ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА КӨШУДІҢ ТИІМДІЛІГІН ТҮСІНДІРДІ — Төрттаған
Воскресенье, 22 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА КӨШУДІҢ ТИІМДІЛІГІН ТҮСІНДІРДІ

Өңірдегі көктемгі дала жұмыстарының барысы мен озық технологияларды пайдаланудың тиімділігі Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен Қазығұрт ауданында өткен семинар-кеңесте талқыланды. Оған агробизнес өкілдері мен ғылыми қызметкерлер, аудан, қала әкімдері қатысты.

30.03.2023
Жаңалықтар
0
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА КӨШУДІҢ ТИІМДІЛІГІН ТҮСІНДІРДІ

READ ALSO

Адекватность пенсионных выплат: значимость раннего формирования пенсионных накоплений и регулярности пенсионных взносов

Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқаруына қалай қайтаруға болады?

Өңірдегі көктемгі дала жұмыстарының барысы мен озық технологияларды пайдаланудың тиімділігі Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен Қазығұрт ауданында өткен семинар-кеңесте талқыланды. Оған агробизнес өкілдері мен ғылыми қызметкерлер, аудан, қала әкімдері қатысты.
Басқосуда малазықтық және масақты дақылдарды тікелей егу әдісі таныстырылып, әлемдік тәжірибенің тиімділігі кеңінен талқыланды.
No-till технологиясы – нөлдік өңдеу жүйесі, сүр танапсыз тікелей себу бойынша алғашқы сынағы өңірде осыдан 5 жыл бұрын басталған. Бразилиядан алынған дән сепкіш құрылғының көмегімен, масақты дақылдардың түсімділігі 2 есе артқан.
Ашық аспан астында өткен басқосуға аймақ басшысы жемісті қалдықсыз өңдеуге басымдық беріп, заманауи озық технологияны пайдалануға бет бұрудың маңыздылығын айтты. Егістікті әртараптандырудың тиімділігіне тоқталды. Өңірдегі ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты дамыту мен әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті ету бағытында жұмыстардың күшейтілетінін атап өтті.
– Халқымыздың 80 пайызы ауылда тұратындықтан, ауыл шаруашылығы саласын дамыту — аса маңызды. Түркістан облысында қарқынды бау шаруашылығы, «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу», су үнемдеу технологияларын енгізу және жылыжай шаруашылығын дамыту жүйелі жолға қойылған. Облысымызда аграрлық секторда 74,2 мың агроқұрылым бар. Республикадағы көрсеткіші — 31%-ды құрайды. 2024 жылдан бастап 4 ғылыми мекеме облыс әкімдігінің теңгеріміне қабылданады деп жоспарлануда. Бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы орайда, біз ғылыми мекемелер мен ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері арасында тығыз байланыстар орнатып, шетелдік инновациялық заманауи агротехнологияларды өндіріске шығару, аграрлық ғылымды, білікті кадрлар даярлауды тікелей қолға аламыз. Өйткені еліміз азық-түлік импорттаушы елден экспорттау бойынша әлемдік көшбасшы мемлекетке айналуына мүмкіндігі бар. Жаңа технологияларға көшуіміз керек. Ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты дамыту, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті, жалпы өніммен қатар еңбек өнімділігін арттыру бойынша жұмыстар жалғасады, – деді Дархан Сатыбалды.
Облыс әкімі сапар барысында ауданда өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі және Шанақ ауылдық округінде орналасқан «Тілеуберді» шаруа қожалығында жоңышқа дақылын тікелей себу барысымен танысты.
Қазығұрт ауданы өзіндік тарихы және тұмса табиғаты ғана емес, ауыл шаруашылығы өнімдерімен де әйгілі. Оған мысал, 2022 жылы ауданда 66,7 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Осы жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан ауданға төмендетілген бағамен 3500 тонна дизель отыны бөлінді. Ал дала жұмыстарына техникалардың дайындығы 95%-ды құрап отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҚЫРЫҚҚАБАТ ПІСТІ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Адекватность пенсионных выплат: значимость раннего формирования пенсионных накоплений и регулярности пенсионных взносов

17.03.2026
10
Жаңалықтар

Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқаруына қалай қайтаруға болады?

17.03.2026
5
Жаңалықтар

Зейнетақы төлемдерінің жеткіліктілігі: зейнетақы жинақтарын ерте қалыптастырудың және зейнетақы жарналарының тұрақтылығының маңыздылығы

17.03.2026
10
Жаңалықтар

Начисленный инвестиционный доход казахстанцев за 12 месяцев составил 2,28 трлн тенге

17.03.2026
5
Жаңалықтар

Как вернуть пенсионные накопления из доверительного управления УИП под управление Национального Банка Республики Казахстан?

17.03.2026
6
Жаңалықтар

Обзор инвестиционного портфеля под управлением НБРК и УИП по состоянию на 1 февраля 2026 года

17.03.2026
13

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
449

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
391
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
329
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
280
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
212

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.