ТҮРКІСТАНДА МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН «ӘЛЕМ ТАНЫҒАН АҚЫН» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ — Төрттаған
Воскресенье, 25 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Руханият

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН «ӘЛЕМ ТАНЫҒАН АҚЫН» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

Түркістандағы «Farab» кітапханасында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек ері Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Әлем таныған ақын» атты шығармашылық кеші өтті. Кеш барысында Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Әлем таныған ақын» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Салтанатты жиында облыс әкімі Дархан Сатыбалды ақынды мерейтоймен құттықтап, елге сіңірген еңбегін жоғары бағалады.

14.12.2022
Руханият
0
ТҮРКІСТАНДА МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН «ӘЛЕМ ТАНЫҒАН АҚЫН» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Түркістандағы «Farab» кітапханасында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек ері Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Әлем таныған ақын» атты шығармашылық кеші өтті. Кеш барысында Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Әлем таныған ақын» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Салтанатты жиында облыс әкімі Дархан Сатыбалды ақынды мерейтоймен құттықтап, елге сіңірген еңбегін жоғары бағалады.
– Сізді 80 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздің адамзатты ізгілікке, мейірімге, шынайы махаббатты бағалауға шақыратын өлеңдеріңіз талай адамның сенімін оятты.
Жігерлендірді. Туған жеріңіз – Қасиетті Түркістан өңіріне келіп, мерейтоңызды жалғастыру – біз үшін үлкен мәртебе. Алтын уақытыңызды қиып, елмен жүздескеніңіз үшін сізге алғысымды білдіремін. Жуырда Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға жұмыс сапарында Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру мәселесін көтерді. Оған толық негіз бар. Түркістанның рухани астана атануы жолында сіздің де үлесіңіз мол деп есептеймін. Өйткені сіз парасатты жырларыңызбен, отаншылдығыңызбен ел рухын көтердіңіз. Отырар мен Түркістанды әлемге танытуға еңбек сіңірдіңіз, – деді Дархан Сатыбалды.
Мерекелік кеште М.Шахановтың сөзіне жазылған таңдаулы әндер шырқалды. Түркістан облысының танымал әншілері өнер көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Кеш әрі мерейтой иесі, Қазақстанның Еңбек ері, Халық жазушысы, ақын Мұхтар Шаханов сөз сөйлеп, Түркістан жұртшылығына алғысын білдірді. Ұлтты сақтау, мемлекетті қорғау, руханиятты қолдау бағытында жүйелі ойлар айтты. Әрдайым парасат, шындық биігінен табылу әр адамға міндет екенін жеткізді. Сонымен бірге Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншілерімен бірге «Туған күн кешінде» әнін шырқады.
Мұхтар Шаханов – қазақ даласын өзінің құнарлы жырымен сусындатқан, әр қазақтың жүрегіне жол таба білген, қайталанбас дарын иесі. Саясатта да ел мүддесі жолында еңбек еткен қайраткер. Ақынның шығармалары әлемнің ондаған елдерінің тілдеріне аударылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДА ФУТБОЛДЫ ДАМЫТУҒА ХОРВАТИЯНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРЛЫҚ ЖАСТАР КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫНА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Руханият

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

13.09.2024
13
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Руханият

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07.12.2023
94
САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Руханият

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07.12.2023
30
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ
Руханият

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ТҮРКІСТАН: «ЖАҚСЫ ДӘСТҮР УАҚЫТТЫ ЖАТСЫНБАЙДЫ»
Руханият

ТҮРКІСТАН: «ЖАҚСЫ ДӘСТҮР УАҚЫТТЫ ЖАТСЫНБАЙДЫ»

07.12.2023
31
«ТҮРКІСТАН ТАЛАНТТАРЫ» ЖОБАСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
Руханият

«ТҮРКІСТАН ТАЛАНТТАРЫ» ЖОБАСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

06.12.2023
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.