ТҮРКІСТАН МЕН АБАЙ ОБЛЫСТАРЫ ІШКІ ТУРИЗМДІ ІЛГЕРІЛЕТУГЕ ҮЛЕС ҚОСАДЫ — Төрттаған
Понедельник, 30 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ТҮРКІСТАН МЕН АБАЙ ОБЛЫСТАРЫ ІШКІ ТУРИЗМДІ ІЛГЕРІЛЕТУГЕ ҮЛЕС ҚОСАДЫ

03.11.2023
Қоғам
0
ТҮРКІСТАН МЕН АБАЙ ОБЛЫСТАРЫ ІШКІ ТУРИЗМДІ ІЛГЕРІЛЕТУГЕ ҮЛЕС ҚОСАДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен еліміздің бірқатар өңірінде Түркістан облысының туристік әлеуетін насихаттау, өңірдің өзге аймақтармен ынтымақтастығын нығайту, туристер ағынын арттыру, ішкі туризмді ілгерілету мақсатында ақпараттық турлар өткізу жоспарланған болатын.
Бұған дейін Ақтау қаласынан бастау алған іс-шара Атырау, Орал, Ақтөбе облыстары, көршілес Өзбекстан Республикасының Ташкент облысында өткізілді. Туризм саласының өкілдерімен кездесіп, пікір алмасты. Соның нәтижесінде келіссөздер жүргізілді.
Ақпараттық тур Абай өңірінде де жалғасын тапты. Семей қаласында жергілікті туристік қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өткен жиында Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының өкілдері Ботакөз Мәуленова мен Айкерім Сәбитқызы өңірдің туристік әлеуетін, негізгі бағыттарын таныстырды.
Кездесу барысында Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы мен Абай ауданының Кәсіпкерлер палатасы, «Palma tour» және «S.C.Travel» ЖШС-і арасында ынтымақтастық меморандумы түзілді.
Айта кетейік, 2021 жылы өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының бейресми саммитінде Түркістан қаласы – Түркі әлемінің астанасы атанды. Облыстың туризмді дамыту бойынша 3 бағыт айқындалған. Олар: тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмі. Тарихи-танымдық бағытта туристерді тартатын 1 770 тарихи-мәдени ескерткіш болса, 72 емдік-сауықтыру орны жұмыс істейді. Жыл соңына дейін 2 емдік-сауықтыру кешенін пайдалануға беру жоспарлануда. Түркістан өңірі аумағында орналасқан «Ақсу-Жабағылы» және «Қаратау» қорықтары, «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркі жалпы 4 ерекше қорғалатын табиғи нысанда 30 туристік маршруттар құрылған.
2022 жылдың қорытындысымен экологиялық туризм бағытындағы туристердің саны 74,9 мың адамды құраған болатын. 2023 жылдың 7 айының өзінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда демалушылар 101,8 мың адамнан асты. Ал, Түркістан қаласына туристер мен біркүндік келушілер саны 461,6 мың адамнан асып отыр.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ МЕРДІГЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ҚАТАҢ СЫНҒА АЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«ТҮРКІСТАН АРУЫ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ

10.03.2026
5
Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Жаңалықтар

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

10.03.2026
5
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ШАРАЛАР ҰЙЫМАСТЫРЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ШАРАЛАР ҰЙЫМАСТЫРЫЛДЫ

10.03.2026
5
ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОНДА ФУТБОЛДАН ТАРТЫСТЫ МАТЧ ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОНДА ФУТБОЛДАН ТАРТЫСТЫ МАТЧ ӨТТІ

08.03.2026
4
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»
Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

10.09.2025
4
ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

10.09.2025
11

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
455

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
391
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
329
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
280
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
212

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.