Сөгіс алып көрмеген слесарь — Төрттаған
Среда, 18 февраля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сөгіс алып көрмеген слесарь

01.05.2023
Жаңалықтар
0
Сөгіс алып көрмеген слесарь

READ ALSO

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

Мен алдымен оның тегін еліміздің мемлекеттік наградаларымен марапатталғандардың тізімінен ұшыраттым. «Биыл өңірімізден және аудандардан өзім танитын азаматтар бар ма екен?» деген қызығушылықпен қараған едім. ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденіне ие болған үш адамның соңы болып тұр екен. Леңгір шағын қала ғой. Көбісі көзтаныс. Қоныс Тілемісовпен етене араласпасам да сырттай біледі екенмін. Артық-ауыс әңгімесі жоқ, жұмысын жауапкершілікпен атқаратын нағыз қарапайым еңбек адамы. Өмірбаяны да аса бай емес. Қоныс Қалмасұлы 1982 жылы Ленгір қаласында дүниеге келген. 1999 жылы арнаулы орта білім беретін оқу орнын аяқтаған соң еңбек жолын Төлеби көп салалы коммуналдық кәсіпорнында слесарь-жөндеуші болып бастаған.
Ол кезде шағын қаланың бүкіл тыныс-тіршілігі осы шағын мекемемен тікелей байланысты еді. Коммуналдық кәсіпорын шаһардың күре тамыры саналатын.  Ерте көктемнен қысқа дейін Жолдас Сауқымбаев басқаратын мекеменің қарбалас тіршілігі бір толастамайтын. Қоқыс шығарудан бастап тазалық жұмыстары, көркейту мен көгалдандыру, көшеттер егу, гүлзарлар мен ағаштарды суару, электр бағаналарына кедергі келтіретін ағаш бұтақтарын кесу, көшелерді ағымдағы жөндеуден өткізу сияқты жұмыстар бірінен кейін бірі кезегін күтіп тұратын. Қыста жолды қардан тазалайды, көктайғақ көшелерге тұз немесе күл шашады. Жаз және күз айларында су себеді. Мұндағы техникалар тоқтаусыз жұмыс істейтін. Кәсіпорын жұмысшылары азғантай айлық жалақысын қанағат тұтып, жанкешті жұмыстан қашпай еңбек ететін. Ол да сондай көнбіс жұмысшылардың бірі еді.
Кейін Қоныс Қалмасұлы  «Жарық жолдар» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне слесарь-жөндеуші болып ауысты. Бұл өзі техникаға жан бітіретін мамандық. Ауданның әлеуметтік-экономикалық өсіп өркендеуіне аталған коммуналдық сала қызметкерлері айтарлықтай үлес қосып келеді. Халықтың күнделікті тыныс-тіршілігін біліп, келеңсіз жағдай орын алса, жылдам іске кірісетін коммуналдық саланың жауапкершілігі мол. Шүкір, ол қызметін абыроймен атқарып келе жатыр. Өз ісін жетік білетін тәжірибелі маманның жұмыс өтілі 23 жылдан асты. Осы уақыт ішінде басшылық тарапынан бірде-бір рет сөгіс алмапты. Мұндай білікті мамандар қандай марапатқа болса да лайықты.
«Еңбек ер атандырады» деген осы да.
С.МӘТҚАЛИҰЛЫ.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАЛАРЫ БАС ҚОСТЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Еңбекқор адам елге сүйкімді

Оқи отырыңызМақалалар

Әлемде

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

21.01.2026
8
Әлемде

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

21.01.2026
10
Әлемде

2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге шолу

21.01.2026
7
Әлемде

«БЖЗҚ» АҚ 2025 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелерін ұсынды

21.01.2026
6
Әлемде

Жыл басынан бері «БЖЗҚ» АҚ 40 млн-ға жуық қызмет көрсетті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыру қызметтерінің кең спектрін ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеуде. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

21.01.2026
6
Әлемде

Отандастарымыздың жинақталған таза инвестициялық кірісі 13,43 трлн теңгеден асты

21.01.2026
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
448

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
390
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
301
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
245
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
201

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.