ТҮЛКІБАС: САБЫН ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ — Төрттаған
Суббота, 14 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: САБЫН ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ

10.07.2023
Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: САБЫН ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ

READ ALSO

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНЫН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 71 ПАЙЫЗДАН АСТЫ

Тынбай еңбек еткеннің тұрмысы берекелі болады. Бүгінгі заманның талабы да осы. «Кәсібіне қарай — нәсібі» демекші, бүгінде өз мүмкіндіктеріне қарай кәсіп ашып, ісін дөңгелетіп отырған азаматтар саны күннен-күнге артып келеді. Сондай кәсіпкерлердің қатарында майтөбелік Алихан Габибуллаұлының үлесі зор. Негізгі мамандығы медицина саласында болса да, кәсіпкер химиядан біліктілігі бар болғандықтан осындай өнімді шығаруды жөн көрген. Екі жыл бұрын бастаған бұл кәсіптің 12 өнімді шығаруға сертификаты бар. Бұл тек аудан үшін емес, облысқа басқа да қалаларға жаңа бастама болғалы тұр. Отандық өнімді Шымкент, Тараз, Астана, Қызылорда, Ақсукент тағы басқа аймақтарға таратады. Сонымен қатар, сұйық сабын, киімді ағартуға арналған, терезе жууға арналған, ыдыс жууға арналған сұйық сабын, шашқа арналған сұйық сабын өнімдерін шығаратын бұл цехта 3 адам жұмыс жасайды.
Жағымды жаңалықты естіп, ел болып бізде “бәрекелді” дестік. Өйткені, ауданда мұндай өндіріс саласы кенжелеп қалған. Енді ғана бой көрсетіп келеді. Ашылғанына көп болмаса да Алибектің шағын цехынан шыққан өнімге жергілікті тұрғындардың да сұранысы күн санап артуда.
Жеке кәсіпкер Алихан Габибуллаұлының айтуынша, кір сабын тек кір жуу үшін ғана емес, тұрмыс-тіршілікте де өзіндік пайдасы зор. Бұл өнімге деген сұраныс өте жоғары. Кір сабын — табиғи және экологиялық таза өнім. Кір сабын өсімдік майлары мен малдың іш майын қолдану кезінде оның тұтынушылық қасиеттерін жақсартатын жоғары сапалы арнайы қоспалардан дайындалады. Сабын шығаратын орталықты аралай отырып байқағанымыз қондырғылар қарапайым ғана. Газбен жылытылатын қазанда майды қыздырып оған химиялық қоспалдарды қосса кір сабын дайын.Айта кетейік сабын шығаратын станоктарды яғни арнайы аппараттарды өздері қолдарымен істеген. Нағыз еңбек емеспе?
Осы кезге дейін қарапайым күнделікті тұрмыстық өнімді өзге өңірлерден тасымалдап келдік. Ал дәл қазіргі уақытта ауданымызда жалғыз цех осы Майтөбе ауылында жұмыс жасап тұр. Кәсіпкер шикізаттың барлығын өзі дайындап цех жұмысын кеңейтуді көздейді. Одан бөлек иіс сабын өндірісін қолға алмақ. Расын айтқанда, еліміз тұрмысқа қажетті тауардың дені шетел импорттайды. Бұл ретте жас кәсіпкер осы олқылықтың орнын толтырып, ішкі нарыққа отандық брендты қалыптастырсам дейді.
Бренд демекші, жеке кәсіпкер “Lady” брендімен шығатын өнімді өз ептілігімен дөңгелетуде. Бүгінде елімізде өндіріс саласын көбейтуді көздеген іске епті, еңбекқор жан. Іскер жігіт әр сабынды 110 тг көлемінде саудалап, тұрақты табысын тауып отыр. Кішігірім өндіріс орны тұрмыстық химия және автохимиямен айналысады.Өнімнің ерекшелігі шетелден келетін өнімнен әлде қайда арзандығында. Мысалы ыдыс жуатын су сабын 400 — 450 теңге болса, “Lady” ыдыс жуатын сұйық сабыны 250-300 теңге.
Бұл кәсіпті бастауға 5-7 миллион қаражат жұмсалған отандық өнімдер Мемлекеттік тапсырыс арқылы сатылымға шыққан,күніне 1500 сабын шығарады.Сондай-ақ кір сабын тек кір жуу құралы ғана емес, тұрмыста да пайдалануға болады. Денеңіз сызылып, кесіліп кеткенде, ит тістеп алған жағдайда жарақаттанған жеріңіз тез жазылу үшін кір сабынды жылы суға езіп, дәкеге қалыңдау етіп жақса әсері мол және түрлі жұқпа аурулардан сақтайды. Сондықтан оны зарарсыздандыру мақсатында да қолдануға болады.
Кішігірім текшелерді дайындау үшін цех қызметкерлері көптеген өндеуден өткізіп, дайын өнім болып шыққанша кір сабын бірнеше рет араласып, ауасыздандырып тазартылады. Сондай-ақ кір сабын өзінің күшті құрамымен ерекшеленеді. Матаны бұзбайды, түрлі дақтар пен кірді оңай кетіретіндігі де сондықтан. Сабынның киімді ағартатын қасиеті де бар. Ал мақта жүнінен тігілген заттарда кір сабынмен тазартылғаннан кейінде жұмсақтығын жоғалтпайды. Онымен бала киімін жуғанда қауіпсіз. Өйткені, шаруашылық сабын балғын теріде аллергиялық реакция қалдырмайды.
Берекенің көзі – кәсіпте. Талай сөздің төрелігін айтып, даулы додада дуалы сөзімен, шешендігінің арқасында күрмеулі істің шешімін тапқан Төле би өз заманында «Кәсіп болмай, нәсіп болмас» деп кәсіпкерліктің пайдасын пайымдап кеткен. Иә, расында да международных заманда жеке кәсіп ашып, шаруаның шырайын келтіріп жүрген жас кәсіпкердің алдағы ісіне сәттілік, еңбегінің жемісін көрсін дегіміз келеді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

90 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕ ТОҚЫМА ТОҚЫП ТАПСЫРЫС АЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТАЛАПКЕРЛЕР «СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫНА 13-22 ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА ҚҰЖАТ ТАПСЫРА АЛАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13.06.2025
2
КЕЛЕС АУДАНЫН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 71 ПАЙЫЗДАН АСТЫ
Жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 71 ПАЙЫЗДАН АСТЫ

12.06.2025
3
ҚЫТАЙ САПАРЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САРЫМСАҚТЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ІСІН БАСТАУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

ҚЫТАЙ САПАРЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САРЫМСАҚТЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ІСІН БАСТАУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

12.06.2025
3
ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ БАНАН БАҒЫН АРАЛАП, ЕРЕКШЕ ОРЫНДАРҒА САЯХАТ ЖАСАУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ БАНАН БАҒЫН АРАЛАП, ЕРЕКШЕ ОРЫНДАРҒА САЯХАТ ЖАСАУДА

12.06.2025
3
СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
Жаңалықтар

СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

12.06.2025
3
67 ЖАСТАҒЫ МАРОККОЛЫҚ САЯХАТШЫ МОТОЦИКЛМЕН БІРНЕШЕ ЕЛДІ АРАЛАП, ТҮРКІСТАНҒА ЖЕТТІ
Жаңалықтар

67 ЖАСТАҒЫ МАРОККОЛЫҚ САЯХАТШЫ МОТОЦИКЛМЕН БІРНЕШЕ ЕЛДІ АРАЛАП, ТҮРКІСТАНҒА ЖЕТТІ

12.06.2025
8

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.