ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТАУ FEST» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ — Төрттаған
Среда, 22 октября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТАУ FEST» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

04.11.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТАУ FEST» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

READ ALSO

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы «Тау самалы» демалыс орнында «Тау FEST» лагері іс-шарасы өтті. Лагерь жұмысына еліміздің Шымкент қаласы, Қызылорда, Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстарынан 300 белсенді жас қатысуда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған көшбасшы жастардың басын біріктірген шараға арнайы қатысып, жастармен пікір алмасты.
– Түркістан өңірінде өздеріңіздей белсенді жастармен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Қазақтың төле биінің атымен аталатын аймақта еліміздің көсем, көшбасшы, белсенді жастары жиналып отыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қасиетке айналады» деген болатын. Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деген сөзі бар. Ұлт мүддесі жолында мінезді, қайратты болыңыздар. Бүгінгі күні біздің облыс жастарының арасында көшбасшылар көп. Талантты жастарымызбен мақтанамыз. Мен де сіздердей жас болғанмын. Бұрын барып көрмеген қалада білім алып, өмірлік тәжірибе жинадық. Қазір жастар үшін мүмкіндіктер көп. Колледждер мен университеттерде гранттар қаралған. Кәсіпкерлікпен айналысамын дейтін жастар үшін де жеңілдіктер бар. Ең бастысы, жігерлі болу керек. Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Жастардың сапалы білім алумен қатар, спортпен, өнермен шұғылданып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуы – біз үшін ерекше маңызды. Бүгінгі маңызды іс-шара жастардың жүрегіне жалын беріп, жаңа идеяларға жетелейді деп сенемін – деді облыс әкімі.
Алғашқы күні еліміздің жастар саясатында өз орны бар сала өкілдері «Спорт және өнер» және «Жастар саясаты» тақырыбында талқылаулар жүргізіп, тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушы жастарға семинар-тренинг өткізілді.
Шара барысында мүмкіндігі шексіз жандардың фото-көрмесі өтті. Туындылары аукционға қойылды. Интелектуалды ойындар ойналды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Елнұр Бейсенбаев пен Мақсат Толықбай және өзге де спикерлер жастармен бірге өзекті тақырыптарды қозғап, пікір алмасты.
Айта кетейік, Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырған республикалық іс-шарасы үш күнге жоспарланған. Мақсаты – қазақ жастарының бірлігін нығайту, интеллектуалды ортаны қалыптастыру, белсенді, отаншыл жастарды жан-жақты дамытып, қолдау көрсету.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨШЕ ТЕАТРЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА БҰҚАР ЖЫРАУДЫҢ МЕМОРИАЛ ТАҚТАСЫ ҚОЙЫЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
29
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
8
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
7
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті

21.10.2025
8
Жаңалықтар

ЕНПФ представил годовой актуарный отчет за 2024 год

21.10.2025
6
Жаңалықтар

Инвестиции в будущее: совершеннолетние казахстанцы использовали более 22,29 млн долларов по программе «Нацфонд – детям»

21.10.2025
11

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
436

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
363
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
223
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
176
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
167

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.