Түркістанның айналасы жасыл желекке айналады — Төрттаған
Воскресенье, 25 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркістанның айналасы жасыл желекке айналады

15.09.2022
Жаңалықтар
0
Түркістанның айналасы жасыл желекке айналады

Түркі әлемінің рухани астанасы әрі облыс орталығы мәртебесін алған Түркістанды көгалдандыру, жасыл желекке айналдыру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Төрт жылдан астам уақыттың ішінде қала аумағында көптеген көшеттер отырғызылды. Шаһардағы жасыл желекті тұрақты суару үшін қосымша ағын сумен қамтамасыз ету жобалары жүзеге асып жатыр. Келешекте Түркістанның айналасы ну орманға айналады.

Әрине, мұның бәрі дәл қазір айтуға ғана оңай. Себебі Түркістанның табиғаты құрғақ, аптап ыстық. Шіліңгір шілдеде қалада 40 градус қалыпты температура саналады. Термометрдің 43-45 граудсқа көтерілетін кезі де болады.  Бұған шөлді аймақтың аңызақ желін қосыңыз.

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Мамандардың айтуынша,  климаты құрғақ аймаққа жататын Түркістанда егілген көшеттердің өзге өңірлермен салыстырғанда жерсінуі тым төмен. Әлемдегі жасыл желектің жерсіну көрсеткіші 70 пайызды құраса, Түркістанда бұл 50%-дан аспайды.

Киелі шаһарды жел эррозиясынан сақтап, экологиялық ахуалды тұрақтандыру және қолайлы климат қалыптастыру үшін қала айналасынан «жасыл» аймақ құрылған. Жасыл желекті күтіп-баптау жұмыстарына айрықша назар аударылған. «Қаланың өкпесіне» айналатын 30 мың гектар аймаққа сан түрлі ағаш отырғызылуда. Әр ағаштың түбіне тамшылатып суару жүйесі жеткізілуде. Қала аумағында ұңғымалар қазылып, су арналары жүргізіліп жатыр. Бірнеше су қоймасы салынуда. Жасыл желектің тамыр жайып, жерсінуі үшін бау баптаған бағбандар тартылған.

Ә. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми зерттеу институтының басқарма төрағасы Әлімжан Рахымжановтың пікірінше, «Түркістанның «жасыл» аймағы Нұр-Сұлтан қаласы «жасыл» белдеуінің аналогы ретінде жасалып отыр.

-Бүгінгі таңда елді мекендер көгалдандырылып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған жасыл аймақ құрылған. Тек климаттың қолайсыздығы кедергі. Жазда ылғал өте төмен. Жауын-шашын аз. Питомниктер құрылып жатыр. Түркістан маңында 30 мың гектар алқапта «жасыл» аймақ құрылады. Мұнда ыстыққа төзімді ағаш түрлері отырғызылады, — дейді төраға. Қазақ орман шаруашылығы және агроорман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ормандарды молайту және орман өсіру бөлімінің бастығы Светлана Кабанованың айтуынша, «жасыл» аймақ құру көпе еңбекті қажет етеді.

-Қалалардың айналасында «жасыл» белдеу құру — өте маңызды іс. Біз Қазақстан қалаларының айналасында «жасыл» белдеу құру және сақтау жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар бере аламыз. Түркістанның айналасында атқарылған жұмыс — аса қажырлы еңбек. Себебі осындай климат жағдайында «жасыл» аймақ» құру өте қиын. Ауа температурасы өте жоғары, құрғақшылық. Бұл жайттар кері әсерін тигізері сөзсіз. Көгалдандыру жұмысында барлық қажетті нормалар сақталған. Сондықтан бұл үлкен еңбек өз жемісін береді, — дейді Светлана Кабанова.

Түркістан облысы әкімдігінің таратқан мәліметіне қарағанда, 2019 жылдан бергі аралықта «жасыл» белдеу аумағындағы 3020 гектар жер телімдеріне 9 млн дана сексеуіл көшеттері отырғызылып, 2500 гектар жерге сексеуіл тұқымы себілді. Жалпы бүгінгі күнге дейін «жасыл» белдеудің аумағы сексеуіл ормандарын қоса есептегенде екі есе ұлғайып, 13 220 гектарға жетті. Орман алқабында 21 489 008 көшет өсіп-жетілуде.

Жаңа әуежай жолының бойы 268 га жер телімі толықтай тамшылатып суару жүйесіне қосылды. Қалған учаскелердегі отырғызылған ағаш көшеттердің 63 % ұңғымалардан, 25% каналдармен, 12% сорғылар арқылы суарылуда.

Орман алқабында отырғызылған мәдени екпелердің өсу жағдайына түгендеу жұмыстары жүргізіліп зерделенді. 7700 гектар аумақтың 51,2% жерінде көшеттердің көнімділігі жақсы, орташа және қанағаттанарлық жағдайда екенін көрсетті. Жасанды орман алқабын кеңейту ең алдымен тұқымбақтардың жұмысына байланысты. Сондықтан «Жасыл аймақ» КММ Түркістанның тұқымбағын дамытып, ағаш-бұта көшеттерін көбейтуде.

