ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫН САПАЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ — Төрттаған
Понедельник, 16 февраля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫН САПАЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

23.04.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫН САПАЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

READ ALSO

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қалаларды аралап, тұрғындармен кездесу барысында «Ауыл аманаты» жобасын сапалы жүзеге асыру керектігін айтқан болатын. Жауапты басқарма мен аудан, қала әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді. Бүгінде аталған бастаманы жан-жақты насихаттау, түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалында партия бағдарламасында көрсетілген «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысы туралы отырысы өтті. Аталмыш жиынға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев төрағалық етіп, жүргізді. Басқосуға басқарма басшылары мен «Ауыл аманаты» партиялық жобасын жүзеге асыру бойынша мониторингтік топтың мүшелері қатысты.
Жобада халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану арқылы ауыл экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге үлкен мүмкіндіктер беретіні айтылған.
Жиында алғаш болып Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Оспанов баяндама жасады.
– Бағдарламаны жүзеге асыруға биыл республикалық бюджеттен бағдарламаға жыл басында 11,0 млрд. теңге, қосымша 8,7 млрд. теңге қаржы бөлінді. Жалпы бөлінген 19 772 410 мың теңге қаржыға 4 000 бірлікке жуық жобаға қолдау көрсетіледі. Жобаны іске асыруда бірінші кезекте жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық берілуде – деді өз баяндамасында Т.Оспанов.
«Ырыс» МҚҰ басқарма төрағасы Мұхит Мыңбаев жобаның жүзеге асырылу барысына кеңінен тоқталды. Айтуынша, Түркістан облысы халқының саны 2 млн. 115 мың адамды құраса, олардың 75,5 пайызы немесе 1 млн. 596 мың адам ауылда тұрады. Олардың ішінде:
— атаулы әлеуметтік көмек алушылар (аз қамтылғандары) –181,3 мың адам;
— аз қамтылған отбасылар саны – 30,9 мың отбасы;
— жұмыспен қамтуды қажет ететін адам саны 93,5 мың адамды құрап отыр.
Осы орайда, ауылды жердегі халықты жұмыспен қамтамасыз етіп, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтерудің бір жолы – ол қосалқы шаруашылыққа қолдау көрсетіп, дамыту екендігін айтты.
Жиынға қатысушылар «Ауыл аманаты» жобасы халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану арқылы ауыл экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге үлкен мүмкіндіктер беретін жоба екендігін алға тартты. Біршамасы жобаның іске асырылуы кезінде тап болатын проблемаларды да назарға алды. «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру бойынша мониторингтік топтың мүшесі Жандос Әзімбай аталған бағдарламалық жобаның халыққа қолжетімділігі дұрыс болуына бақылау қажет екеніне тоқталды. Яғни, төмен пайызбен несие аламын деген азаматтарға мүмкіндік толық жасалу қажеттігін жеткізді. Жиында орта жолдан қосылып халықты алдау мен арбауға салынатын құйтырқы әрекеттерден сақ болу керектігі де айтылды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Жетісай: «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмыс жасауға шақырады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАМЕН КӘСІП АШҚАНДАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Оқи отырыңызМақалалар

Әлемде

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

21.01.2026
8
Әлемде

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

21.01.2026
10
Әлемде

2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге шолу

21.01.2026
7
Әлемде

«БЖЗҚ» АҚ 2025 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелерін ұсынды

21.01.2026
6
Әлемде

Жыл басынан бері «БЖЗҚ» АҚ 40 млн-ға жуық қызмет көрсетті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыру қызметтерінің кең спектрін ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеуде. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

21.01.2026
6
Әлемде

Отандастарымыздың жинақталған таза инвестициялық кірісі 13,43 трлн теңгеден асты

21.01.2026
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
446

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
390
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
294
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
236
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
200

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.