ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚҚА ТОЛДЫ — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚҚА ТОЛДЫ

07.08.2023
Қоғам
0
ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚҚА ТОЛДЫ

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларының бірінде еліміздегі еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеуді, сондай-ақ еңбек ресурстарының тапшылығы бар өңірлерде Үкіметке көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Атап айтқанда, еңбек нарығын цифрландыру, жұмыспен қамту орталығының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту және тұрғындарды жұмыспен қамтуды арттыру үшін басқа да ауқымды іс шаралар қарастырылған. Ақиқатында, халықты жұмыспен қамту орталығы қандай міндеттерді атқарады? Олардың бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай? Жыл басынан бері қанша аудан азаматы жұмыспен қамтылды? Осы және басқа да өзекті сауалдармен Түлкібас аудандық Мансап оралығының басшысы Байбатчаев Ерсұлтан Жаңабайұлына хабарласып, арнайы сұхбат жүргіздік. Маңызды ақпарат, мол деректер айтылған сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.
— Ерсұлтан Жаңабайұлы, біздің ұс ынысымызды қабылдап, қажетті ақпараттармен бөлісуге келісім бергеніңіз үшін алғыс білдіреміз. Сұхбаттың алғашқы сұрағын өзіңіз басқаратын орталықтың негізгі міндеттерімен таныстырып өтуден бастасақ.
-Жалпы алғанда, орталықтың негізгі мақсаты «Ұлттық жоба» арқылы халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады. Бұл орталық жұмыссыз азаматтарды есепке тіркейді, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжаттарды қабылдайды. Жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем береді, кейбіріне уақытша жұмыс орындарын ұсынады. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа кәсіптік оқытуды ұйымдастырады. Сонымен қатар, әлеуметтік кәсіптік бағдар беру жұмыстарын да қоса атқарады. Азаматтардың барлық санаттарына арналған бос орындар жәрмеңкесін және халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
-Статистикаға жүгініп, ақпарат берсеңіз. Күні бүгінге дейін қанша адамды жұмыспен қамтамасыз еттіңіздер?
-Ағымдағы жылдың 7 айында ауданымыз бойынша «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында барлық бағыттары бойынша 5588 адамды кешенді жоспарға сәйкес жұмыспен қамту жоспарланған. Жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 2755 адамды құрап отыр. Оның ішінде «Әлеуметтік жұмыс» орындарына 203 азамат жолданды. «Жастар практикасына»115 азамат жолданды.«Алғашқы жұмыс орны» жобасына 43 азамат жолданды. «Күміс жас» жобасына 71 азамат жолданды.«Ақылы қоғамдық» жұмысқа 821 азамат жолданды. Тұрақты жұмыспен 741 азамат жұмысқа жолданды. «Жаңа жұмыс» орнына 56 адам жолданды. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» бойынша 608 азамат жұмысқа орналасты. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грант 44 азаматқа берілді.
Бұдан бөлек, ауданымыздағы мүгедектігі бар еңбекке қабілетті 283 адамға әлеуметтік қолдау көрсетілуде. Оның ішінде 8 азамат әлеуметтік жұмыс орнына, 2 азамат жастар практикасына, 2 азамат күміс жас жобасына, 1 азамат алғашқы жұмыс орнына, 45 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 190 азамат «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсына, 15 азамат жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грант алған және 20 азамат деректер қорындағы бос жұмыс орнына жолданды.
-Мемлекет жұмыссыздарға да, жұмысы бар азаматтарға да барынша қолдау көрсетіп келеді. Пайдасы қандай? Сіздер тараптан қандай да бір бақылау жүргізіледі ме?
-Әрине, жұмыссыздар жұмыспен қамтылады жәнеде жұмысы бар кәсіпкерлер үшін бағдарлама аясында қолдау көрсетіліп, ары қарай кәсібін кеңейтеді. Сондай-ақ, мекеме тарапынан бағдарламаға қатысушыларға ай сайын тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізіліп отырады.
-Электронды еңбек биржасының арнайы сайты бар. Жалпы, сол сайттың халыққа көмегі қандай?