Көгалдандыру жұмыстары Түркістан қаласында да қарқынды жүргізіліп келеді.  Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтың айтуынша, қала аумағында көгалдандыру, ағаштарды күту және саябақтар, скверлер мен аллеялардың тазалығын сақтау мақсатында сапалы техникалар алынған. Бұл бағытта арнайы мамандар 25 түрлі, 200 дана техникамен жұмыс істейді. Әр техниканың өз міндеті, ерекшелігі бар. Біреуі ағашты күтіп-баптауға арналса, көгал, гүл мен бұтаны сәндеуге, қырқуға арналған техникалар да бар. Сала мамандарының хабарлауынша, облыс орталығында көпжылдық гүлдер егіліп, осы өңірдің табиғатына бейім ағаштарды отырғызуға басымдық берілген.

Түркістан қаласындағы «Тұран» саябағы мен Қызылорда тас жолы бойына гидрантты суғару жүйесі жүргізіліп, саябақ пен Төле би көшесі бойы және «Әлқожа ата» кесенесі аумағы абаттандырылады. Сонымен бірге Майкөтов көшесі бойына желілік саябақ салу жоспарлануда. Абаттандырылатын көшелерде балалар ойын алаңшалары мен демалатын орындардың саны артып, қала көркін ашатын сәулет мүсіндері орнатылады деп күтілуде. Жуырда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев пен қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков шаһар аумағындағы жоспарланған жұмыстар барысын бақылады. Облыс әкімінің орынбасары Түркістанды абаттандыру мен көгалдандыру бағытында жүзеге асырылатын жобаларға қатысты оң пікір білдіріп, ұсыныстардың сараланатынын және оңтайлы шешілуіне жұмыс жүргізілетінін жеткізді.

Бүгінде Түркістан қаласында 400 гектар жерге жайғасқан 11 саябақ, 5 жасыл аймақ, 25 аллея мен гүлзар және 100-ге жуық көше бар. Әр саябақ креативті әрі ерекше үлгіде салынды. Демалыс аумақтары жарықтандырылып, көпжылдық және гүлді ағаштар егілген. Сонымен бірге қоршаған ортаны жақсарту мақсатында Түркістан облысының елді мекендерінде тұрақты негізде жасыл желек отырғызу бойынша акция өткізіліп тұрады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылы  «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында республика аумағында экологиялық жағдайды жақсарту үшін 2 млрд түрлі ағаш көшетін отырғызу белгіленген болатын. Осыған сәйкес облыс әкімдігі  Экология министрлігімен бірлесіп, кешенді жоспар қабылдады. Онда 5 жыл ішінде 110 210 га аумақты көгалдандыруға 170 млн көшет отырғызу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Сапалы және толық орындау үшін қосымша штат пен техника сатып алынады.

Сонымен бірге Түркістан мен оның айналасындағы жасыл желекті ағын сумен қамтамасы ету үшін ауқымды жобалар жүзеге асуда.  Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары аясында маңызды су нысандарының құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталған соң Түркістан қаласына 250 млн. текше метр ағын су келіп, бұл мәселе толық шешіледі. Оның біріншісі  – «Түркістан» магистралды каналын жөндеу жұмыстары жалғасуда.  145 шақырымдық каналдың фильтрациялық шығыны көп 60 шақырымын бетондау жұмысы жоспарланып, қазірдің өзінде  50 шақырымы бетондалды. Қалған 10 шақырымы жақында аяқталады. Осы арқылы 60 млн. текше метр су жиналып, аймақты көгалдандыруға қолданылмақ. Сонымен бірге ағын суды пайдалану автоматтандырылып, суды үнемдеуге мән беріледі.

Өңірде қолға алынған екінші жоба – «Кеңсай-Қосқорған» су қоймасы. Оның сыйымдылығы 18 млн. текше метрден асады.  Бұрын жаңбыр мен қар суы далаға кететін, енді сол су көзі жиналып, Түркістан қаласы маңындағы азық-түлік белдеуі мен жасыл алқапқа жіберілмек. Сонымен бірге саябақтар да сумен қамтылады.

Облыста «Жетікөл» көлдер жүйесі де жаңғыртылып жатыр. Осы жұмыстардың нәтижесінде көлдегі суы қоры ұлғайып, экологиясы оңалды. Отырар ауданы мен Арыс қаласының экожүйесі де жақсара түседі. Бұл – өзіндік ерекшелігі бар жоба. Өйткені, жыл сайын көлдің жағасы тарылып, экологиялық қауіп туындаған болатын. Былтыр 34 шақырым ұзындыққа бөгет жасалынып, 261 млн. текше метр су көлге тасталды.

Түркістанда «Түркістан» туристік-рекреациялық орталығы жасанды көлінің де құрылысы жүріп жатыр. Қазір су келетін, су жіберетін  каналдар дайын.

Түркістанды түлетуге аудандар мен басқармалар да атсалысып жатыр. Қала 32 секторға бөлініп, оған бекітілген тиісті әкімдіктер мен басқармалар абаттандыру жұмыстарымен айналысып келеді.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ЕҢБЕК ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНДЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Түркістанда «Халық заңгері» ауқымды жалпыреспубликалық акциясы өтеді!

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.