ЖАҚСЫ БАСТАМА ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ МА? — Төрттаған
Четверг, 23 октября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЖАҚСЫ БАСТАМА ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ МА?

10.12.2022
Жаңалықтар
0

Былтыр Түркістан қаласында тұрғындар мен халық қалаулыларының қатысуымен «Отбасыңмен он тал ек!» эко-акциясы өтті. Қоршаған ортаны қорғауда ұжымдық бірлікті арттырған айтулы акция жайлы республикалық арналар мен жергілікті БАҚ-тарда айтылған болатын. Бүгінгі мақаламызда осы бастаманың барысы мен нәтижесі жайлы аз-кем ақпарат бергелі отырмыз.

Тұрғындарды табиғатты аялауға және шаһардың гүлденуіне үлес қосуға шақыратын игі шараның маңызы зор болды. Тұтас қаланы жұмылдырған жоба былтырғы жылдың 1 қарашасына дейін-ақ өз жұмысын бастап кетті.

READ ALSO

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

– Егілетін ағаштарға шұңқыр қазу, белгіленген нысандарды даярлау секілді жұмыстарға жауапты адамдар бекітіліп, тапсырмалар берілді – дейді шараға жауапты «Жасыл Түркістан» КММ директоры Көркемжан Тұрсынбайұлы. Айтуынша, қарашаның 13-нен басталған жоба тура он күнге созылып, оған қалалық мәслихат депутаттары, зиялылар, үкіметтік емес ұйым мүшелері, ардагерлер және қала тұрғындары қатысқан. Тарқатып айтсақ, Бірлік тас жолынан Тұран саябағына дейінгі аралыққа 8030 қарағаш, 1000 терек, 1000 дана акация егілсе, Тұран саябағы, Эко базар және Батыс Еуропа –Батыс Қытай айналма тас жолы бойына 11030 қарағаш, 2 000 терек, 1000 дана акация және қарағай мен айланттан 500 көшеттен отырғызылған. Екі аумаққа отырғызылған көшеттердің жалпы саны 30000 – нан асып жығылған. Одан бөлек Кентау тас жолы мен Отырар м/а, Б.Саттарханов даңғылы, Майкотов көшесі, Алматы көшесінің оң және сол жағы және Айналма тас жолына (Кентау тас жолымен теміржол аралығы) егілген ағаштар 80000 – ға жуықтаған.

– Аталмыш акцияда Түркістанды таза әрі жасыл қалаға айналдыру мақсатында бас-аяғы 91 156 көшет егілген болатын. Салауатты өмір салты мен еңбекке баулуды көздеген шараға тұрғындардың белсенділігі де жоғары болды – дейді ол.

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков те акцияның алғашқы күнінен-ақ іске қарқынды кіріскен қала тұрғындарына алғыс білдірген болатын. Қала басшысының сөзінше, акция кезінде отырғызылған ағаштар бұдан әрі күтімге алынып, бақылауда болады. Сондай-ақ, бұл жұмыстардың бәрі тұрғындармен бірлесе отырып жасалатынына тоқталды.

Шаһардың шағын әрі басты аймақтарын қамтитын бастамаға жоғарыда айтылған түрлерден бөлек туя, сирень, гужум секілді тұрпаты бөлек ағаштар отырғызылған. Сала мамандары қазіргі таңда жобаны дамыту үшін сенбіліктер ұйымдастырылып, қала тазалығы мен жасыл екпелерді күтіп-баптау бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға пайдалы ақпараттар беріліп жатқанын жеткізді.

– Осы арқылы былтыр орын алған олқылықтар жөнделіп, шара ауқымы кеңейеді. Алдағы уақытта акция өтетін қала нысандары мен көшеттер саны жайлы мәліметтер халыққа тұрақты түрде хабарланып отырады – деп сенім білдірді жобаға жауаптылар.

Жалпы айтқанда «Отбасыңмен он тал ек!» эко-акциясын қолдаушылар мен жобаға қатысушылар саны көбейіп келеді. Қол жеткізген нәтижелерге сәйкес игілікті бастама халықтың салауатты өмір салтын ұстануға, қала тазалығына бей-жай қарамауына айтарлықтай үлесін қосты. Қазақта халықты қоршаған ортаға деген жанашырлыққа баулитын тәмсіл-нақылдар өте көп. «Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді» деген сөз содан қалса керек. Осы орайда, Түркістанды жасыл қалаға айналдырып, жарқын болашаққа жетелеуді көздеген «Отбасыңмен он тал ек!» атты ауқымды шараның салмағы мен маңызы зор екенін айта кеткен жөн. Тұрғындардың көкейінде жүрген «Акция жалғаса ма?» деген сауалға Көркемжан Тұрсынбайұлы:

– Былтыр күз айларында бастау алған жоба биыл да өз жалғасын табады. Қазіргі таңда тек егілген ағаштарды суару мен тазалық, күтім жұмыстары жүргізіліп жатыр – дей келе, алдағы күндерде халықты жақсы бастамаға жетелейтін жобаны тағы да іске асыруды жоспарлап отырғанын жеткізді. Айта кетейік, атаулы акция бойынша күз маусымында ағаштар отырғызылып, басқа мезгілдерде оларды баптау жұмыстары жүргізіледі.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҰРҒЫНДАР ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ ЖАНАШЫРЛЫҚПЕН ҚАРАСА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ ШАҺАРДА ИГІ БАСТАМАЛАРҒА ҰЙЫТҚЫ БОЛДЫ  

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
29
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
9
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
7
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті

21.10.2025
8
Жаңалықтар

ЕНПФ представил годовой актуарный отчет за 2024 год

21.10.2025
6
Жаңалықтар

Инвестиции в будущее: совершеннолетние казахстанцы использовали более 22,29 млн долларов по программе «Нацфонд – детям»

21.10.2025
11

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
436

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
363
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
223
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
176
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
167

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.