«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында көшпелі Үйлестіру кеңесі өтті. Іс шараға үйлестіру кеңесінің мүшелері, кәсіподақ активі және кітапхана қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде келесідей өзекті мәселелер қаралды:
1) Еңбек қауіпсіздігі жылына орай техникалық инспекторлардың жұмысын жүйеге келтіру, еңбекті қорғау және еңбек заңнамалары бойынша семинар оқытулар ұйымдастыру туралы;
2) 2023 жылға Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша үміткерлерді ұсыну бойынша;
3) «Еңбек жолы» конкурсына кәсіподақ мүшелерінің қатысуын қамтамасыз ету бойынша;
4) Медиация және Заң клиникасының жұмысын жүргізу бойынша.
Көтерілген мәселелер бойынша сөз алған аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, кеңес мүшелеріне Еңбек қауіпсіздігі жылына орай техникалық инспекторлардың жұмысын жүйеге келтіріп, еңбекті қорғау және еңбек заңнамлары бойынша семинар оқытулар ұйымдастыруды тапсырды.
Келесі мәселе бойынша 2023 жылға Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын ұйымдастыру және Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»; «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»; «Үздік ұжымдық шарт»; «Экологияға қосқан үлесі үшін»; «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» атты арнайы номинацияларда конкурсқа үміткер мекемелерді қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сондай-ақ, күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Еңбек жолы» конкурсына кәсіподақ мүшелерінің қатысуын қамтамасыз етуге атсалысуға шақырды.
Сонымен қатар, Медиация және Заң клиникасының жұмысын жандандыру мәселері оның ішінде: кәсіподақтарға сенімділікті арттыру, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер үшін еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру және еңбек жанжалдарының алдын алу мәселері талқыланып, салалық кәсіподақ филиалдары басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Жиын соңы сұрақ-жауаппен аяқталды.