Түркістан облысы Бәйдібек ауданында бекітілген кестеге сәйкес Шаян мен Боралдай ауылдарында аудан тұрғындарымен кездесу жиыны өтіп, 2023 жылдың 01 шілдесінен бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII «Әлеуметтік Кодексі» нормалары түсіндірілді.
Екі ауылдық округте аудан тұрғындарымен өткен кездесуге арнайы келген Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарамасы басшысының орынбасары Тұрар Құдайбергенов ағымдағы жылдың 01 шілдесінен бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII «Әлеуметтік Кодексі» туралы қысқаша сипаттама берді.
Күн тәртібіндегі Әлеуметтік Кодекс, атаулы әлеуметтік көмек, әлеуметтік төлемдердің санаттарына жеке-жеке тоқталған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарамасының бас маманы Ғалымбек Боранбек, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Диляра Оспанова, Түркістан облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры Алтай Кенжебаев хабарлама жасап, жан-жақты түсіндірді.
Кездесу жиынына қатысқан аудан тұрғындары тарапынан сұрақтар қойылып, өз пікірлерін білдірді. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға облыстан арнайы келген мамандар жауаптарын берді.