1 қазан — Халықаралық қарттар күні мерекесі аясында Мақтаарал ауданы Мырзакент кентіндегі «Аяулым» мейрамханасында қазыналы қарияларға арналған аудан әкімінің ақ дастарханы жайылды.
Іс-шараға зейнет жасында жүрсе де елдің ынтымақ-бірлігінің артуына үлес қосып, елге қызмет етіп жүрген қазыналы қариялар, ардагерлер кеңесінің, әжелер алқасының белсенді мүшелері, ауыл билері және аз қамтамасыз етілген, жалғызілікті қарттар қатысты.
Аудан әкімі сөзге шығып, ауданымызда ынтымақ пен бірліктің нығайуына, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет ғұрпының сақталуына және ұлттық тәрбиенің өскелең ұрпақтың бойына сіңіруге белсенді атсалысып жүрген қазыналы қарияларларға алғысын білдіріп, атаулы мерекемен баршаны құттықтады. Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітбек Оңғаров және «Amanat» партиясының аудандық филиалының төрағасы Мұхтар Сәрсеновтар да ізгі тілектерін жеткізді.
Мерекелік кеште «Мақтаарал» мәдениет үйінің қызметкерлері өнерлерін көрсетіп, қазыналы қарттардың көңілдерін көтеруге атсалысты. Сондай-ақ, белсенді еңбегімен көзге түскен бірнеше ардагерлер марапатталды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Мақтаарал ауданында 10 мыңнан аса зейнеткер бар. Оның 224-ы тыл ардагерлері. Сондай-ақ, 250 жалғызілікті қарияларымыз ғұмыр кешуде.
Қарияларымыздың денсаулығын жақсартып, сауықтыру мақсатында биыл «Ардагерлер үйі» мен «Мейір» ардагерлер үйлеріне 349 жолдама, «Кәусарбұлақ» шипажайына 220 жолдама, «Әсем ай» шипажайына 110 жолдама берілді.