ТҮРКІСТАН: ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ «ҰЛТТЫҚ БҰЙЫМ – ҰЛТ МҰРАСЫ» БАЙҚАУЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛӨНЕРІН ҰЛЫҚТАДЫ — Төрттаған
Воскресенье, 29 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Руханият

ТҮРКІСТАН: ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ «ҰЛТТЫҚ БҰЙЫМ – ҰЛТ МҰРАСЫ» БАЙҚАУЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛӨНЕРІН ҰЛЫҚТАДЫ

04.11.2023
Руханият
0
ТҮРКІСТАН: ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ «ҰЛТТЫҚ БҰЙЫМ – ҰЛТ МҰРАСЫ» БАЙҚАУЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛӨНЕРІН ҰЛЫҚТАДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы «Этноауыл» кешенінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында және Түркістан облысына 5 жыл толуына орай, этнос өкілдері арасында қолөнер бұйымдарын дәріптеу мақсатында «Ұлттық бұйым – ұлт мұрасы» байқауы өтті.
Елдік құндылықтарды ұлықтаған шарада сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Ахымбетов байқаудың маңыздылығына тоқталып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстандағы барлық этнос өкілдері қазақтың болмысын бойына сіңіруде. Елімізде қазақтың салт-дәстүрін ұстанатын өзге ұлт өкілдері өте көп. Қазақстан олар үшін туып-өскен, ержеткен, білім алған, отбасын құрған қастерлі мекені, Отаны болып саналады. Дәстүрлердің осылайша бітеқайнасуы, этносаралық және конфессияаралық келісім, өзге мәдениетке толерантты болу – біздің баға жетпес байлығымыз, қазіргі тілмен айтсақ, ұлттық брендіміз» деген болатын. Түркістан — көне замандардан бері қолөнердің орталығы болған. Бүгінгі шараның басты мақсаты – этнос өкілдерінің қазақтың байырғы қолөнеріне, шеберліктеріне қызығушылықтарын арттыру, сонымен қатар жасалынған туындыларын көпшілікке жария ету арқылы өнерлі, шығармашыл этнос өкілдерінің белсенділігін арттыру. Бұл байқау ұлттық құндылықтарымызды этнос өкілдері арасында кеңінен дәріптеп, бірлігімізді бекемдей түседі деген сенімдеміз, – деді Бақыт Ахымбетов.
Байқау барысында Түркістан облысының аудан, қалаларынан келген командалар сайыстың 5 түрі бойынша өнерлерін көрсетті. Атап айтар болсақ, «Ұршық иіру», «Кесте тігу», «Құрақ құрау», «Текемет басу», «Талқан түю, жент жасау» сайысы бойынша өнерпаздар бақ сынасты. Сайысқа мәдениет, өнер саласының майталман мамандары қазылық етті. Әділқазылар мүшелері қатысушылардың шеберлігіне және жылдамдығына қарай баға берді.
Он саусағынан өнері тамған қолөнершілер байқауында жүзден жүйрік шыққан командалар анықталып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Бұл орайда, «Ұршық иіру» сайысында 1 орынды төлебилік Шахиста Адилова, 2 орынды түлкібастық Шакирзада Абилова иеленсе, 3 орынға мақтааралдық Тажи Далаварова лайық деп танылды. «Кесте тігу» сайысында мақтааралдық Хушида Турсунташева 1 орыннан көрінді, ал 2 орынды келестік Малика Ибрагимова, 3 орынды Александра Утвенко иеленді. Сондай-ақ «Құрақ құрау» сайысында төлебилік Дильназа Умарова жеңімпаз атанды. Бұл сында түлкібастық Раиса Темирова 2 орынды, Тамара Сманова 3 орынды иеленді. «Талқан түю, жент жасау» бәсекесінде 1 орынды түлкібастық София Абилова топ жарса, 2 орынды төлебилік Ирада Досметова, 3 орынды Рана Чалова түйіндеді. «Текемет басу» сайысында саурандық Анаркүл Абдуллаеваға тең келер ешкім болмады. Бұл сайыста 2 орынды түлкібастық Умрай Ирсалиева иеленсе, 3 орынды төлебилік Умида Байметова алды. Жалпы командалық есепте Түлкібас ауданы бас жүлдені иеленді. Ал 1 орынды Төлеби ауданы, 2 орынды Сауран ауданы, 3 орынды Мақтаарал ауданы иеленді. Бұдан бөлек, Жетісай, Келес, Сарыағаш, Сайрам аудандары мен Кентау қаласының командаларына арнайы сыйлықтар тапсырылды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева арнайы марапаттап, бағалы сыйлықтар мен арнайы жүлделерді, сондай-ақ Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының Дипломы мен Алғыс хаттарын табыс етті.
Шара шеңберінде жиналған қауым Түркістан облысындағы этномәдени қоғамдық бірлестіктерінің мерекелік концертін тамашалап, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ОҢТҮСТІК КОРЕЯДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ ЭТНОДИЗАЙНЕРЛЕРІНІҢ ТОПТАМАЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

10.06.2025
4
ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Руханият

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

13.09.2024
14
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Руханият

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07.12.2023
98
САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Руханият

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07.12.2023
31
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ
Руханият

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ТҮРКІСТАН: «ЖАҚСЫ ДӘСТҮР УАҚЫТТЫ ЖАТСЫНБАЙДЫ»
Руханият

ТҮРКІСТАН: «ЖАҚСЫ ДӘСТҮР УАҚЫТТЫ ЖАТСЫНБАЙДЫ»

07.12.2023
31

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
160

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.