ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ СЕНАТОРЫ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ — Төрттаған
Понедельник, 16 февраля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ СЕНАТОРЫ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

08.06.2023
Жаңалықтар
0
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ СЕНАТОРЫ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

READ ALSO

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

Бүгін Түлкібас ауданы әкімдігінің үлкен залында ардагерлермен арнайы кездесу өтті. Кездесуді аудан басшысы Нұржан Ізтілеуов жүргізді. Ардагерлермен болған басқосуға Астана қаласынан «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбайұлы Озғанбаев арнайы келді. Жиынға аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, аудан әкімінің орынбасарлары, округ,кент әкімдері мен ардагерлер алқасының төрағалары, мүшелері, ел ағалары және қызметкерлер қатысты. Жиынның алғы сөзі «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбайұлына берілді.
-Түлкібастық ағайындармен кездесудің сәті түсіп, сіздермен қауысып тұрғаныма қуаныштымын. Біз қайсар, батыр, ержүрек, намысты халықтың ұрпағымыз. Бізді осындай өжеттілік рухта тәрбиелеп ержеткізсе, бізде келешек ұрпақты сол жолда бой түзетіп, бағыт-бағдар көрсетуге міндеттіміз. Елдің болашағын жасаушы, құраушы һәм оларды тәрбиелеуші- қазыналы қарттар екеніне ешкімнің таласы жоғына сенімдімін. Қазақ елі жасы жеткен біздей қарттарды 4 топқа бөліп, жіктейді екен. Олар: шал, қария, ардагер, абыз. Міне, осында жиналғанның барлығы еліне сіңімді еңбек етіп, ел қамын ойлап, намысын қорғай білген ардагерлер деп білемін. Сіздер бар жастық шақтағы күш пен жігерлеріңізді еңбекке сарп етіп, бейнеттеріңіздің зейнетін көрер шақта да еңбектен алшақтамай, қоғам өміріне етене араласып жүргендеріңіз үшін шынайы алғыс білдіремін. «Қазыналы қарты бар ел бақытты» деген сөз бар қазақта. Балаларымыздың бақыты үшін білгенімізді үйретіп, түйгендерімізді күнделікті айта жүруіміз қажет. Қоғамда тірі жетімдер мен тастанды қарттар көбейді. Бұл үлкен қасірет. Ата-анасын тастап зәулім үй мен қымбат көлік мініп, ақшаға құныққан жастар қатары күн санап артуда. Міне, сондай жатқа тән жауыздықты жойып, оларды жөнге салып, ұл мен қызды бесіктен темірдей тәртіпке үйрететін мына сіздер. Қоғамды түзетіп, баланы тәрбиелейтін қасиеті мол, қадірі терең қарттарымыз көбейсін,- деп ауданымызға арнайы келген Өмірзақ Озғанбайұлы өз тілегін жеткізді.
Жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәтбай Қасымбек жалғастырды. Ол аудандағы ардагерлер кеңесінің жұмысын таныстырып, атқарып жатқан істеріне тоқталды. Сонымен қатар, өзекті деп табылған мәселелерді де айтып, аудан әкімдігіне тиісті өтініштерін де жолдады. Жиын барысында округ, кенттен келген ұйым төрағалары сөз алып, ауылдағы негізгі мәселелерді талқылады. Өтініш, тілектерін де жеткізіп, қордаланған мәселелерге шешім шығаруды сұрады.
Жалпы, ауданымызда 11320 зейнеткер болса, оның 8000-ы ардагерлер қатарында екен. Оның 326 тыл ардагерлерін құрайды. Жылына ардагерлердің тынығуы үшін түрлі демалыс орындары мен шипажайларға арнайы жолдама берілетіні белгілі. Былтыр 525 ардагер демалып келсе, биыл 448 жолдама ұсынылды. Арнайы шипажайларға реніш-өкпенің болмауы үшін аудан ардагерлері кезекпен баруды құп көрген. Бірақ аз бөлінетін жолдамаға кезекті күтсек әр қария 20 жыл ішінде бір рет қана демалуға жолдама алады екен. Дәл осы тақырып аясында сөз қозғаған ардагерлер мәселенің көтеріліп, шешімі табылатынына сенім артты. Басқосу барысында ауыл аймақ арасындағы тазалық жұмыстары да қозғалды. Бұл тақырыпқа баса назар аударған аудан әкімі Н.Ізтілеуов округ, кент әкімдеріне ардагерлермен бірлесіп тазалық жұмыстарын бүгіннен бастап қолға алуды нықтап тапсырды. Жиында Ө.Маткеримов, Қ.Анашев сынды ел ағалары сөз алып, өзіндік пікірімен бөлісіп, ізгі тілек-лебіздерін жеткізді.
Жиын соңын аудан басшысы Н.Ізтілеуов қорытындылап, көтерілген мәселелерге тиянақты түрде тоқталып, нақты нәтижелер көрсету үшін жауапты мамандарға тапсырмалар жүктеді. Киелі де қасиетті Түлкібас төріне келген ғалым Ө.Озғанбайұлына өзіндік алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: СОЛТҮСТІККЕ КӨШТІҢ АУҚЫМЫ ҰЛҒАЙЫП ЖАТЫР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ КӘСІПКЕР

Оқи отырыңызМақалалар

Әлемде

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

21.01.2026
6
Әлемде

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

21.01.2026
10
Әлемде

2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге шолу

21.01.2026
7
Әлемде

«БЖЗҚ» АҚ 2025 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелерін ұсынды

21.01.2026
6
Әлемде

Жыл басынан бері «БЖЗҚ» АҚ 40 млн-ға жуық қызмет көрсетті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыру қызметтерінің кең спектрін ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеуде. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

21.01.2026
6
Әлемде

Отандастарымыздың жинақталған таза инвестициялық кірісі 13,43 трлн теңгеден асты

21.01.2026
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
446

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
390
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
293
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
234
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
200

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.