ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨШЕ ТЕАТРЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ — Төрттаған
Пятница, 17 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨШЕ ТЕАТРЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

04.11.2023
Мәдениет
0
ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨШЕ ТЕАТРЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

READ ALSO

Музыка колыбели: в Шымкенте новорожденных встретили звуками священной домбры

Ұлттық домбыра күні Шымкентте дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетілді

Түркістанда облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет және туризм басқармасының бастамасымен Халықаралық көше театрлары фестивалі ұйымдастырылды. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған халықаралық көше театрлары фестивалінің қонақтары мен Қазақстан, Түркия, Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінен келген үздік 13 өнер ұжымы қызыл кілемнен жүріп өтті.
Салтанатты шараның ашылуына ТҮРКСОЙ ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф, Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысты.
– Көше театры – театр өнерінің ең көне түрі. Қазіргі таңда мұндай фестиваль өткізу әлемнің барлық елінде қалыптасқан дәстүрге айналды. Бүгінгі Халықаралық фестивальдің Түркістанда өтуі біз үшін үлкен мәртебе. Өйткені биыл облыстың құрылғанына 5 жыл болып отыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы мәдениет саласын дамытуға тапсырған болатын. Нәтижесінде облыс орталығында игі бастамалар қолға алынып, жаңа мамандар келіп жатыр. Облыста театр саласында да оң өзгерістер орын алуда. Міне, соның бірі осы фестиваль болса, жыл соңына дейін Райымбек Сейтметов ағамыздың 85 жылдығына орай республикалық театр фестивалі өтеді. Барлығыңызға алғысым шексіз. Сәттілік тілеймін, – деді басқарма басшысы.
Шара барысында қонақтар арнайы жасақталған көрмемен танысты. Содан соң ұлттық ән мен би қамтылған концерттік бағдарламаға ұласты. Әрі қарай фестивальге қатысушыларға арналған дөңгелек үстелге жалғасты.
Айта кетейік, фестиваль мақсаты – жастарды азаматтық-патриоттық бағытта тәрбиелеу, көше театрларының мәдениетін көтеру арқылы оның мәдениеттен ажырамас бөлігі ретіндегі рөлін жаңғырту, белсенді қоғамдық бағыт ұстануына жағдай жасау, түркістандықтар мен рухани астана қонақтарының мәдени демалысын ашық алаңдарда театр қызметі формасында дамыту және жетілдіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Еліміздің және шетел көше театрларының мәдениетімен көпшілікті таныстыратын фестивальде бекітілген кестеге сай, екі күн бойы қаланың рухани-мәдени орталығында өнер көрсетіп, бақ сынайды. Кәсіби мамандардан құралған қазылар алқасы жіті қадағалап, төрелігін айтады. Фестиваль қорытындысына сәйкес жеңімпаз деп танылған ұжымдарға Гран-при, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, сондай-ақ арнайы жүлделер мен ынталандыру сыйлықтары беріледі.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ ЭТНОДИЗАЙНЕРЛЕРІНІҢ ТОПТАМАЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТАУ FEST» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

Ұлттық домбыра күні Шымкентте дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетілді
Мәдениет

Музыка колыбели: в Шымкенте новорожденных встретили звуками священной домбры

06.07.2026
4
Ұлттық домбыра күні Шымкентте дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетілді
Мәдениет

Ұлттық домбыра күні Шымкентте дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетілді

06.07.2026
4
День, когда город наполнили звуки домбры
Мәдениет

День, когда город наполнили звуки домбры

06.07.2026
4
Домбыра үні тербеген күн
Мәдениет

Домбыра үні тербеген күн

06.07.2026
4
ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ЖАЛҒАҒАН ДОМБЫРА
Мәдениет

Домбра, объединяющая поколения

05.07.2026
3
ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ЖАЛҒАҒАН ДОМБЫРА
Мәдениет

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ЖАЛҒАҒАН ДОМБЫРА

05.07.2026
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
464

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
400
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
293
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.