойылған барша сұрақтарға толыққанды жауап беріп, айтылған ұсыныстар бойынша мекеме және бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Көтерілген мәселелердің назарға алынатынын, сондай-ақ кезең-кезеңімен жоспар бойынша шешімін табатынын айтты. Айтылған ұсыныс пен қозғалған мәселе күн тәртібінен түспейтіндігін және жылдың аяқталуына байланысты кейбір жобалар алдағы жылдардың еншісінде кезең-кезеңімен шешімін табатындығын түсіндірді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТӨЛЕБИ: ҚАСҚАСУ МЕН ТАСАРЫҚТА ЖҮЗЕГЕ АСҚАН ЖОБАЛАР АУҚЫМДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

САЛЫҚ ТҮСПЕЙ — БЮДЖЕТ БҮТІНДЕЛМЕЙДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14.06.2025
5
ТҮРКІСТАН:  ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

14.06.2025
6
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

14.06.2025
6
Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары
Жаңалықтар

Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары

14.06.2025
4
ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

14.06.2025
6
МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13.06.2025
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
158

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.