ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ» — Төрттаған
Воскресенье, 1 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ»

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданы тұрғындарымен кездесіп, сұрақтарына жауап берді. Өтініштерін тыңдады. Тұрғындар тарапынан ауыз су, көшелерге жарықшамдар орнату, жерді әділ бөлу, мектепке қосымша ғимарат салу және өзге де мәселелер көтерілді. Өңір басшысы ауданды дамыту бағытындағы жұмыстар тұрақты жалғасатынын, бұл істе жергілікті әкімдік пен тұрғындар да белсенділік танытуы керек екенін жеткізді.

30.03.2023
Жаңалықтар
0
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ»

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданы тұрғындарымен кездесіп, сұрақтарына жауап берді. Өтініштерін тыңдады. Тұрғындар тарапынан ауыз су, көшелерге жарықшамдар орнату, жерді әділ бөлу, мектепке қосымша ғимарат салу және өзге де мәселелер көтерілді. Өңір басшысы ауданды дамыту бағытындағы жұмыстар тұрақты жалғасатынын, бұл істе жергілікті әкімдік пен тұрғындар да белсенділік танытуы керек екенін жеткізді.
– Тұрғындар тарапынан көтерілген ауыл шаруашылығын дамыту, суармалы жерді тиімді пайдалану мәселесі өзекті. Біз жуырда Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірледік. Осы жоспарға сай ауыл шаруашылығы саласындағы өнімділікті 2 есеге арттыру көзделген. Жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды күшейтіп жатырмыз. Аудан әкімдері бюджет қаражатына ғана сенім артпай, инвестиция тарту жұмыстарын жандандырулары керек. Тұрғындар аулаларын таза ұстап, гүл егіп, аймақты көгалдандыруға, тазалығын сақтауға үлес қосқаны жөн. Қазығұрт ауданы тұрғындарымен былтырғы кездесу нәтижесінде көтерілген мәселелер шешімін тапты. Бірқатарына тоқталсам, Тұрбат ауыл округінен 200 орындық «Ақпарақ» мектебі пайдалануға берілді.
Облыстық маңызы бар КХ-44 «Жігерген-Көкібел» автомобиль жолын орта жөндеуге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Тұрбат ауыл округі, Өндіріс елді мекеніндегі 8 көшені орта жөндеуге 430 млн. теңге қаралды. Биыл қазан айында пайдалануға тапсырылады. Ақбура бұлақ көзіне қосымша ауыз су қоймасының құрылысына қаржы қаралды. Қазығұрт ауданын дамыту жұмыстары бәсеңдемейді, – деді Дархан Сатыбалды.
Өңір басшысының жеке қабылдауында да тұрғындардың өтініштері тыңдалды. Облыстық басқармалар мен департамент, құқық қорғау мекемелерінің басшылары да тұрғындарды қабылдап, арыз-шағымдарымен танысты. Өтініштер хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды.
Қазығұрт ауданында былтыр негізгі капиталға бағытталған инвестиция 23,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,7 млрд. теңгеге артты. Аудан әкіміне 2023 жылы бұл көрсеткішті арттыру міндеті жүктелді. Ауданда жұмыспен қамту картасы бекітіліп, былтыр 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылса, «Еңбек» бағыты бойынша 4 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Мемлекет басшысының 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын ашу жөніндегі тапсырмасы аясында 1 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.
2022 жылы Еңбек және Атбұлақ елді мекеніндегі бірнеше көше тұрғындарын газбен қамтамасыз етуге 86,8 млн. теңге қаралып, пайдалануға берілді. Биыл Шанақ және Ақжар елді мекенін газдандыруға қаржы бөлінді. 62 елді мекеннің 61-і электр жүйесімен қамтылған. 2022 жылы 12 елді мекенге қаржы бөлініп, сапалы электрмен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталды. 2023 жылы 10 елді мекенде электр қуаты жетіспейтін көшелерді қуаты жоғары электрмен қамтамасыз ету құрылысына 407,4 млн. теңге қаралған.
Аудан бойынша ауыз сумен қамтылған елді мекендер 59-ға жетіп, қамту көрсеткіші 95,1 пайызды құрады. Айнатас елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысына 276,0 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Қызылдихан елді мекеніндегі ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстары да қолға алынған.
Бюджет есебінен бөлінген 1,2 млрд. теңгеге 102,9 шақырымды құрайтын 28 аудандық маңызы бар және ішкі жолдарға 2022-2023 жылдар аралығына жоспарланған орта жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр. Бұдан бөлек, 2023 жылы Қақпақ ауылы округі, Қақпақ елді мекеніндегі 9 көшені орта жөндеуге 434 млн. теңге қаралды. Биыл аяқталады деп межеленген.
Денсаулық сақтау, білім салаларын дамыту бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының ғимаратына 590 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2022 жылы Жаңаталап елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы басталған, биыл пайдалануға беріледі. 2022 жылы 7 елді мекенде типтік мектеп ғимараттарының құрылысы басталған. 2023 жылы 4 мектеп пайдалануға беріледі. Қалған 3 мектеп (Атажұрт, Көкібел, Тұрбат) 2024 жылға өтпелі. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 600 орындық 1 жаңа мектеп салынады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТЫ, ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА КӨШУДІҢ ТИІМДІЛІГІН ТҮСІНДІРДІ

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
353
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
214
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
159
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.