— Порталдың басты жұмысы- жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге жәрдемдесу үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң болып табылады. Енді, жұмыс беруші өзінің бос жұмыс орны туралы ақпаратты электронды еңбек биржасында жеке кабинеті арқылы беріп, бұл бар бос жұмыс орындар бойынша мәліметтерді ұсыну туралы міндетті заңнама қағидаттарының іске асырылуын жеңілдетеді. Жалпы, Enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы Ұлттық жобалардың бірыңғай платформасында жұмыс орнын табуға көмектеседі. Сондай-ақ, жұмыс іздеушілер жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға өтінім бере алады.
-Атауларыңыз өзгеріп, жаңашылдықтар орын алып жатыр. Осы тұрғысында не айтасыз?
— Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап облыс орталықтары мен ірі қалаларда еңбек мобильділігін қамтамасыз ететін 20 орталық құрылды. Ал бұған дейін жұмыс істеп тұрған халықты жұмыспен қамту орталықтары енді мансап орталықтары болып қайта құрылды. Демек, біздің де «Халықты жұмыспен қамту орталығы» мекемесі таратылып, орнына «Түлкібас аудандық Мансап орталығы» құрылды. Қазіргі таңда мекеме «Ұлттық жоба» аясында ұйымдастырылатын жұмыстарды жүзеге асыруда. «Мансап орталығы» дегенді бұған дейін ірі жоғары оқу орындарынан есітіп, білуші едік. Айталық, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, КИМЭП университетінде, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде деген сияқты. Енді мұндай орталық еңбек нарығында пайда болып отыр. Жаңадан құрылған еңбек мобильділігі орталықтарының негізгі қызметі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінде төмендегідей болып бекітілді.
Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау негізінде өңірдің еңбек ресурстарының теңгерімдерін қамтамасыз ету; өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және оларды жергілікті жерлерде іске асыруды үйлестіру; жұмыспен қамтудың барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарының құрылуына мониторинг жасау; жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың ерікті көші-қонына жәрдемдесу және азаматтарды көшіру бағдарламаларын өңірлік деңгейде үйлестіру; жұмыс іздеуші ретінде жүгінген және жұмыссыз азаматтарды тіркеу; халықты, жергілікті атқарушы органдарды және уәкілеттік мемлекеттік органдарды өңірлік еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету.
-Алдағы жоспар қандай?
-Берілген кешенді жоспарға сәйкес жыл соңына дейін жұмыс жоспарын толық орындап, сонымен қатар жұмыссыздар деңгейін төмендету.
-Халықтың басты қалауы неде? Тұрғындар қандай бағытта сіздерден көмек сұрап келеді.
-Халықтың басым бөлігі мамандығы бойынша еңбек жалақысы жоғары тұрақты жұмыспен қамтылуды қалайды. Ал, ауылдық жерде қыруар қаржы алып, жалақының жоғары болуы екіталай. Ондай мамандықтар бірен-саран. Сол себепті «маған жалақысы жоғары жұмыс қажет» деу орынсыз. Барға қанағат етіп, жұмысыңды жасап, қосымша кәсіп ашып, оны да талапқа сай жүргізіп отырсаң, соның өзі бақыт деп білемін.
-Жалпы, жұмыссыздықты жою үшін не істеуімізге болады? Осы саланың маманы ретінде ойыңыз қандай?
-Жұмыссыздықты жою үшін өндіріс орындарын ашып, кәсіпкерлік бағытында жұмыстар жүргізу керек. Біздің аудан қай тараптан болмасын дамытуға лайық аудан. Табиғатының өзі бөлек. Сондықтан, мемлекет қолдап тұрғанда, жастардың өсуіне көмек көрсетіп тұрғанда, қолдан келгеннің бәрін жасауға міндеттіміз. Біз, барынша көмектесуге, жол көрсетуге дайынбыз.
-Уақыт тауып, сұрақтарымызға нақты жауап бергеніңіз үшін алғыс білдіремін. Халыққа арнаған адал еңбектеріңіз жемісті һәм нәтижелі болсын.
А.МӘМЕТ
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Д.САТЫБАЛДЫ: «АУЫЛ АМАНАТЫНА» ЖАУАПТЫЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІ ҚАРАЛАДЫ»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
12
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.