ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 3 МЛН. ТОННАДАН АСТАМ КҮЗГІ ӨНІМ ЖИНАЛАДЫ — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 3 МЛН. ТОННАДАН АСТАМ КҮЗГІ ӨНІМ ЖИНАЛАДЫ

07.08.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 3 МЛН. ТОННАДАН АСТАМ КҮЗГІ ӨНІМ ЖИНАЛАДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сәуір айында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте халықтың табысын арттыру, азаматтарды жұмыспен қамту – Үкімет үшін аса маңызды міндет екенін айтқан болатын.
Өңірде ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық беріледі. Еңбек ресурстарын жетілдіру, өңдеуші кәсіпорындардың өнімділігін арттыру және кәсіпкерлікті дамыту арқылы табыстың өсу мүмкіндіктерін кеңейту жұмыстарын қамтиды. Жаңа жұмыс орындарын — өндірістік кластер құру, шағын және орта бизнес саласын қаржылай қолдау жоспарланып отыр. Бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі халықтың табысын көтеріп, тұрмысын жақсарту болып отыр. Бұл мәселе Мемлекет басшысының ұдайы бақылауында. Егістік жерлердің артуы халыққа үлкен мүмкіндік екені анық.
Биыл Түркістан облысында 860 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Өңірде астық ору науқаны қызып тұр. 263,8 мың гектарға егілген астықтан 464,5 мың тонна өнім жинау жоспарланған. Биыл 3,1 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдерін жинау күтілуде. Бүгінгі күнге жаздық дақылдардан 200 мың тоннаға жуық көкөніс, 70 мың тоннадан астамкартоп, 170 мың тоннадан астам бақша өнімдері жиналды. Жыл соңында 4,1 млн тонна мал азығын жинау жоспарланып, 3,5 млн. тонна (82%) мал азығы дайын. Жиын – терім жұмыстары толығымен мерзімінде аяқталатын болады. Күзгі дала жұмыстарының барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте баяндалды.
Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Оспановтың мәлімдеуінше, егістікті әртараптандыруға сәйкес дәнді дақылдардың егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,3 мың гектарға артып, 318 мың гектарға, көкөніс, картоп, бақша дақылдары 9,7 мың га артып, 129,1 мың гектарға, мал азығы 6,7 мың га артып, 227,7 мың гектарға жеткізілген. Майлы дақылдар керісінше, 6,3 мың га қысқартылып, 73,5 мың гектарға, мақта дақылы өткен жылмен салыстырғанда 14,9 мың га қысқартылып, 111,4 мың гектарға орналастырылған.
Облыс әкімі күзгі егін жинау науқанын мерзімінде аяқтауды тапсырды. Мақта бағасы бойынша мақта өндеуші зауыттардың басшыларымен бірлесіп, тиісті шаралар қабылдауды міндеттеді. Биылғы күзгі егінді жинау жұмыстарымен қатар, келесі жалдың көктемгі дала жұмыстарына дайындықты бастаудың қажеттігін айтқан өңір басшысы минералды тыңайтқыштармен уақтылы қамтамасыз ету, озық агротехнологияларды енгізу бойынша да бірқатар тапсырмалар берді.
Жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан 33,7 мың тн. жанар-жағар май бөлініп, тауар өндірушілерге босатылуда. Сонымен қатар агроқұрылымдардың сұранысын ескере отырып, 500 түрлі минералды тыңайтқыштардың құнын 50%-ын субсидиялауға 6,5 млрд теңге, пестицидтер мен биопрепараттардың құнын субсидиялауға 372 млн.теңге, тұқымының шаруашылығын қолдауға 600 млн. теңге қаржы бөлініп, 15 мыңға жуық агроқұрылымға мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Аппарат отырысында сондай-ақ мәдениет саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Саланы дамыту бойынша облыс әкімі жауаптыларға бірқатар тапсырмалар берді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен апта сайын мектептердің жаңа оқу жылына дайындық барысы баяндалады. Аймақ басшысы білім ұйымдарының оқу жылына 100 пайыз дайын болуын тапсырды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ VI БАҒЫТЫ МЕН ЖАСАНДЫ ЖІБЕК ҚҰРТЫН ӨСІРУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЖЕТІСАЙДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ӘУЛЕТІ БАР

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

03.06.2025
4
Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
5
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.