ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ — Төрттаған
Вторник, 1 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

11.09.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауындағы тапсырмаларды орындау жөнінде жоспар бекітіледі. Бұл мәселе облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттың апталық отырысында арнайы қаралды. Жиында бірнеше басқарма басшысының есептері тыңдалып, жоспарлар жасалды.
– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында Түркістан өңірінің дамуына тікелей ықпал ететін мәселелер көтеріліп, міндеттер жүктелді. Таяуда Үкіметтің қарауымен Жолдауды жүзеге асыру жөніндегі нақты іс-қимыл жоспары бекітіледі. Біз де өз тарапымыздан әлеуетімізді саралап, дайындықты бастауымыз керек. Облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері өздеріне тиесілі салалары бойынша жоспар жасап, елдің әл-ауқатын көтеру, Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыру бойынша жұмысты күшейтулері тиіс, – деді Дархан Сатыбалды.
Мәжілісте Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек Жолдаудың барлық саланы қамтып отырғанын атап өтті. Мемлекет басшысы макроэкономикалық саясатты қайта жүктеу үшін бюджеттік — салықтық саясатты дамытуды тапсырды. Сонымен бірге биыл экономиканың өсімін 4% денгейінде қамтамасыз етуді жүктеді. Биыл облыстың жалпы өңір өнімін 3,5 трлн. теңгеге немесе 3,6% өсімге қол жеткізу жоспарланған. Бұдан бөлек, облыс экономикасының өсімінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2024-2028 жылдарға арналған Әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының 2-кезеңі әзірленуде. Болжамға сәйкес 2028 жылға жалпы өңірлік өнімнің көлемі 1,5 есеге көбейтіп, 5,2 трлн. теңгеге жеткізу көзделіп отыр.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Р.Мұздыбеков пен Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Н.Мырзахметов те өз салалары бойынша атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Қазіргі таңда «Кентау қаласы №5 ЖЭО қазандықтарын, жылу жүйелерін және қосалқы қондырғыларын қайта құру» нысаны бойынша облыстық бюджеттен 3 млрд. теңге қаржы бөлініп, мердігер мекемелер тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Облыстағы 833 елді мекеннің 814-і орталықтандырылған электр желісіне қосылған, қалған 19 елді мекен дербес электр қондырғысынан электр қуатын пайдалануда. Сонымен қатар облыс аумағында жаңартылатын энергия көздері саласын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар іске асырылуда. Қазіргі таңда, Түркістан облысы аумағында жалпы қуаты 228,6 МВт құрайтын 23 жаңартылатын энергия көздері жобалары іске асырылған. Биыл қазан айына дейін Отырар ауданы, Шәуілдір елді мекенінде қуаты 50 МВт құрайтын «Шәуілдір» күн электр станциясының құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. 2023 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 833 елді мекеннің (2 млн. 119 063 тұрғын) 465 елді мекені (55,9 %) немесе 1537 588 тұрғын (72,6 %) табиғи газбен қамтамасыз ету мүмкіндігіне қол жеткізді.
Жолдауда ірі кәсіпорындардың шикізатты кезең-кезеңімен қайта өңдеу бағытындағы міндеттемелерін бекіту жөнінде айтылды. Көкөністі, жеміс-жидекті, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу ісі жанданады. Осы орайда, аталған саланы дамытудың маңыздылығын ескере отырып, отандық және шетелдік инвесторлады тарту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, мақтаны терең өңдеу және кластер құру бойынша өзбекстандық «Global Textile» және қытайлық «Peng Sheng» компанияларымен уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар Шардара ауданында «КазКрахмал» ЖШС жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылысын жүргізуде және «Atmo Capital Turkistan» ЖШС-і қызанақ және бақша дақылдарын терең өңдеу зауытын жүзеге асыруды жоспарлауда.
Түркістан қаласында пияз және сарымсақ дақылдарын терең өңдеу арқылы кептірілген дайын өнімдерге қосылатын дәмдеуіштерін өндіру зауытының құрылысы қарастырылуда. Сондай-ақ Сайрам ауданында «Nurym Group» ЖШС құрама жем өндірісі және ірі қара мал қалдықтарын терең өңдеу зауытының құрылысын жоспарлап отыр. Одан өзге де жоспарлар бар.
Айта кетейік, Түркістан облысында өнеркәсіп саласында соңғы 5 жылда өнім көлемі 2 есе өсіп, 2022 жылы 866,6 млрд. теңгеге жетті. 2023 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 519,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексінің 104,5% құрады. Аталған салада 350-ден аса кәсіпорын жұмыс атқарып, 31,7 мың адам жұмыспен қамтылған.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА САБЫН ӨНДІРУ ОТБАСЫЛЫҚ КӘСІПКЕ АЙНАЛҒАН

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.