ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 60 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ — Төрттаған
Четверг, 8 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 60 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Тәуелсіздік күні мерекесі мен Төлеби ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай аудан орталығы Ленгір қаласында 3 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған үйден пәтер кезегінде тұрған 60 отбасыға баспана кілттері табысталды. Баспаналар әлеуметтік осал топтар санатындағы отбасылар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді. Наурыз айында Төлеби ауданында баспана кезегінде тұрған 120 отбасы үйлі болды.

19.12.2022
Жаңалықтар
0
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 60 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Тәуелсіздік күні мерекесі мен Төлеби ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай аудан орталығы Ленгір қаласында 3 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған үйден пәтер кезегінде тұрған 60 отбасыға баспана кілттері табысталды. Баспаналар әлеуметтік осал топтар санатындағы отбасылар мен ата — анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді. Наурыз айында Төлеби ауданында баспана кезегінде тұрған 120 отбасы үйлі болды.
Жаңа қоныс иелерін құттықтауға арнайы келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды төлебиліктердің қуанышымен бөлісті.
— Тәуелсіздік алған 31 жыл ішінде мемлекетімізде ауқымды жұмыстар атқарылды. Азаттықтың арқасында ауылдарды дамытуға мүмкіндік туды.
Осы уақыт ішінде бір ғана Төлеби ауданында мемлекет есебінен 30-ға жуық көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 1 500 отбасы қоныс тойын тойлады. Бүгін біз 60 отбасыға пәтер кілтін табыс етпекшіміз. Осының бәрі – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған салиқалы саясаттың жемісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тұрғындарды баспанамен қамтуды басты назарда ұстайды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді, – деді Дархан Сатыбалды.
Төлеби ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай аудан орталығында Төле би бабаның еңселі ескертшісі ашылды. «Төлеби баба» саябағында орналасқан биіктігі 23 метр болатын мыс ескерткіш демеуші Әсет Қайыпбековтың есебінен жасалды. Мүсін салмағы — 25 тонна. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына орай арнайы ұйымдастырылған «Тұғыры биік Төлеби» атты мерекелік жиынға қатысып, ізгі тілегін жеткізді.
Мерейтойда «ETNO – АYYL» алаңындағы ұлттық спорт ойындарынан сайыс өтті. Киіз үйлер тігіліп, халық әндері шырқалды. Ел ағалары елді бірлікке шақыратын ойларын айтып, кеңес құрды. Жергілікті кәсіпкерлердің тауар көрмесі ұйымдастырылды.
— Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде тапсырма берді. Облыс тұрғындарының 80 пайызы ауылда тұратынын ескере отырып, бұл тапсырма Түркістан өңірін дамытуға ықпал етеді деп сенемін. Бұл ретте Төлеби ауданын дамыту ерекше назарда тұр. Төлебидің әсем табиғаты ақындардың өлеңіне, суретшілердің шабытына арқау болды. Төлебиден өте талантты азаматтар шықты. Қоғам қайраткерлері, өнер және мәдениет, спорт жұлдыздары да осы өлкеден түлеп ұшты. Әсіресе, әлемге танымал суретшілер өте көп. Бұл – қасиетті өлкенің ерекшелігі. Төлебиліктер бүгінде бірліктің қайнар көзі болып отыр. Елді басқарған Төлебидей дана бабамыздың есімімен аталған ауданның болашағы жарқын. Ауданда туризмді, ауыл шаруашылығын және кәсіпкерлікті дамытуға толық мүмкіндіктер бар. Біз осы бағытта жұмысты күшейтеміз, – деді облыс әкімі.
Мерекелік жиында Төле би ауданының тарихы дәріптеліп тарихи тұлға туралы деректер айтылды. Ақсу, Сайрамсу, Бадам өзендері ағып өтетін Төлеби – тарихи мұраларымызға өте бай өлке. Түркістан облысындағы ең биік нүкте – Сайрам шыңы осы ауданда орналасқан. Өлкеде 100-ден астам археологиялық, архитектуралық және тарихи ескерткіштердің орны белгіленген. Ауданнан табылған мәдени ошақтар ашық аспан астындағы мұражайға айналып отыр.
Төле би кезінде Қазақ хандығын нығайтып, елді біріктіруге айрықша үлес қосты. Ол әйгілі «Жеті жарғы» заңдар жинағын шығаруға атсалысқан. Елді басқарып, халыққа қорған болған.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТТІ ТАМАШАЛАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
424

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
349
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
195
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
154
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
148

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.