ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫНЫҢ САНЫ АРТПАҚ — Төрттаған
Воскресенье, 15 февраля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫНЫҢ САНЫ АРТПАҚ

16.10.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫНЫҢ САНЫ АРТПАҚ

READ ALSO

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

Мемлекет басшысының Жолдауында елімізге инвестиция тарту мәселесіне де ерекше тоқталды. Елдегі экономикалық жағдай соған тікелей байланысты. Демек, бұл өңір басшыларының да тікелей міндетіне кірмек.
Осы орайда, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытайдың «Zhejiang Xingyu Electromechanical Technology» компаниясының басшылығын қабылдап, келіссөздер жүргізді. Облыс әкімі өңірдің экономикалық, өндірістік және логистикалық әлеуеті туралы баяндап, инвестиция салуға шақырды.
– Түркістан облысына қош келдіңіздер! Сіздерді қарсы алғаныма қуаныштымын. Бүгін бізде ынтымақтастықты арттыруға жақсы мүмкіндік туып отыр. Қазіргі таңда Түркістан облысы – еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі және үлкен инвестициялық, сондай-ақ туристік әлеуетке ие. Біз өз тарапымыздан бизнесті дамыту және өндіріс орындарын ашу жөніндегі бастамаларға толық қолдау көрсетуге дайынбыз және ынтымақтастығымыз ұзақ мерзімге жалғасады деп үміттенеміз. Өңірде арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар бар, – деді Дархан Сатыбалды.
Негізінен жаңартылатын энергия көздеріне қажетті құрылғылар, станциялар, чиптер шығарумен айналысатын «Zhejiang Xingyu Electromechanical Technology» компаниясының басшысы Чжэнцзе Фэн Түркістан облысында күн, жел электр станцияларын салу ниеті бар екенін жеткізді. Компанияның негізгі бағыттары мен жоспарлары туралы баяндады.
– Түркістан облысында жел және күн электр станцияларын салуға дайынбыз. Егер ол сәтті жүзеге асса, өзге де өндіріс орындарын ашуға қолдау көрсетеміз. Күн және жел станцияларына қажетті құрылғылар, күн панельдерін шығаратын ірі кәсіпорындар ашуға да әлеуетіміз жетеді. Бірақ оған қажеттілік бар немесе жоқ екенін зерделеп, нарықты зерттеуіміз керек. Қазақстанға импортталатын өнім түрлерін шығаратын кәсіпорындар ашып, экспортқа шығаруға да мүмкіндік бар. Алдағы уақытта келіссөздер арқылы бұл мәселелерді тереңірек талқылаймыз деген ойдамын, – деді ол.
Кездесу соңында Түркістан облысының әкімдігі және «Zhejiang Xingyu Electromechanical Technology» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

САЯСИ НАУҚАНҒА ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА 300 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

Әлемде

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

21.01.2026
6
Әлемде

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

21.01.2026
10
Әлемде

2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге шолу

21.01.2026
7
Әлемде

«БЖЗҚ» АҚ 2025 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелерін ұсынды

21.01.2026
6
Әлемде

Жыл басынан бері «БЖЗҚ» АҚ 40 млн-ға жуық қызмет көрсетті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыру қызметтерінің кең спектрін ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеуде. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

21.01.2026
6
Әлемде

Отандастарымыздың жинақталған таза инвестициялық кірісі 13,43 трлн теңгеден асты

21.01.2026
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
446

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
390
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
293
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
234
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
199

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.