Суицидтің алдын алу шаралары туралы — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Суицидтің алдын алу шаралары туралы

20.06.2024
Қоғам
0
Әлемді алаңдатып отырған суицид мәселесі

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары туралы. Бұл тек адамдарға ғана тән әрекет. Суицидке баратын адамдар көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді  немесе қатты стресс жағдайында болады, сонымен қатар психикалық аурулармен, көңіл күй бұзылыстарымен, әсіресе депрессиямен зардап шегеді және болашақ өмір қызықтырмайтын болып келеді. Бұл туралы goo.edu.kz-ке сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі жазады.

Статистика: Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттегенде анықталғаны: тұтастай алғанда көп жағдайларда жасөспірімдер ата-аналарының, мұғалімдердің назарын өз мәселелеріне аудару мақсатында өзіне өзі қол жұмсауға шешім қабылдайтыны және осындай келеңсіз түрде үлкендердің селқостығы, парықсыздық, арсыздық және қатыгездігіне қарсылықтарын білдіреді. Мұндай қадамға көбінесе тұйық, жаны жараланғыш, жалғыздық сезімнен, өзінің керексіздігінен стреске берілгіш және өмірден түңілген жасөспірімдер барады. Қиын өмірлік жағдайда уақытында көрсетілген психологиялық көмек, мейіріммен жасалынған қолдау қайғылы жағдайдан жасөспірімді аман алып қалған болар еді…

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Жыл мезгілі: Өзіне-өзі қол жұмсау көбінесе көктемде, яғни адамның бас қайғысы табиғаттың гүлденуімен сәйкеспеген мезгілде, болады. Қыстың күңгір бояуы қандай да бір шамада ішкі жан дүниесінің күйзелісімен үйлесімін табады, ал керісінше көктемнің шуақты күндеріне сәйкес келмей қарама-қайшылық туындайды.

Суицид алдындағы синдром: Суицидтке баруға әрекеттенгенін білдіретін кешенді психологиялық белгілер, яғни ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше аптаға немесе айларға дейінгі уақытты қамтитын суицидтік қарқынды мерзім. Қиын жағдаяттарда суицидтік әрекетке бейімі бар жағдайда ересек жасөспірімдер мен үлкендерде жиірек байқалады.

Өзіне-өзі қол жұмсауға оқталған балалар көбінесе ата-ана назарына және қамқорына зәру, 75% олардың ата-аналары ажырасқан немесе бөлек тұрады, көбіне балалар интернаттарда немесе асырап алған ата-аналарымен тұрады.

Суицидке кімдер бейім

Суицидке  көбінесе келесі топтағылар бейім:

Алдында суицидке оқталғандар (аяқталмаған). Кейбір мәліметтерге қарағанда пайыздық көрсеткіші 30% құрайды

Суицидтік қорқытулар, тура немесе жасырын

Өзіне-өзі зиян келтіруге бейімділік (аутоагрессия)

Отбасында болған суицид

Ішімдікке салыну. Ішімдікпен ауыратын адамдардың суицидке бару тәуекелділігі өте жоғары. Бұл аурудың 25–30% өзіне-өзі қол салушылыққа қатысы бар; жастар арасында одан да жоғары – 50%. Ішімдікке салынудың ұзақтығы депрессияның, өзіне кінә артудың және психикалық бұзылудың күшеюіне әсер етеді, яғни мәлім болғанындай, бұл жағдайлар көбінесе суицидтке итермелейтіні белгілі.

Есірткіні және токсикалық (иісті) заттарды үнемі қолдану. Есірткі мен ішімдік сәйкес түрде қайғылы жадайға душар етеді. Олар адамның өзін-өзі бақылай алу қабілетін төмендетеді, депрессияны күшейтеді немесе тіпті психозды қоздырады.

Аффектілік бұзылыстар, әсіресе ауыр депрессия (психопатологиялық синдром)

Созылмалы немесе өлімге әкелетін аурулар;

Ауыр қайғы, мысалы жұбайының (әке-шешесінің) қайтыс болуы, әсіресе бірінші жыл ішінде

Отбасы мәселелері: отбасын тастап кету немесе ажырасу, қосағынан айырылу, масқара болу, арының тапталуы, аяғы ауыр болып қалу, жыныстық мәселелер.

Адамдардың тәуекел топ қатарына түсуі бірден суицидке бейімділігін аңғартпайды.  Өзіне-өзі қол салушылықтың қандай да бір-ақ себебі болады деп айта алмаймыз. Сонда да кез-келген суицидті меңзейтін ишараларға аса маңыздылықпен қарау керек. Қауіпті белгілердің тіркесін, егер олар белгілі бір уақыт ішінде сақталатын болса, ерекше қырағылықпен назарда ұстау керек. Көмек туралы жан айғай әрқашан да қол ұшын соза білетін адамның жауап әрекетіне мұқтаж.

