Бесекең беделді ешкімнен сұрап алмаған — Төрттаған
Четверг, 19 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бесекең беделді ешкімнен сұрап алмаған

30.04.2023
Жаңалықтар
0
Бесекең беделді ешкімнен сұрап алмаған

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Еңбек адамы біздің қоғамда қашанда құрметке ие болады. Себебі, еңбекқор адам өз сөзін әрдайым іспен дәлелдей алады» деген болатын Астанада  Халықтық коалиция бастамасымен өткен форумда сөйлеген сөзінде.
Шынында, әлемдегі барлық байлық пен игілік адам қолымен жасалады. «Еңбек – әлемнің әміршісі» деген сөз бекер айтылмаған.  Ауылымызда саналы өмірін адал еңбекпен өткізген азаматтар аз емес. Солардың бірі – Бескемпір Иманәлиев ағамыз. Ол ауылды қазақтың алтын бесігіне балаған жан. Қадірменді қария қазір шалғайдағы Қостөбе ауылында тұрады. Балалық шағы осында өтті. «Тайдың мінгені білінбейді, баланың жұмсағаны білінбейді» демекші, мектепте оқып жүргенде каникулға шыққанда колхоз жұмысына араласуды дағдыға айналдырған еді. Сөйтіп, жастайынан шыңдалып өсті.  Он жеті жасында механизаторлық курсты бітіріп,  біраз жыл МТС-те тракторшы болып жұмыс істеді. Содан кейін туған жеріндегі шаруашылыққа біржолата оралды. Ұжымшарда тракторшы болды. Дала төсін техника үнімен дүбірлетіп, еңбек майданын қыздырды. Арасында бір-екі жыл жүк автокөлігін де жүргізгені бар. Сол кездегі «Совет» ұжымшарының бас инженері Жасан Алтаев үгіттеп:
– О, Бесеке, ұжымшарда шофер болып, мәшине айдағысы келетін талапкерлер көп. Ал, трактор жүргізіп, оның үдесінен шығатындар кем. Сен болмасаң, колхоздың жұмысы жүрмейді ғой, – деп қолқа салғаны бар. Сөйтіп, ол тындырымды жігітті трактор руліне қайта отырғызды.
Осылайша Бесекең кеңестік кезеңде трактордың барлық түрін ұршықтай үйірді.  Әкесі Иманәлінің еңбекқорлығы мен тәжірибесін бойына сіңірді. Ол кісі ағаштан түйін түйіп, ер-тоқым, күбі, келі-келсап, ожау, қасық, табақ, шара, тағы басқа тұрмыстық заттарды қолдан шабатын айтулы шебер еді. Соғыс жылдары және одан кейінгі жылдары ол өзінің нәпақасын осылай табатын. Бұрынғы заманда дүкен сөрелерінде бүгінгідей қайысқан ыдыс-аяқ түрлері болмайтын. Бәрін Иманәлі сияқты ұсталар жасайтын, тұрғындар солардан сатып алатын.
Ол кезде еңбек адамдары ерекше құрметтелетін. Бескемпір Иман-әлиев адал қызметі үшін бірнеше рет облыстық Кеңестің депутаты болып сайланды. «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Талай рет аудандық, облыстық партия комитеттерінің конференцияларына делегат болып қатысты, заттай сыйлықтар алды.
Өмірлік серігі Аманкүл екеуі он ұл-қыз тәрбиелеп, бәрін адал еңбекке баулыды. Балаларына маңдай термен тапқан нанның тәтті боларын ұғындырды.  Жұбайы өмірден ерте озып, балаларды оқыту, үйлендіріп қатарға қосу бір өзінің мойнына түсті.  Қиындықты сабырмен жеңіп, балаларының бәрін аяқтандырды. Бүгінде олардан 40 немере, 15 шөбере  сүйіп, қызығын көруде.
Бескемпір Иманәлиев тату да берекелі отбасында балаларын ел игілігі жолында  еңбек етуге тәрбиелеп, ата дәстүрді құрметтеуге үйретті. Ұл-қыздарының диплом алып, қалаған мамандықтары бойынша жұмыс істеулеріне тілекші. Қазір олардың бәрі де өмір көшіне ілесіп, өз түтіндерін түтетіп отыр. Енді немерелерінің пайдалы іспен шұғылдануына кеңес беріп келеді. Балалары да әке үмітін ақтап,  еңбекқор, көпшіл, кішіпейіл болып  өсті. Ақсақал әрдайым азаматтың еңбекпен ғана көгеретінін айтып отырады.
Бүгінде балалары бір-бір мамандық иелері. Отбасында мұғалім де, медицина қызметкері де, инженер де, құқық қорғау саласының қызметкері де бар.  Бұл әулетте, ең бастысы, егін шаруашылығы атадан балаға мирас болып келе жатқан кәсіп іспетті. Әкенің абыройлы еңбек жолын екі ұлы Қуат пен Нұрлан сәтімен жалғастырып келеді. Олар – ауылдағы білікті механизаторлар.  Трактор жүргізеді, комбайн айдайды, автокөлік те жүргізеді.  Ауыл шаруашылығы техникасының тілін жақсы біледі. Иеліктеріндегі егістік алқаптың егінін орып, шабындықтың шөбін шауып болған соң, ауылдастарына қолғабыс жасайды.
Адал еңбекпен есейген сексен төрт жастағы ақсақал бір сәт үйде отыра алмайды.  Бір мезгіл техникалардың сақадай-сай екендігіне көз салып, балаларына ақыл-кеңес беруді міндеті санайды. Кейде  техниканы жөндеу жұмыстарына да кірісіп кететіні бар.
Иә, еңбек адамының өмірін еңбектен бөліп алып қарастыру мүмкін емес ау…
 
К.ЕЛІКБАЕВ.
Төлеби ауданы.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ЕҢБЕКСҮЙГІШ ҰСТАЗ БОЛУ – ЖҮРЕКТІҢ БАТЫРЛЫҒЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

САУРАН: АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ТҰРАҚТЫ ҚЫЗМЕТ ОРЫНДАРЫ АШЫЛМАҚ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14.06.2025
5
ТҮРКІСТАН:  ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

14.06.2025
6
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

14.06.2025
6
Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары
Жаңалықтар

Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары

14.06.2025
4
ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

14.06.2025
6
МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13.06.2025
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
158

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.