ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ КӘСІПТЕРІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР — Төрттаған
Суббота, 15 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ КӘСІПТЕРІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР

28.04.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ КӘСІПТЕРІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР

READ ALSO

СИСТЕМА ПОДАЧИ ПРЕДЛОЖЕНИЙ ЧЕРЕЗ QR-КОД: ЗАПУЩЕН ПРОЕКТ «ВКЛАД ГРАЖДАН В РАЗВИТИЕ ШЫМКЕНТА»

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қазақстанның бес обысында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы «Табысты отбасы» жобасын жүзеге асыруда.
Қазіргі таңда Түркістан облысы Сарыағаш қаласында «Табысты отбасы» жобасының түлектері алғашқы қадамдары сәтті басталып, өз кәсіптерін ашты. Жоба қатысушылары Айман Жалалова, Әйгерім Тәжібаева және Мөлдір Маханова жобада танысып, кешенді оқытудан кейін бірлескен микро-бизнесті бастау туралы шешім қабылдаған. Бірлескен идея нәтижесінде құрылған сұлулық кабинеттің ашылу салтанатына Сарыағаш ауданы әкімнің орынбасары Алдияр Хайбилдаұлы Қозыбаев, Сарыағаш ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар басқармасының өкілдері және жоба тәлімгері Ұланбек Нұрманов арнайы келді. Ал «Табысты отбасы» жобасының авторы Айжани Нұрланова жаңа кәсіпкерлерді құттықтай отырып, Қызыл лентаны кесу құрметіне ие болды.
— Мен біз үшін де, қала үшін де, біздің түлектер үшін де маңызды іс- шараға қатысқаныма қуаныштымын. Сұлулық кабинеттері, шағын тігін және кондитерлік цехтарының көптеп ашылуы — жоба іске қосылған барлық 5 облыста жүзеге асуда. Бұл қатысушылардың оқуы мен сүйемелдеудің дұрыс құрылғанының дәлелі. Түлектерімізді әрқашан қолдаймыз, — деді А.Нұрланова.
Жоба авторы сапары аясында келесі пункті қатысушылардың бірі қолға алған тігін шеберханасында болды. Мұнда «Табысты отбасы» жобасының бірнеше түлегі жұмыс істейді. Жас кәсіпкер Айсұлу Бегниязова өзі секілді өзге де қатысушыларды өз шеберханасына шақырып, «Тігін ісі» бейіндік бағытына үйреткен. Бүгінде шеберхана ұлттық нақыштағы киімдерден бастап, автобус қаптарына дейін тігу үшін кез- келген тапсырыстармен айналысады.
— Бүгін мен бақыттымын деп сенімді түрде айта аламын. Өйткені менің отбасым, балаларым және сүйікті ісім бар. Ол маған өз ісіммен айналысу ғана емес, табыс көзінің басты кілті. Мұнда тігін саласына қажетті құрал-жабдықтарды пайдаланып біз жұмыс істейміз. Клиенттеріміздің тапсырыстарын уақытылы орындап келеміз, — деді жас кәсіпкер.
Ауданда аталған жобаның игілігін көргендер көп. Түлектердің бірі, көпбалалы ана Жұлдыз Қарсыбаева «SMM» бейіндік бағыты бойынша оқудан өтсе, Гүлнар Исаева ауылда торттар мен түрлі кондитерлік өнімдерге тапсырыс алып, үйде табыс тауып отыр. Қос кәсіпкердің де айлық табысы 300-400 мың теңге көлемін құрап отыр.
Айта кетейік, «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасы 2022 жылдың 1-ші желтоқсанында республиканың бес пилоттық өңірінде: Абай, Жетісу, Ұлытау, сондай-ақ Туркістан және Ақтөбе облыстарында іске қосылды.
«Табысты отбасы» әлеуметтік жобасын 300 түлек аяқтаған. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорынан гранттар алып, еңбек көзін ашып, өз кірістерін арттыруда. Жобаға Түркістан облысынан 70 азамат қатысқан. Оқыту бағдарламасы халықтың неғұрлым осал топтарының өкілдерін, оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасылардың мүшелерін, сондай-ақ жалғыз немесе ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған жанұяларды, табысы төмен отбасылардан шыққан жастарды кешенді оқытуға бағытталған.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ЕҢБЕК АДАМЫ — ТҰРЫНБЕТ ГҮЛМИРА ТАСПОЛАТҚЫЗЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ АЯСЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жаңалықтар

СИСТЕМА ПОДАЧИ ПРЕДЛОЖЕНИЙ ЧЕРЕЗ QR-КОД: ЗАПУЩЕН ПРОЕКТ «ВКЛАД ГРАЖДАН В РАЗВИТИЕ ШЫМКЕНТА»

14.11.2025
4
QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жаңалықтар

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

14.11.2025
5
ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ
Әлемде

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ

14.11.2025
4
ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»
Әлемде

КАЗАХСТАН И РОССИЯ: СТРАТЕГИЧЕСКОЕ ПАРТНЁРСТВО, ПРОВЕРЕННОЕ ВРЕМЕНЕМ

11.11.2025
6
ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»
Әлемде

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»

11.11.2025
5
Жаңалықтар

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

29.10.2025
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
439

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
369
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
226
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
179
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
168

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.