САЛЫҚ ТҮСПЕЙ — БЮДЖЕТ БҮТІНДЕЛМЕЙДІ — Төрттаған
Четверг, 19 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

САЛЫҚ ТҮСПЕЙ — БЮДЖЕТ БҮТІНДЕЛМЕЙДІ

16.10.2023
Жаңалықтар
0
САЛЫҚ ТҮСПЕЙ — БЮДЖЕТ БҮТІНДЕЛМЕЙДІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Жолдауында елдегі салық жүйесін реформалауды, жаңа салық кодексін дайындауды айрықша атап өтті. Экономиканың тұрақты өсуі салық саясатының түсінікті және болжауға болатындай етіп жүргізілуіне тікелей байланысты – деді Мемлекет басшысы Жолдауда.

Осы орайда, Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев ауыл әкімдеріне жергілікті кіріс көздерін арттыру бойынша жұмысты жандандыру, салық базасын ұлғайту шараларын үздіксіз ұйымдастыруға күш салуды тапсырды. Аудан әкімі төрағалық еткен аппарат жиынында төрт мәселе қаралды.
Алдымен Сауран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Б.Кишибаевтің 7 айдағы есебі тыңдалды. 2023 жылдың 7 айға бекітілген мемлекеттік бюджет жоспары 113 пайызға орындалған. Басқарма басшысы салық түсімдеріне қатысты бірқатар мәселені екшеп өтті. Мәселен, жергілікті ауыл әкімдері кәсіпкерлердің заңды салық төлеуін қадағалануы қажет.
Мұнан соң баяндама жасаған құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қуаныш Таукебаев аудан аумағында заңсыз құрылыстарды анықтау бойынша атқарылған жұмыстарды атап өтті. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде жұмысшы топ аудан бойынша 12 заңсыз нысанды анықтады. Түркістан облыстық бақылау жөніндегі басқармаға жауапкершілікке тарту және шара қолдану бойынша жолданған ұсыныс жолданды. Бөлім басшысының айтуынша алдағы уақытта заңсыз құрылыс нысандарын анықтау мақсатындағы жұмыстар тұрақты түрде жасалынады. Өз кезегінде аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы көлеңкелі құрылыс салуды қадағалауды тапсырды. Сондай ақ, алдағы уақытта аудан орталығынан салынатын төрт қабатты төрт үйдің құрылысын жүргізуге инвестр тартуды қадап айтты.
Ауданда мақсатына сай пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау бойынша атқарылған жұмыстар және жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдердің жылдық жоспарының болжамды орындалуы туралы баяндамаға кезек берілді. Аудандық жер қатынастары бөлімі басшысы Ш.Алихановтың айтуынша 15 жер пайдаланушы жер учаскесін мақсатына сай пайдаланбай жатқандығы анықталған. Жерді мемлекет меншігіне қайтару үшін Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне хат жолданған. Сондай ақ, баяндамашы ауылдық округ әкімдіктері тарапынан игерілмей және мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін анықтап жергілікті атқарушы органдарға ұсыну жұмыстары мүлдем жүргізілмегенін айтты. Ауданға қарасты ауыл округтердің елді мекен шегінде өз бетінше тұрғын үй салып жер заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерді заңдастыру барысы да айтылды. Мәселен, 1 136 өз бетінше тұрғын үй салып пайдаланып жатқан жер учаскелері анықталған. Заңға сәйкес 75 АЕК, яғни 258 750 теңге көлемінде айыппұл салынған. Осындай заңсыз әрекеттер қазынаның қаржысын ортаюға себеп болуда.
Жергілікті кіріс көздерінің орындалуы және жыл соңына дейін қосымша кіріс көздерін арттыруға атқарылатын жұмыстар туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов баяндады. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін жергілікті өзіндік кірістер бойынша жоспар 116.5%-ға орындалған. Аудандық бюджет жоспары асыра орындалғанымен, кіріс көздерінің 3 түрінен жоспар орындалмай отыр. Олар: Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен; төлем көзінен салық салынатын табыстардан; әлеуметтік салық. Аудан аумағында 13 мемлекеттік балабақшалар, 28 жеке меншік бала бақшалар жұмыс істейді. Мемлекеттік балабақшалардан өткен жылы 37,5 млн.теңге көлемінде салық төлемдері түссе, биылғы жылдың 8 айының қорытындысымен 15,9 млн.теңге салық түскен. Ағымдағы жылы төлем жүргізбеген балабақшаларда бар. Аудан көлемінде мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жерлер көп. Жер қатынастары бөлімі мен ауылдық огруг әкімдіктері түгендеу жұмыстарын жүргізіп, нақты ұсыныстар енгізу қажет. Сонда қосымша кіріс көздері едәуір артады.
Жиын соңында аудан әкімі: Нарықтық экономика салыққа тәуелді болғандықтан, салық базасының көзін тауып ұлғайту басты міндет. Көлеңкелі экономикамен күрес жүргізіп, қазына қаржысын еселеген жөн. Бұл бағыттағы жұмыстар тоқтауға тиіс емес,- деді Ғалымжан Үсенбаев.
Жиын соңында аудан басшысы ауыл әкімдері мен дербес бөлім басшыларына мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын қадағалауды тапсырды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТӨЛЕБИ: АҚСУ ОКРУГІ АУМАҒЫНДАҒЫ 10 КӨШЕ ОРТА ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ORDABASY: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮРГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14.06.2025
5
ТҮРКІСТАН:  ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

14.06.2025
6
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

14.06.2025
6
Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары
Жаңалықтар

Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары

14.06.2025
4
ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

14.06.2025
6
МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13.06.2025
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
158

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.