СИРЕГЕН ТОҒАЙДЫҢ ШАРАПАТЫ СЫРДАРИЯ ЖИЕГІНЕН АРЫ АСПАЙ ТҰР немесе Түркістанға микроклимат қалыптастыруды қайдан бастау қажет? — Төрттаған
Воскресенье, 15 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

СИРЕГЕН ТОҒАЙДЫҢ ШАРАПАТЫ СЫРДАРИЯ ЖИЕГІНЕН АРЫ АСПАЙ ТҰР немесе Түркістанға микроклимат қалыптастыруды қайдан бастау қажет?

13.12.2022
Жаңалықтар
0

Түркістан облысы құрылған күннен бастап шаһарды дамыту тұрғысындағы кешенді жобалар қолға алынғанын білеміз. Қазір сол бағытта жүргізіліп жатқан жұмыс қарқыны жоғары. Осы жобалардың ішінде оңтүстік аймақтағы ең ыстық нүктелердің қатарына жататын Түркістан қаласында микроклимат қалыптастыруға бағытталған «Жасыл желек» жобасы да іске асырылып жатыр. Бұл жөнінде облыс басшылығы Түркістанның климатын түпкілікті өзгерту жұмыстары да жоспарланып отырғанын тілге тиек еткен-тін. Ол үшін ағын су мәселесін шешу жұмыстары жүргізіліп жатқанын және қала маңында жалпы аумағы 7,5 мың гектарды құрайтын «Жасыл белдеу» құру жобасы да тыңғылықты іске асып келе жатқанын жария еткен.

Бүгінгі таңда қала аумағында 97,9 гектар аумаққа «жасыл белдеу» қалыптасып, 3 миллонға жуық ағаш көшеттері отырғызылғанын, оған қоса бұрынғы ұңғыма және ирригациялық арық көздері қайта қалпына келтіріліп, кейбірі жаңадан салынып жатқандығы айтылады.

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Десе де әлі алда қыруар жұмыс күтіп тұр. Егілген ағаштардың өнімділігі, «жасыл белдеудің» көлемін облыс әкімі айтқан межеге жеткізу үлкен қажыр-қайратты талап етеді. Негізінде Түркістан аумағында «жасыл белдеуді» қалыптастыруға әсіресе оны сумен қамтуға толықтай мүмкіндік бар. Облыс орталығына ағын су жеткізу үшін Түркістан мен Кентау қалаларының шекарасынан Қосқорған ауылынан жасанды көл жасау, Шошқакөл маңынан жалпы сыйымдылығы 500 млн текше метрді құрайтын су қоймасын құру және қала іргесінен өтетін «Арыс-Түркістан» каналына үздіксіз су жіберу үшін Сырдария өзенінен арнайы канал қазу жақын күндерге жоспарланған. Егер осы аталған жобалар көп ұзамай қолданысқа берілсе, Түркістан қаласында жасыл же-лекті қуратып алмауға және оның көлемін едәуір арттыруға толық мүмкіндік туады.

Алайда, Түркістан қаласының төңірегінде аталған көлемдегі жұмыстың нәтижесімен микроклимат қалыптастыру қаншалықты қисынды. Жаздың аптап ыстығы мен қит етсе ағаш басын майыстыра күшіне мінетін шаңды дауылға осы жоба тосқауыл бола ала ма? Соңғы жылдары қала аумағында маса, аққанат сынды шіркей көбейді. Бұл құбылысты тұрғындар әсіресе көнекөз қариялар Сырдария өзенінің бойындағы қалың тоғайдың сиреуімен байланыстырады. Сонымен бірге, тоғайда көптеп кездесетін тамыры дертке дауа емдік қасиеті мол қызылмия өсімдігі табысын еселеуді көздеген жандардың көзқұртына айналды. Оған тосқауыл қоюға кейінгі уақытқа дейін жауапты салалардың пәрменді жұмысын көре алмадық. Соның салдарынан қазіргі күні Сырдария өзенінің Түркістан қаласына жақын маңдағы жағалауларында аталмыш өсімдікті кездестіру қиындап кетті. Кейінгі оншақты жыл көлемінде қызылмияның азаюымен бірге қалада шіркей көбейді. Тоғай көлемі де едәуір кеміген. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Сырдария өзені бойындағы орманды алқаптың негізгі бөлігі тұрғындардың қысқы отынына жаратылды. Пайда көздеген пысықайлар табиғаттың тылсым құбылысын ескерместен тіршілік қамын алға тартып, тоғай ағаштарын кедергісіз жинау үшін ну орманға сансыз от қойды. Сөйтіп, сол маңдағы тұрғындардың қолынан жапа шегіп селдірей түскен орманды алқап, бүгінде күннің аптап ыстығын басуға қауқары жетпей тұр. Кейін келе қысым күшейіп, отын сату түпкілікті жоқ болып кетпегенімен айтарлықтай қысқарды. Қазіргі күні сиреген тоғайдың шарапаты өзен жиегінен ары аспай тұр. Сондықтан Түркістанда жайлы ауа-райын қалыптастыру ісін әлі де жан-жақты зерделеп, әуелі Сырдария бойындағы тоғайды қалыпқа келтіруді ойластырған жөн секілді.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 70 МАМАНҒА ТҰРҒЫН ҮЙ САТЫП АЛУ ҮШІН БЮДЖЕТТІК НЕСИЕ БЕРІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА АВТОДРОМ АШЫЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН:  ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

14.06.2025
3
Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары
Жаңалықтар

Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

14.06.2025
3
МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.