ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨШЕ ТЕАТРЛАРЫ ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ — Төрттаған
Четверг, 16 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨШЕ ТЕАТРЛАРЫ ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

05.11.2023
Мәдениет
0
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨШЕ ТЕАТРЛАРЫ ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

READ ALSO

Музыка колыбели: в Шымкенте новорожденных встретили звуками священной домбры

Ұлттық домбыра күні Шымкентте дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетілді

Облыс орталығында екі күн бойы өз өнерін паш еткен Халықаралық көше театрлары фестивалінің қатысушылары марапатталды. Салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысып, мұндай халықаралық шара өңір басшысы Дархан Сатыбалдының қолдауымен өтіп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар жеңімпаз ұжымдарды марапаттап, алғысын білдірді.
Шара барысында сөз алған өнертану докторы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, театртанушы, «Құрмет» орденінің иегері, қазылар алқасының төрайымы Бақыт Нұрпейіс фестивальдің жоғары деңгейде өткенін тілге тиек етіп, ұйымдастырушыларға рахметін айтты.
Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған халықаралық көше театрлары фестиваліне Қазақстан, Түркия, Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінен келген үздік 13 өнер ұжымы қатысты. Алғашқы күні 9 өнер ұжымы, екінші күні 4 өнер ұжымы өз қойылымдарын сахналады. Халықаралық көше театрлары фестивалінің қазылар алқасының құрамында суретші, сценограф, Қазақстанның еңбек сіңірген қайтаркері Бақыт Сраилов, өнертану кандидаты, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Зухра Исламбаева, өнертану кандидаты, Қазақстан Театр сыншылар бірлестігінің Вице-президенті, Қазақстан Театр қайраткерлер одағының төралқа мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұқан Аманкелді, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының қоюшы режиссері Аридаш Оспанбаева бар. Кәсіби мамандардан құралған қазылар алқасы жіті қадағалап, төрелігін айтты. Фестиваль қорытындысына сәйкес барлық қатысушы ұжымға қаржылай сыйлық берілді.
Облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан фестиваль мақсаты – жастарды азаматтық-патриоттық бағытта тәрбиелеу, көше театрларының мәдениетін көтеру арқылы оның мәдениеттен ажырамас бөлігі ретіндегі рөлін жаңғырту, белсенді қоғамдық бағыт ұстануына жағдай жасау, түркістандықтар мен рухани астана қонақтарының мәдени демалысын ашық алаңдарда театр қызметі формасында дамыту және жетілдіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДА КӨРКЕМӨНЕРПАЗДАР ҰЖЫМДАРЫНА «ХАЛЫҚТЫҚ» (ҮЛГІЛІ) АТАҚ БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА БЕНЕФИС ШОУ ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

Ұлттық домбыра күні Шымкентте дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетілді
Мәдениет

Музыка колыбели: в Шымкенте новорожденных встретили звуками священной домбры

06.07.2026
4
Ұлттық домбыра күні Шымкентте дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетілді
Мәдениет

Ұлттық домбыра күні Шымкентте дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетілді

06.07.2026
4
День, когда город наполнили звуки домбры
Мәдениет

День, когда город наполнили звуки домбры

06.07.2026
4
Домбыра үні тербеген күн
Мәдениет

Домбыра үні тербеген күн

06.07.2026
4
ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ЖАЛҒАҒАН ДОМБЫРА
Мәдениет

Домбра, объединяющая поколения

05.07.2026
3
ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ЖАЛҒАҒАН ДОМБЫРА
Мәдениет

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ЖАЛҒАҒАН ДОМБЫРА

05.07.2026
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
464

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
400
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
293
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.