МАҚТААРАЛДА МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ — Төрттаған
Вторник, 1 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

29.09.2023
Жаңалықтар
0
МАҚТААРАЛДА МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәкес, мақта саласы бойынша күзгі жиын терім науқына дайындықты пысықтау және өз уақытында өнімді жинап алу бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан жұмысшы топ құрамы бекітілген болатын.
Күні кеше аталған жұмысшы топ Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратының үлкен залында Ж.Нұрлыбаев, Жаңажол, Еңбекші, Достық, Иіржар ауылдық округтерінің шаруаларымен және Атакент кентінің мәдениет үйінде Мақтаарал, Жамбыл, Бірлік, А.Қалыбеков ауылдық округтерінің шаруаларымен кездесу өткізді.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Оспановтың төрағалығымен өткен жиында мақта науқанына дайындық барысы және өнімді уақтылы әрі сапалы жинап алу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, жиынға аудан әкімінің орынбасары Н.Саттаров, аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев қатысты.
«Түркістан облысы мақта өсіретін жалғыз өңір болғандықтан мақта кластерін дамытуға күш салынып отыр. Бұл тұста Үкімет тарапынан да, облыс әкімдігі тарапынан да барынша қолдау көрсетілуде. Жергілікті атқарушы билік органдары үшін бұл бағытты барынша дамыту, халықаралық нарыққа шығу маңызды. Біздің өңірімізде өндірісті дамытудағы мүмкіндіктерді пайдадана отырып, өңірлік бағдарламаларды қабылдау, осы бағыттағы жұмыстарға күш салу, жеңіл өнеркәсіпті арттыру арқылы жаңа жұмыс орындарының көптеп ашылуына мүмкіндік беру үлкен маңызға ие» — деді Т.Оспанов.
Сондай-ақ, басқарма басшысы жылына 300 мың тоннадан астам мақта өндіретін өңірде тоқыма және тігін өнеркәсібі дұрыс дамымағандықтан, мақта талшығының бағасы халықаралық Ливерпуль мақта биржа индексіне тікелей тәуелді екендігі, мақта кластерін дамыту үшін Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарында тоқыма тігін фабрикаларын ашу керектігін айтты. Мақтаны сатып алушы трейдер компаниялардың былтырғы жылғы мақтаны әлі де толықтай сата алмағандығы жөнінде түсіндірді.
Жиын барысында шаруалар өздерінің талап-тілектерін ортаға салып, мемлекеттік субсидия мен жеңілдетілген несие беру, мақта өсіріп, оны терең өңдеуге мемлекет тарапынан қолдау көрсету, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға нақты қадамдар жасау мәселелерін көтерді. Көпшілігі мақта қабылдау пунктеріндегі таразы мен лабораторияны жіті бақылауға алуды сұрады.
Басқосуда мақта қабылдау пунктері мен мақта өңдеу зауыттарының басшыларына да қатаң ескертулер болды. Мақташылардың мәселесіне немқұрайлы қараған жауаптыларға да сын-ескертпелер айтылды. Көптеген сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Көтерілген мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ШАРДАРАДА МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

МАҚТААРАЛ: ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯЛАРҒА АУДАН ӘКІМІНІҢ АҚ ДАСТАРХАНЫ ЖАЙЫЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.