Жақындап келіп қалған суицидті қалай аңғаруға болады.

Суицидтік қауіпті топ

Жастар: өзара қарым-қатынас түрі бұзылғандар, «жалғыздыққа» ұшырағандар, күш көрсетуді әдет қылған девианттық немесе қылмыстық қылықтарымен ерекшеленетін ішімдік  немесе есірткі қолданатындар;

  • Өзін тым қатты сынауға алатындар;
  • Жеке басының қорланғанын немесе қайғылы жағдайды басынан өткізген жандар;
  • Өмірде алдына қойған табыстары мен күткен жетістіктерінің сәйкес келмеуінен уайымға салынған жасөспірімдер. «Үздік» синдромы
  • Ауыр науқастан немесе айналасындағылардың сырт айналуынан күйзелген жандар

Эмоционалдық бұзылыстың көріністері:

  • Тәбеттің жоғалуы немесе импульсивті ашқарақтық, ұйқы қашу немесе ұйқышылдықтың жоғарлауы;
  • Соматикалық сырқаттарға (іштің ауруы, бастың ауруы, үнемі шаршау, ұйқы басуы) жиі шағымдану;
  • Өзінің сыртқы бейнесіне оғаш қарау;
  • Ылғи жалғыздықты, қажетсіздікті, кінәлілікті немесе мұңаюды сезіну;
  • Бұрын қуаныш сыйлайтын үйреншікті дүниелерден іш пысуы, жақтырмау;
  • Араласудан қашу, достарынан, отбасынан өзін оқшаулау, жалғыздыққа берілу
  • Зейінінің бұзылуынан орындаған жұмыс сапасының төмендеуі
  • Өлім туралы ойларға берілу
  • Болашаққа жоспар жасамау
  • Көбінесе ұсақ-түйектен аяқасты  туындайтын ашу-ызаға булығу.

Сыртқы белгілері: бет-бейнесі мұңлы, гипомимия, амимия,  даусы ақырын бірсарынды, сөзі баяу, қысқа жауап қайыру, жауап қайтармау, шапшаң тоқтамай сөйлеу, дауыс ырғағы өзгерген, бұрқылдау, жылауға бейім, жалпы қозғалысының тежелуі,әрекетсіздік, адинамия, қозғалыстың қозуы.

Эмоционалдық бұзылыстар: іш пысу,  мұңаю, уайымшылдық, салы суға кету, түсі суық, қабағы қатыңқы, жауласу, ызақор, бұрқылдап ұрсысу, ызыңдап сөйлеу, айналасындағылармен жағымсыз, өштік қарым-қатынас, айналасындағылардың игілігіне жеккөрушілік сезіммен қарау,  өзінің дене бітіміне көңілі толмау, өзіне, айналасындағыларға селқос қатынас, сезімінің жоғалуы, мазасыздану, қорқыныш, бұрынғыны аңсау, шарасыздықтан ашыну, айналасындағы қуанышты оқиғаларға қатулы көңілмен қарау,

Психикалық аурулар: депрессия, себепсіз қорқыныш, ішкі қысым және мазасыздануды сипаттайтын невроздар, маниакалды-депрессивті психоз, шизофрения.

Өз өмірін бағалау: өзінің өткен өмірін пессимистік бағалау,  бұрынғы жағымсыз оқиғаларды таңдап еске түсіру, өзінің қазіргі жағдайын пессимистік бағалау, болашақ жоспардың болмауы.

Айналасындағылармен қарым-қатынас: кісікиіктік, араласудан қашу,  айналасындағылармен қарым-қатынасқа түсуге ұмтылу, тілектестікті іздеу, дәрігерден көмек іздеп шағымдану, жылауға бейімділік, кінәмшілдік, өзінің азабына эгоцентристік бағытталу.

Вегетативтік бұзылыстар: көзінің жасаурауы, қарашығының ұлғаюы, аузы кебу, тахикардия, артерия қысымының жоғарлауы,  дем алысының тарылғанын, ауа жетіспеушілікті сезіну,   тамағында түйір сезіну, бас аурулары, ұйқысыздық, ұйқыбастық, ұйқы ырғағының бұзылуы, ұйқыны сезінудің жоғалуы, кеудеде ауырлықты, жан ауруын сезіну, іш қату, дене салмағының төмендеуі, дене салмағының ауырлауы, тәбеттің төмендеуі, тамақты дәмсіз сезіну, жыныстық құштарлықтың төмендеуі, етеккірдің бұзылуы.

Тәулік ішіндегі жағдайының динамикасы: кешке қарай жақсаруы,  кешке қарай құлдырауы.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Ғаламтор желісі бүгінде алаяқтардың адамдарды алдаудың жаңа құралына айналды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қаржы пирамидаларымен күрес – басым бағыттардың бірі

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
12
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.