СПОРТТЫҚ КЕШЕН БОЙ КӨТЕРУДЕ — Төрттаған
Вторник, 1 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

СПОРТТЫҚ КЕШЕН БОЙ КӨТЕРУДЕ

04.11.2023
Жаңалықтар
0
СПОРТТЫҚ КЕШЕН БОЙ КӨТЕРУДЕ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Білімді, тәрбиелі және дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы! Балалар мен жасөспірімдердің білім алуымен қатар, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау — ел басшыларының алға қойған міндеттерінің бірі болса керек.
– Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз, – деген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешенді бағдарлама қабылдау керектігін айтқан болатын.
Президенттің осы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында – «Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар» әзірленіп, Үкімет қаулысымен бекітілгені мәлім. Осы жоспарға сәйкес, мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында спорт секцияларын ашу, олардың жұмыстарын жандандыру және спорт кешендерін көптеп салуды да қолға ала бастады.
Соның бір парасы – Бәйдібек ауданында да жүзеге асып келеді. Атап айтар болсақ, Алмалы ауылдық округіне қарасты, Бәйдібек ата ауылынан дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтеріп, бүгінде нысанның құрылысы аяқталуға жақын қалды. Бәйдібек аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің тапсырысы бойынша бой көтерген спорт кешенінің құрылысын «Молшылық-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп отыр.
— Спорт кешенінің жұмысын таяу күндері бітіруге жақындап қалдық. Құрылыстың негізі қаланғанынан бастап тиісті мекемелер қадағалап келеді. Ел игілігіне сапалы спорт кешенін өткізуді жоспарлап отырмыз. Құны 323 млн. теңгені құрайтын нысанның қазіргі таңда сыртқы жұмыстары ғана қалды. Нақтырақ айтар болсақ, кешен ауласындағы аяқ жолдарға брушатка мен асфальт төсеу және көркейту-көгалдандыру жұмыстары қалып отыр. Жылыту маусымына дейін кешен ішіндегі жылыту жүйелерін іске қосып, алдын ала тексеріп аламыз. Сондай-ақ, спорттық жаттығуларға қажетті құрал-жабдықтарды орнатып болған соң, пайдалануға береміз деп отырмыз, — дейді учаске бастығы Ерман Усербаев.
Балалардың қазіргі кезде тек жекпе-жек түрлеріне ғана емес, өзге де спорт түрлеріне қызығатыны рас. Оның үстіне ата-аналар балаларының спортпен айналысуы денсаулығына, тәрбиесіне пайдасы көп екенін жақсы түсінеді. Сонымен қатар, балалар бос уақытын текке өткізбей, спортпен шұғылданып, түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жатса ата-ана мен ұстаздар үшін үлкен мәртебе екені және анық. Жалпы спорт – балалардың жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға, ерік-жігері мен табандылығын шыңдауға, келешекте қиындыққа төзімді, шыныққан азамат болып өсуіне көп септігін тигізеді.
Бәйдібек ата ауылынан кезінде көптеген спортшылар шыққан. Ел намысын қорғап, абыройын асқақтатып жүргендері қаншама! Ауылдан осындай зәулім спорт кешені ел игілігіне беріліп жатса, өскелең ұрпақ үшін үлкен дүние болайын деп тұр. Барлық жағдай жасалған спорт кешенінде жастар дайындалып, түрлі спорттық үйірмелерге қатысып, әлі-ақ елдің атын шығарары сөзсіз.
Алыстан көзтартарлық зәулім спорт кешені құрылысының сапалы атқарылуына көңіліміз толғандай. Құрылыс жұмыстарына жергілікті жерден жұмысшылар тартылып, ел азаматтары да атсалысуда. Ауыл ақсақалдары құрылыс жұмыстарымен күнделікті танысып, нысанның сапалы бой көтеруін қадағалауда. Мердігер мекеме тамыз айының соңына дейін нысанды өткізуді жоспарлап отыр.
Е.АБЗАЛҰЛЫ.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ 400-ГЕ ТАРТА ШАҢЫРАҚҚА ТАЗА АУЫЗ СУ БЕРІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

“ҚАРЛЫҒАШТАН” қанат қаққан “ШАТТЫҚ”

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.