ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ КӘСІПКЕР — Төрттаған
Пятница, 17 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ КӘСІПКЕР

09.06.2023
Қоғам
0
ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ КӘСІПКЕР

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДАҒЫ ТҮЙТКІЛДЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

День открытых дверей ЕНПФ: цифровые сервисы, финансовая безопасность и защита персональных данных

Түркістан облысында жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту бағытында бірқатар жобалар қолға алынған. Мемлекеттік қайтарымсыз грант көмегімен кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтың бірі Бәйдібек ауданында тұрады.
Ия, бүгінгі күннің талабы басқаша, өте жоғары. Осы талапқа сай өзінің кәсібін дамытып, ілгерілетіп келе жатқан Азамат есімді кәсіпкер бар.
Азаматтың кәсібі — жарнама агенттігі.
Жарнамалық агенттік дегеніміз – бұл нарықтағы тауардың алға жылжуына ықпал ететін, жарнамалық іс-шараларды өткізуге және жарнамалық материалдарды дайындауға маманданған іскер және шығармашылық адамның тәуелсіз ұйымы. Жарнамалық агенттік — ішкі және сыртқы жарнамалармен қатар, орналастыру қызметін де ұсынады. Жарнама — күнделікті өміріміздің құрамдас бөлігіне, өзіндік заңдылықтары бар қоғамдық құбылысқа айналды. Тұтынушы мен өндіруші арасындағы маңызды дәнекер буын бола отырып, жарнама — экономиканың дамуын ынталандыратын, өндірістік үдерістер мен өнім сапасын жетілдіретін маңызды тұтқа ретінде көрінуде. Жарнама — сауданы «жүргізетін» тетік қана емес, сондай-ақ тұтыну мәдениетін жаңа биіктерге көтеретін «өркениет үдеткіші» де болып отыр.
Азамат 1999 жылы Алматы технологиялық университетіне «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша оқуға түседі. Университет қабырғасында жүріп дизайнер және програмист қызметтерін қоса алып жүріп, «АйСу» және «Марсэл» сынды үлкен компаниялардың логотиптерін жасап беріп, көзге түсе бастайды.
Жоғарғы оқуды бітірген соң 2007-2009 жылдары аралығында Алматы қаласында өзінің жеке жарнама агенттігін ашады. Отбасы жағдайына байланысты елге оралып, 2009 жылы отбасын құрайды. Бәйдібек ауданы Кеңестөбе ауылының тумасы Еңілік атты қызға үйленеді. 2009-2016 жылдары аралығында құрылыс компаниясында «заңгер» қызметтерін атқарып, 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін ауданымызда орналасқан құс өсіру орталығына лобарант болып еңбек етіп келеді. Жұмыстан тыс уақытында жарнама агенттігін қайта қолға алып Бастау бағдарламасы арқылы «грант жүлдегері» атанып, алған қаржысына керекті аппараттарын сатып алады. Азамат Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыра отырып, үлкен кәсіпкер болуға болатынын дәлелдеп отыр десек артық айтпаған болар едік. Сондай-ақ, ол бүгінгі күні №19 колледжбен келісім шартқа тұрып, бірлесе жұмыс атқаруда. Колледжде «програмист дизайнер» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің іс-тәжірибелерін өзінде өткізіп, студенттердің болашақта өздерінің жекелеген кәсіптерін ашуына, азамат болып қалыптасуына септігін тигізгісі келеді.
Азаматтың атқаратын қызметтеріне тоқтала өтсек: ол пайдаланатын аппарат ол — «лазерлік аппарат» (lazercut machine 6040).
Лазерлік аппарат кез келген затты ойып және кесіп, сонымен қатар тиесілі 32 нұсқауды өңдей алады, гравюраның жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, лазерлік гравюра және кесу осы машинамен оңай атқарылады және жұмыс істеу қауіпсіз. Аппарат сыйлық жиынтықтарын өндіру мен кәде сый жасау үшін де өте қолайлы. Машина былғарыға, ағашқа, шыныға, керамикаға, металға (металдың барлық түрлеріне), фанераға, тасқа жоғары дәлдікпен, жылдамдықты қамтамасыз ете отырып кесуге және оюға мүмкіндік береді.
Екінші қызметінің түрі, ол — 2021 жылы алынған «Infiniti 3608» модулді аппаратымен жасалатын сыртқы жарнама, яғни «баннер» жасау.
Көрнекі бейнеге негізделген жарнама (ағылшынша Banner жалауша, транспарант, жарнамалық сипаттағы графикалық кескін). Баннер толығымен сурет түрінде немесе ілеспе мәтін мен сілтемесі бар сурет түрінде болуы мүмкін. Баннерлік жарнама негізінен суға және күнге төзімді болады.
Халыққа көрсететін үшінші қызметінің түрі — ішкі жарнама. Бүгінде барлық мекеме ішінен орын тепкен стенд түрлерінің барлығын жасау үшін алынған NOVAGET 750 аппараты.
Бұл аппаратпен холост, портрет, картинаның сан алуан түрлерін жасауға болады. Мұндағы барлық аппараттардың түсін түстеп жазу мүмкін емес-ті. Сонда да бірер; мысал айталық киімге кез келген сурет немесе жазу жаздыруға болады. Сонымен қатар, сувенирлер, мектеп бітірушілерге арналған ленталар, қабырғаға ілінер шежірелер, арнайы сыйлық ретінде кружкаға, блокнотқа басқа да қалаған заттарыңызға сурет пен кез келген жазуларды жазып бере алады. Бұл кәсіпті отбасылық кәсіп десек те қателеспейміз.
Е.ӘБДІБЕКҰЛЫ.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ СЕНАТОРЫ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

АРЫСТЫҚТАР КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДАҒЫ ТҮЙТКІЛДЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДАҒЫ ТҮЙТКІЛДЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

03.07.2026
4
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

День открытых дверей ЕНПФ: цифровые сервисы, финансовая безопасность и защита персональных данных

23.06.2026
8
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

БЖЗҚ-ның Ашық есік күні: цифрлық сервистер, қаржылық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау

23.06.2026
7
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді

12.06.2026
12
Қоғам

Новая Методика расчетов порогов минимальной достаточности пенсионных накоплений вступила в силу

12.06.2026
7
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

ЕНПФ об использовании пенсионных накоплений

12.06.2026
8

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
464

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
400
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
293
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.